Мектептерде жаңа пәндер енгізіледі
Елімізде орта білім мазмұнын жаңарту көзделіп отыр, оған сәйкес мектептерде жаңа пәндер енгізіледі. Бұл туралы бүгін «Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялар және құзыреттілік тәсіл - мектеп табысының кілті» атты білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз педагогикалық кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.
«Жаңа пәндер енгiзiледi. Бастауыш сыныптарға үшiншi сыныптардан бастап «Жаратылыстану», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәндерi енгiзiледi және «Әлемтану» пәнi жаңа мазмұнмен толығады. «Жаратылыстану» пәнi жоғарғы сыныптарда өтетiн «биология», «физика» сияқты пәндердiң кiрiспе курсы ретiнде оқытылады. Ал, «Әлемтану» қоғамдық-гуманитарлық пәндер үшiн ортақ база болмақ», - деп хабарлады А.Сәрінжіпов.
Ал ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәнi компьютер мен жаңа технологияларды игерудiң бағыты ретiнде оқытылады. Министр атап өткендей, үшiншi сынып оқушылары қарапайым дағдыларды үйренiп, кесте, диаграмма құруды үйренедi.
«Жалпы орта мектептерде 5-6 сынып кезiнде оқытылатын жаратылыстану ғылымына кiрiспе ретiнде бастауыш сыныптардың пәндерi енгiзiледi. Осылайша, 5-сыныпта оқытылатын жаратылыстану пәндерi мен 7-8 сыныпта кiретiн биология, химия пәндерiнiң арасындағы айырмашылықты азайтамыз. Яғни, мектептердегi жаратылыстану-ғылыми бағыт үздiксiз оқытылмақ. Кез келген елдiң тарихы бүкiл әлемнiң дамуымен байланысты болады, сондықтан, «Қазақстан тарихы» пәнi бұрынғыдай алтыншы сыныптан емес, бесiншi сыныптан бастап, яғни, әлем тарихы пәнiмен қатар оқытылатын болады», - деді А.Сәрінжіпов.
Министр хабарлағандай, жоғарғы сыныптарда мiндеттi пәндердiң саны азайтылып, тереңдетiлiп оқытылатын үш және стандартты төрт мiндеттi пән оқытылатын болады.
«Жаратылыстану-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағытындағы мектептерде осы мiндеттi пәндер жеке-жеке тәсiлмен оқытылады. Оқушы таңдайтын пәндер де тереңдетiлген және стандартты бағыттарға бөлiнбек. Сонымен қатар, «Жаһандық перспектива және жобалау қызметi» деген пән енгiземiз»,- деп толықтырды министр.
Айта кетейік, жаңартылған орта білім мазмұнына 2020 жылға дейін кезең-кезеңімен көшу көзделіп отыр.