Алматыда жас дарынды журналисты таңдау жүріп жатыр
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде
журналистика мамандығы бойынша дәстүрлі олимпиада өтуде. Олимпиадананың 1
кезеңінде студенттер журналистикаға кіріспе, шетел журналистикасы, журналистика
тарихы және тележурналистка пәндері бойынша тест тапсырмаларын орандады.
Білім
сайысының екінші күнінде қатысушы командалар «Елімнің тағдыры – менің тағдырым»
тақырыбында бейнерепортаж, «Қас қағым сәт» тақырыбы аясында фоторепортаж және
онлайн жазба бойынша өздерінің журналистік шеберліктерін танытуда.
Жалпы, байқауға биыл еліміздің әр өңірінен 11 команда қатысып,
өздерінің бақтарын сынап жатыр. Жас журналистердің талантын "Фотоөнер"
қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдіраймұлы, Т.Жүргенов ҚазҰӨА доценті,
тележурналист Ерлан Ахчалов, Алматы каналының директоры Әнуарбек Баримжанов, филология ғылымдарының кандидаты Сағатбек
Медеубек сарапқа салатын болады.
Жарысқа Демеушілік көрсеткен "Азаттық" радиосы
мен "Сұңқар" студенттер кәсіподағына алғысымыз шексіз.
Жыл сайынғы дәстүрлі олимпиаданың мақсаты – ең талантты
және бәсекеге қабілетті әмбебап журналистерді даярлау.
Ерболат Тұрсынқожа