Еліміздегі оқушылар алдағы уақытта аптасына бес күн ғана оқуы мүмкін
Еліміздегі оқушылар алдағы уақытта аптасына бес күн ғана оқуы мүмкін. Қазақстан Ұлттық білім академиясы балалар үшін сенбі күнін ресми демалыс ретінде жариялауды қарастырып жатыр,-деп жазады 31.kz.
Қазір оқушылардың бес күн ғана оқу мәселесімен Ұлттық білім академиясы айналысып жатыр. Өйткені, министрлікке ата-аналар тарапынан сабақ күндерін қысқарту туралы түскен өтініштер соңғы уақытта жиілеп кеткен. Мамандар зерттеу жүргізіп, оқушылардың сабақ кестесі мен жоспарын, басқа да ауыртпалықтарын тексеру үстінде. Нәтижесін жақын күндері білім министрлігіне ұсынамыз деп отыр. Айта кетерлігі, сабақты бес күнге қысқарту мәселесі тек бастауыш сыныптың оқушыларына ғана емес, жоғары сыныптарға да қатысты болуы мүмкін. Ал білім министрлігі бұл мәселе туралы әзірге ешқандай мәлімет таратқан жоқ.