kz ru
Ресми ақпараттық ғылыми-әдістемелік сайт

Тағылым

Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал
Басты жаңалық
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
http://edunews.kz/
Баннер 250х225

Соңғы мақалалар

Қазақ тілінің алғыры

 Бибігүл Кучибекова,  Тараз қаласы №42 орта  мектебінің...

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің...

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына...

Үздік педагог

Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Толығырақ

Білім және ғылым жаңалықтары

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген...

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі толық шешіледі
 ОҚО-да алдағы үш жылда апатты...

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы мамандықты тегін меңгереді
Оқуға түсе алмай қалған түлектер...

Күнтізбе

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Баннер 250х310
» » МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Қоғамдағы әлеуметтік — экономикалық өзгерістер білімді, алған білімін практикада қолдана  білетін, жан-жақты нарық заңдылықтарына бейімделген қоғам мүшесін талап етеді. Білімнің алғашқы сатысы мектепте қалыптасатындықтан, келешек ұрпақты өмірге және еңбекке толық қанды даярлау, оның бойындағы табиғи  және адами жақсы қасиеттерінің көзін ашып, шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу, сонымен қатар өмірдің қай сатысына болмасын еркін және дәлме-дәл жауапкершілікпен қызмет жасауға дайын, әртүрлі жағдайда жинақы болуға тәрбиелеуде  мұғалімнің рөлі зор. 
      Жаңа формация мұғалімі — рухани  дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлға қалыптастырып дамыту үшін  жауапты» — деп, ұрпақ тәрбиесінде жаңа формация ұстаздарының қызметіне ерекше талап қойып отыр. 
     Егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге арналған мемлекеттік білім берудің индустриялық — инновациялық саясаты аясында: 
білім берудің барлық сатылары мен деңгейлерінде халықтың сапалы  білім алуға қол жеткізуі қамтамасыз етілгеніне; 
жаңа оқыту технологиясын әзірлеу және енгізу саласында жаңа үрдістердің орын алғанына; 
жаңа буын оқулықтарының өмірге енгеніне; 
12 жылдық білім беруге көшуге дайындау жұмыстарының жүргізіліп жатқанына  куә болып отырмыз. 
    Білім алушылардың дүниетанымын  кеңейтіп, істеген ісіне тұжырым жасап қорытындыға келу, ойлау көкжиектерін кеңейтіп, ой еркіндігіне жол ашатын пәндердің бірі — математика. Техника қарқындап дамып, күнде өзгеріп отырған қазіргі кезде жеке  тұлғаны қалыптастырып дамытуда, оған жан-жақты терең білім беруде математика пәнін оқытуға ерекше қарау керектігіне бүкіл дүние жүзі көңіл бөлуде. Оның нәтижесі болатынын физика-математика  мектеп оқушыларының жетістіктері мен білім деңгейі көрсетіп отыр. 
 Осы мақсатта математиканы оқытуда  инновациялық,  педагогикалық, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, әр баланы өзінің қабілетіне, ыңғайына, бейімділігіне  қарай оқыту, тәрбиелеу   өмір талабынан туындайтын үрдіс. 
   Келер ұрпаққа қазіргі уақытта тәрбие мен білім беруде болашақ математика мұғалімдерінің инновациялық іс — әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау -олардың кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтің  жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс — әрекеттің нәтижесі болып табылады. 
Осы тұрғыда  «Жоғары білім саласы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі жоғары оқу орындары әлемнің жетекші университеттерінің рейтингіне енуге ұмтылулары керек» — деген болатын  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген ХХІ  ғасырда  жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру жоғары мектептің басты міндеті болып саналады. Демек, білім сапасын арттыру, ұлттық тәрбиені жетілдіру, ақпарттық-инновациялық  технологияларды  ендіру, әлемнің алдыңғы  қатарлы жетекші университеттерімен белсенді ынтымақтастық орнату, оқытушылар мен білімгерлердің бірлескен жемісті  оқу және оқыту  қызметін ұйымдастыру, қос дипломды білім беруге ену арқылы жоғары деңгейдегі бәсекеге  қабілетті маман — ұстаздар  дайындауымыз қажет. 
    Жоғары мектептердің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі -жеткілікті деңгейде кәсіби білімі, кұзырлықтары мен танымдық іс — әрекеті қалыптасқан, логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттері дамыған,  жоғары кәсіби білікті мамандар даярлау болып табылады. Олай дейтін себебіміз, қоғам дамуына жаңаша икемделуде  бүгінгі мектеп мұғалімінің алдында жан-жақты дамыған, терең білім негіздерін қалыптастырған ақпараттық қоғамда өмір сүруге бейім жеке тұлғаларды тәрбиелеп шығару талабы тұр.  Жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын пәндер ішінен оқушының танымдық, шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамытуда математика пәні жетекші орын алады.    
    Сондықтан  математика пәнінен білім негіздерін беретін педагог мамандар даярлау жүйесінде  мұғалімдерді даярлау ерекше назар аударуды талап етеді 
 Жаңа экономикалық және әлеуметтік — мәдени жағдайларға сәйкес Қазақстанда жоғары білімді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан шаралар  мамандар даярлау сапасын арттыруды, қарқынды ғылыми — зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамытуды,  жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысын орнатуды, білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіруді, бірыңғай ақпараттық білім ортасын қалыптастыруды, білім беру процесін оқу — әдістемелік және ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етуді көздейді. Бұл деген дәстүрлі оқыту мен қазіргі педагогикалық оқыту технологиялар бірінен ажыратып алу деген сөз емес. Олардың    әрқайсысына    өзара    ерекшеліктерімен     қатар    бірін — бірі     өзара байланыстыратын  ортақ сипаттары  да бар: дәстүрлі технологиялар бірнеше жылдар бойы тәжірибеде сыналып, өзінің нәтижелігін дәлелдегенін, сондықтан оларды бүгінде ысырып тастауға болмайды, ал инновациялық технологиялардың уақыт ағымына байланысты пайда болып, бүгінгі күннің сұранысына жауап береді, сондықтан оларды оқу үрдісінде пайдалануымыз керек. 
     Инновациялық, педагогикалық технологиялар кез келген пәнді оқыту барысында болашақ мұғалімдердің ой — өрісін кеңейтіп, кәсіби даярлық деңгейін көтеріп, шығармашылықпен жұмыс істеуге, жаңашыл тәжірибелер мен әдістемелерді кеңінен пайдалануға және оқушылардың білім беруді жаңашылдық тұрғысынан жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осы орайда төменгі міндеттерді шешуді қарастыруымыз керек: 
технологияның білім беру мақсатына қол жеткізу үшін атқаратын қызметін анықтау; 
оқушыларға тән тұлғалық сапаларға,  нақты  пәнге,  оның мақсаты  мен мазмұнына сәйкестігін есепке алу; 
технологиялардың ерекшеліктерін,  мазмұнын, пайдалану жолдары мен іске асыру шарттарын жетік меңгеру; 
технологиялардың өзара байланысын игеру; 
Қазіргі таңдағы  басшылыққа алып отырған білім беруді дамыту жөніндегі  заңдылықтарға, Елбасының халыққа арнаған жолдауына орай білім сапасын жаңарту мақсатында оқытудың кредиттік технологиясын ендіру, білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды  тиімді пайдалану, халықаралық — ынтымақтастықты  кеңейту, ғылыми зерттеулер нәтижесін қолданысқа  енгізу сияқты іс-шаралар күнделікті жүйелі түрде  іске асуда. Білімгерлерді кәсіби шеберлікке баулу мақсатында оқу үрдісінде инновациялық педагогикалық технологиялармен таныстыру үшін «Білім беруді ақпараттандыру», «Математикадан білім берудің инновациялық технологиялары» пәндері  таңдау компоненті ретінде енгізіліп оқытылуда. Оқу процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу ісі де, математикамен тығыз байланыста өткізіледі, сондықтан математик мұғалімдер компьютерлік техниканы меңгеріп қана қоймай, оны өз пәндерінде кеңінен қолдана білу біліктілігін меңгеруі тиіс. Осы мақсатта оқу үрдісін компьютерлік кабинеттермен, интерактивті тақталармен  қамтамасыз етіп, оқу — әдістемелік құралдардың сапасын жақсартып, дәріс, практикалық сабақтарда үнемі жаңа  педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланып өткізу қолға алынып отыр. 
Болашақ математика мұғалімін қалыптастыру үш бағытта жүзеге асырылады: теориялық-әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық, ұйымдастырушылық-әдіснамалық. 
   Мұнда ұстаздар білім беру мен тәрбиелеу жүйесінде педагогикалық-психологиялық, физиологиялық, т.б. ғылымдардың жаңалықтарының нәтижесін және әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алады. А. Байтұрсынов «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деген. Мектеп ұстаздарының шеберлігі, білімдегі жаңашылдығы  білімгердің болашақта өз өмір жолдарын ертерек таңдай , кәсіби бағытын қиналмай анықтай алатындай, нарықтық өмірге белсенді араласатындай  болып ұйымдастырылуы тиіс. Яғни, мектеп ұстаздарының, ата-аналарының көмегімен білімгердің кәсіби бағдары тәрбиеленеді. Саналы түрде таңдалған мамандық білімгердің болашақ өміріне әсер етеді. Кәсіп- әрбір жеке адам сапасы. Оны өз мәнінде таңдау жеке тұлғаның болашақта қоғамға қажет маман болуына жағдай жасайды. Осы ретте ұлы ақын Абай атамыздың: «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген сөздері  философиялық өміршеңдігімен ойға оралады. 
Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық-инновациялық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі: 
оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді; 
нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады; 
 материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады. 
Болашақ мұғалімдерді кәсіби шыңдауда  жаңа педагогикалық технологияларды қолдана отырып төмендегідей қағидаларды есте сақтаған жөн: 
мұғалім пәнді өзі жетік терең біліп, оны білімгелерге жай, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып беруі қажет; 
мұғалім білімгелердің жеке басының психологиясын (жан дүниесін) жете біліп, әр жеке тұлғаның жүрегіне жол таба білуі қажет; 
мұғалім әр білімгелерге , бүкіл сыныпқа талап қоя білуі керек; 
мұғалім әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі керек; 
мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап, жеке блоктар түрінде топтай білуі керек; 
балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жаңа сабақты тірек конспектілері мен жеке тірек белгілері бойынша беру; 
сабақта балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі қызықты элементтерді пайдалану; 
әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет. 
Білім беру саласында атқарылып жатқан игі істермен қатар түбегейлі 
шешімін күтіп жатқан проблемалар да көп. Оның бірсыпырасы алда шешімін табар деп үміттенеміз. Дана бабамыз Ж.Баласағұн: «Елдің өзегі білік, кілті — тіл, қадір қасиеті — кісілік» деген екен. 
 Ойлап отырсақ, осы тұжырымдар тұтастай дерлік жастардың санасына, өн бойына сапалы біліммен, өрешіл рухты сіңіретін, әлемдік өркениет асуында, ел тәуелсіз туын берік ұстауға мұқалмайтындай жастарды тәрбиелейтін  мамандар дайындап отырған біздерге, педагогтарға арнап айтқандай сезіледі. 
  
Агида Канатбаева,
№2 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі,
Т.Рысқұлов ауданы, Жамбыл облысы

Мерзімі:
Просмотров: 5 161
Ұқсас мақалалар:

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа жетелеу.

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке Көтерер білімді, білікті, адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет. "Біз тұрғызатын...
Қарағандылық студенттер баламалы энергия көзіне қол жеткізді

Қарағандылық студенттер баламалы энергия көзіне қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінің студенттері мен оқытушылары күн электр станциясы арқылы баламалы энергия көзіне қол жеткізді, деп жазады 24.kz....
Павлодар облысында техникалық және кәсіптік ұйымдарында студенттер тегін оқытуға ауыстырылды

Павлодар облысында техникалық және кәсіптік ұйымдарында студенттер тегін оқытуға ауыстырылды

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев мәлім етті....
Жамбыл облысында жекеменшік балабақшаларда 3513 бүлдіршін тәрбиеленуде

Жамбыл облысында жекеменшік балабақшаларда 3513 бүлдіршін тәрбиеленуде

Бүгінгі күні Жамбыл облысында 425 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде (258 балабақша, 167 шағын орталық) 45399 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесі 1-6 жас аралығында 53,3%-ды, 3-6 жас аралығында 75,0%-ды...
Жамбылдық ұстаз «Алтын диск» байқауында жүлдегер атанды

Жамбылдық ұстаз «Алтын диск» байқауында жүлдегер атанды

«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің...
Пікір: 0
Пікір қосу