kz ru
Ресми ақпараттық ғылыми-әдістемелік сайт

Тағылым

Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал
Басты жаңалық
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
http://edunews.kz/
Баннер 250х225

Соңғы мақалалар

Қазақ тілінің алғыры

 Бибігүл Кучибекова,  Тараз қаласы №42 орта  мектебінің...

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің...

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына...

Үздік педагог

Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Толығырақ

Білім және ғылым жаңалықтары

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген...

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі толық шешіледі
 ОҚО-да алдағы үш жылда апатты...

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы мамандықты тегін меңгереді
Оқуға түсе алмай қалған түлектер...

Күнтізбе

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Баннер 250х310
» » Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі

Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі

 
Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғаліміКочкарова Жулдыз Туртаевна,
география пәні мұғалімі
Сарыағаш ауданы №13 Қазақ ССР-інің 50-жылдығы атындағы жалпы орта мектебі
 

География пәнін оқытудағы   ақпараттық технологиялардың ролі
1.Географияны оқыту әдістемесі пәнінде техникалық оқыту құралдарын пайдалану
2.Географияда компьютерді қолдану әдістері
3.Географиялық бейнелер мен олармен жұмыс жасау әдістері
4.Географияны оқыту барысында кино мен теледидар мүмкіндіктерін  қолдану
5. Интерактивті тақта  дегеніміз не?

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында:  «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай – ақ он жетінші бағыттың үшінші тармақшасында «Он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет » деп атап көрсетілгендей бүгінгі  күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу–тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. 
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында  «Білім беру реформасы– Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр–бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге,  адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне   мұқият қарайтын дәуір. 
Білім беру үрдісін ақпараттандыру–жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту,  дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу–тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. 
Заманымызға сай қазіргі   қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық–коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында:  «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек»-деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі-бағдарламалық–техникалық кешен болып саналатын « Активті экран»  болып табылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы-оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Алдымен  жаңа  ақпараттық  технологияларға  көшпей  тұрып, оқу  тәрбие  үрдісінде  білім  беруді ақпараттандыру мүмкін  емес. Білім  берудегі жаңа  ақпараттық технология дегеніміз оқу мен оқу  тәрбие материалдарын үйретуге  арналған есептеуші  техника құралдарының оқу  үрдісіндегі ролі мен  орны, мұғалімдермен оқушылардың еңбегін жеңілдету, оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы  ғылыми білімнің жүйесі екені  белгілі.
Оқытудағы жаңа ақпаратты технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімін  табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу  үрдісін тиімді басқаруға  негізделген. Жаңа ақпараттық технологияның білім саласына енуі педагогтерге  оқытудың мазмұнын,әдістері мен ұйымдастыру түрлерін сапалы түрде өзгертуге мүмкіндік  береді. Жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктерін  пайдаланудың педагогикалық  сәйкестігін  ескеріп оқыту  үрдісіне  енгізу  сабақты  ұйымдастырудың  және оқыту  әдістерінің өзгеруіне  әкеледі. Сондықтан да жаңа ақпараттық технологиялар  келесі үш нұсқа  түрінде жүзеге  асырылуы  мүмкін.
•    Тереңдетілген  технология ретінде компьютерлік оқытуды жекелеген тақырып немесе тарау бойынша  қолдану;
•    Негізгі технология ретінде белгілі  бір бөлімді оқытқанда қолданылатын технологиялардың ең маңыздысы ретінде  қолдану;
•    Монотехнология ретінде барлық оқыту,оқытудың басқару үрдісі, яғни, диагностика, моноторинг компьютерді қолдануға негізделген. 
    Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудағы негізгі мақсаттарға мыналар кіреді:
•    Ақпаратпен жұмыс істеу іскерлігін қалыптастыру, коммуникативтік қабілетін дамыту;
•    Ақпараттық қоғамның жеке тұлғасын дайындау;
•    Берілетін оқу материалының көмегімен оқушы меңгере  алатын деңгейге дейін өсіру;
•    Зерттеу іскерлігін, тиімді шешімін қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру;
    Концептуальды ұстанымдар төмендегідей:
•    Оқыту–бұл баланың компьютермен қарым-қатынасы;
•    Компьютердің баланың жеке ерекшеліктеріне икемделе алуы;
•    Оқытудың диалог ретінде болуы;
•    Басқарылуы:мұғалімнің кез-келген уақытта оқу үрдісінде өзгерістер енгізе алуы;
•    Оқушы мен компьютердің өзара байланысы барлық түрде болуы: субьект-обьект, субьект-субьект, обьект-субект;
•    Жеке және топпен жұмыстардың үйлесуі;
•    Оқушының компьютермен байланыс кезіндегі психологиялық ахуалын демеу.
Компьютер оқу материалын беру мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Түсті, графиканы, мультимедианы, бейнетехниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану оқушыға психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар компьютер оқу мативін күшейтуге мүмкіндік береді.
Компьютермен жұмыс істей отырып, оқушыға кез-келген тапсырманы аяғына дейін орындау мүмкіндігіне ие болады. Компьютер барлық жауаптарды тексеруге мүмкіндік береді,ал көпшілік жағдайда ол қателерді көрсетіп қана қоймайды, оның типін анықтап,дер кезінде оның пайда болу себебін көрсетеді. Оқу үрдісін компьютер көмегімен басқару диапазоны өте кең,оқушының сұрақ қоя алу мүмкіндігінен оқыту стратегиясын,тапсырмалардың қиындық деңейін, көмек мөлшерін, кейбір жағдайда оқу материалын түсіндіру ретінде тыңдауға дейін. Компьютер оқушыда өз іс әрекетінің Рефлекциясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Ең алдымен, компьютер оқушыға өз іс әрекет нәтижесін көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді.
Білім мазмұнының негізгі ерекшелігі ақпарат көлемінің көп есе артуы мен компьютерлік  ақпараттық ортаның  болуы. Бүгінгі күні компьютерлік  ақпараттық ортаның құрамына: мәліметтер қоры, гипермәтін және мультимедия, имитациялық оқыту, электронды коммуникациялар желілері, экспертті жүйелер енеді.
Мәліметтер қоры дегеніміз-компьютерлік техниканы пайдаланып ақпаратты енгізу, жүйелеу, сақтау және беру болып табылады. Мәліметтер қоры құрамына әр түрлі статистикалық мәтіндік, графикалық ақпарат енеді. Мәліметтер қорында ақпаратты жүйелеу және іздеу үш негізгі тәсілмен жүзеге асырылады.
1. Иерархиялық мәліметтер–қорының классификациялық негізгі каталогтар мен рубрикаторлар, яғни иерархиялық типті ақпараттық іздеу тілдері болып  саналады.
2. Реляциялық мәліметтер қорының әрбір ақпарат бірлігіне белгілі бірқатар       атрибуттар меншіктеледі, және оны іздеу осы көрсеткіштердің біреуімен жүзеге асырылады.
3. Статистикалық мәліметтер қоры екі өлшемді кейде үш өлшемді, матрицаның көмегімен ұйымдастырылған сандық ақпаратты өңдеумен  айналысады. Статистикалық мәліметтер қорын басқаша электронды кестелер деп те атайды.   
Мәліметтер қоры оқытуда мұғалім мен оқушыға оқулықтар мен оқу құралдарының құрамына енбеген ақпаратты алуға арналады. Оқыту  үрдісіндегі ақпараттық технологияны пайдалану педагогикалық психологияның алдына бірқатар көкейкесті мәселелер қояды.
Студентке кәсіби білім беру жүйесінде болашақ маманның кәсіби дайындығын толық шығармашылық үрдіске жұмылдырылуы ең басты мәселе. Мұндай даярлық моральдық,психологиялық кәсіби әрі көркемсуреттік дайындықтарды және жеке тұлғаның, талапқа сай сол мамандықтың ерекшелігімен ғана жүзеге асады. Студенттерді компьютерлік графиканы кәсіби іс әрекеттерде,пайдалануға даярлау үрдісі күрделі ұйымдастырылатын нысан. Ғылыми әдебиеттерге жүгінсек, психологияның жаңа бағыттары екі негізгі теориялық бағытты көрсетеді: функционалды және жеке.
Дайындық алдында тұрған іс-әрекетке негізделеді, ал дайындау болашақ кәсіби іс-әрекетке тұлғаның ұзақ әрі қанық дайындалуы. Ұзақ дайындықтың құрылымына: 1/ Іс әрекетке дұрыс компьютерлік графиканы пайдалану; 2/ Іс-әрекеттің талаптарына, мінез-құлық, біліктілік, темперамент, мотивация, 3/ Керекті білім, білгірлік, жұмыс істей білу қабілеті; 4/ Қабылдау мен беру, ойлау мен эмоциялық тұрақты кәсіби ерекшелік жатады. Осы көрсетілген жолдар студентті компьютерлік графиканы кәсіби іс-әрекеттерге пайдалануға даярлау мақсатында белгіленген бөліктер.
Компьютерлік графиканы шығармашылық үрдісте пайдалануға даярлау түсінігі студент өзінің іс-әрекетін құруда жаңа технологияны пайдалану арқылы толықтырады, сондай-ақ шығармашылық ойлау қабілетін, түрлі күрделі операцияларды орындауын, жаңаша  ойлау сияқты қабілеттерін толықтыра түседі.


 

Мерзімі:
Просмотров: 5 451
Ұқсас мақалалар:
Білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану.

Білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану.


 А.К.Джумабаева Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Пеагогика және психология» магистрант        ...
Білімді жас - ел ертеңі

Білімді жас - ел ертеңі

2016 жылғы қаңтар айының 5-і мен 6-ы аралығында Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде 15 пән бойынша жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында облыстық пән олимпиадасы өткізілді, деп хабарлайды Білім және ғылым...
Мұғалімдер даярлау мен оларды жұмысқа қабылдау талаптары қатайтылады - БҒМ

Мұғалімдер даярлау мен оларды жұмысқа қабылдау талаптары қатайтылады - БҒМ

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды. Құжат Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындауға...

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Қоғамдағы әлеуметтік — экономикалық өзгерістер білімді, алған білімін практикада...
Мектептерде жаңа пәндер енгізіледі

Мектептерде жаңа пәндер енгізіледі

Елімізде орта білім мазмұнын жаңарту көзделіп отыр, оған сәйкес мектептерде жаңа пәндер енгізіледі...
Пікір: 0
Пікір қосу