kz ru
Ресми ақпараттық ғылыми-әдістемелік сайт

Тағылым

Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал
Басты жаңалық
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
http://edunews.kz/
Баннер 250х225

Соңғы мақалалар

Қазақ тілінің алғыры

 Бибігүл Кучибекова,  Тараз қаласы №42 орта  мектебінің...

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің...

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына...

Үздік педагог

Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Толығырақ

Білім және ғылым жаңалықтары

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген...

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі толық шешіледі
 ОҚО-да алдағы үш жылда апатты...

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы мамандықты тегін меңгереді
Оқуға түсе алмай қалған түлектер...

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Баннер 250х310
» » Өркениетті ұрпақ тәрбиелеу отбасынан және балабақшадан басталады

Өркениетті ұрпақ тәрбиелеу отбасынан және балабақшадан басталады

Өркениетті ұрпақ тәрбиелеу отбасынан  және балабақшадан басталады  Гауһар Күзенбаева, 
Тараз қаласы, №30 «Назерке»
 балабақшасының меңгерушісі 
 
Өркениетті ұрпақ тәрбиелеу отбасынан  және балабақшадан басталады
 
 
«Адамгершілікке тәрбиелеу құралы -
еңбек пен ата-ана үлгісі»
Ы.Алтынсарин
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әр түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету міндеттерін шешу көзделген. 
Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық,  парасаттылық, Отансүйгіштік қасиеттер болуы керек. Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие беруде ар – ұят, адалдық, руханият, ізгілік мәселелерін қатар қоюмыз керек.
Қазіргі таңда «Халықтық тәрбие тағылымын игерген, рухани бай, өрісі жоғары, білімді, ел болашағын ойлайтын тұлға қалыптастыру» өте маңызды. Педагогикалық ұжым білім берумен қатар тәрбиеге ерекше көңіл бөлу қажет. Жас ұрпақты тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар, сол мол тәжірибені пайдалануға тырысып, ең бірінші жаны таза, адамгершілігі мол, парасатты халқына пайдасын тигізетін адам тәрбиелеуді мақсат етуіміз керек. Себебі, ұлы бабамыз Әл Фараби: «Тәрбиесіз қолға білім салма» - деген екен.
Ал, ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы «Біз әрқашан да білімге ұмтыламыз. Негізінде ең бірінші тәлімге ұмтылуымыз керек. Бізге тәлімді рух, тәрбиелі білім қажет. Тәрбиелі, білімдар.. Міне адам! Міне тұлға!» деп  білімнен бұрын тәрбиеге көңіл аудару керектігін, тәрбиесіз адамға берілген білімнен еш пайда жоқтығын баса көрсеткен. Ең алдымен таза жанды, иманды, арлы, намысты, ұлты мен ұлттық құндылықтарды сүйетін тұлға тәрбиелеуге ұмтылуымыз қажет.
Жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс - әрекетіне мақсат қоюға жоспарлауға, өзіне өзі талап қоя білуге  тәрбиелеу – адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты.
Елбасымыз – Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған жолдауында; «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының Отаншылдық сезімі мен өз еліне  деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі» деген сөзін басшылыққа ала отырып, «Менің Отаным – Қазақстан» деп ойлайтын әрбір азамат ұлттық тәрбие жұмысын жүргізуі міндетті. 
Тәрбие бағдарламасының аясында мекемемізде баланың танымдық қабілетін, ой-өрісін дамытуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылып, жоспарлы түрде атқарылуда. Бала құқығын қорғау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, патриоттық тәрбие, ұлттық тәрбие, рухани адамгершілік тәрбиесі – біздің ұжым қызметкерлерінің ықпалымен жүзеге асырылып жатыр. 
 Әл Фараби: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», деген дана бабамыз. Ұлттық тәрбие отбасынан бастау алып, мейірімділік пен инабаттылық ана тілімен бала бойына даритыны белгілі. Ата – анамен тығыз байланыс жасау балалардың өнегелі, тәлімді тәрбие және сапалы білім алуына мүмкін берері сөзсіз. Ата-аналарға дұрыс бағыт – бағдар бергенде ғана мектепке дейінгі тәрбие  сапасы жоғары болмақ.
Отбасындағы тәрбие – балаға берілген тәрбиенің түп қазығы. Олай болса еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың бойына саналы тәрбиені сіңіру үшін бәріміз жұмыла, етене араласып, жұмыс жасауымыз керек. Балабақшаның ата-аналармен жұмысын ұйымдастыру әртүрлі болады. Мысалы: ата-аналармен танысу сауалнама арқылы жүргізіледі. Онда әр түрлі сұрақтар қойылады. Мысалы: Сіз өз балаңызды жақсы білесіз бе? Бала тәрбиесінде қандай әдіс тәсілдерге сүйенесіз?
Ата – аналарды ынталандыру әдістері қолданылады. Бүгінгі күні балабақшаның оқу-тәрбие үрдісіне белсенді қатысушы ата – аналарды марапаттау әдісі қолданылады. Әрбір ұйымдастырылған дәстүрлі мерекелердің қарсаңында белсенді ата-аналарымыз марапатталып, оларға алғыс жарияланады.
Отбасы – тәрбие бастауы, баланың жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Әке мен шеше – баланың алғашқы тәрбиешілері. Әрбір ұстаз ата-аналармен қарым – қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс атқарса, ата-ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.
Адамгершілік күнделікті қарым-қатынасқа қатысты ізгілік ұстанымдарын бейнелейтін моральдық қасиет.  Адамның рухани кемелдігі, халықтың да кемелдігі болып табылады. Тәннің кемелдігі – денсаулық, ал жанның кемелдігі – ар ұждан мен білімділік, парасаттылық пен тәрбиелік. Тәрбиенің жоғары тиімділігіне қол жеткізу отбасымен тұрақты және тікелей байланыс жасау негізінде жүзеге асырылады. Өйткені тәрбиені педагог өзі жұмыс істейтін педагогикалық ұжымына жан-жақты сүйенгенде ғана қол жететінін өмірдің өзі дәлелдеуде. 
Бүгінгі таңда біздің балабақшада ата-аналардың педагогикалық білімін көтерудің жүйесі олардың өз бетімен білімін көтеруіне және олармен   жүргізілетін жекеленген, топтасқан, ұжымдық жұмыс түрлеріне, ата-аналардың тәрбие ісіндегі талаптарына құрметпен қарауға отбасы тәрбиесіндегі тәжірбиесіне сүйеніп негізделеді. Ата – аналардың жиналыстары, кеңестер, дөңгелек үстелдер арқылы жүзеге асырылады.
 «Адам бір жылын ойласа, дән себеді. Бар ғұмырын ойласа, ағаш отырғызады, ал ғасырлық болашағын ойласа, ұрпақ тәрбиелейді» - деген даналар сөзі бекер айтылмаған болар. 
Отбасында баланы қалай тәрбиелеу керек? Бала ата-ананың қолындағы аманат. Олардың жүректері пәк, таза, гауһардай құнды. Бала жас шыбықтай иілгіш келеді. Кез келген пішінге салуға болады. Құнарлы топыраққа ұқсайды. Құнарлы топыраққа не ексең, соның жемісін аласың. Сондықтан бала неге бейімделетін болса, сол бойынша бағыт алады, солай өседі. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. 
Бүкіл жамандықтардың   басы – жаман дос. Жаман дос баланың дөрекі, өтірікші, ұрлықшы және әдепсіз болуына себепші болады. Мұндай жаман мінездерге ұрынғандар ұзақ жылдар бойы бұл жаман мінезінен арыла алмайда. 
Баладан жақсы қасиеттер, жақсы әрекеттер көрген кезде оны мақтау керек, марапаттау керек. «Менің ұлым сөйтті, менің қызым көмектесті» деген секілді сөздермен жақсылыққа ынталандыру қажет. Өрескел іс-әрекеттер істесе немесе бір жаман сөз сөйлесе, бірнеше рет көрмегендей сыңай таныту керек.  «Олай істеме» демеу керек, жазғырмау керек. Жиі – жиі жазғырылатын бала батылданып, жасырын істеп жүрген теріс қылықтарын ашық түрде көрсете бастайды. Істеген жаман істерінің зиянын өзіне жұмсақ тілмен түсіндіру керек. Әке өзінің әке екендігін, үстемдігін білдіру керек.  Анасы баласын әкесімен қорқыту керек. 
Бала жалықпауы үшін күнде бір мезгіл ойнауына рұқсат беру керек. Жалығудан және ренжуден жаман мінездер пайда болады және адамның көңілі жүдейді. Баланың ешкімнен ақша сұрауына  рұқсат бермеу керек. Көп сөйлемеуді, үлкендерге құрмет көрсетуді үйрету керек. Жақсы адамдардың жақсылықтарын айтып, солардай болуға тырысу керектігін және жаман адамдардың жамандықтарын айтып, ондай болмау керектігін үйреткен дұрыс.
Баланың әр қалаған нәрсесін алып беру және сәнді, салтанатты өмір сүруін қамтамасыз ету дұрыс емес. Өйткені бала өскенде де әр қалағанына қол жеткізе алатынын ойлап, оған ұмтыла беретін болады, ал бұл жүзеге аспай қалған кезде өмірге ренжіп, қиялдары қирап, ешкімді тыңдамайтын құлақсыз қырсыққа айналады. 
Әке үнемі қатал болмауы тиіс, көп еркелетпегені де жөн. Сөйлегенде айбаттылығын сақтауы керек. Балаға әкесінің байлығымен, лауазымымен мақтанбауын ескерту керек. Қарапайым және сыпайы болуды үйреткен жөн. Өзгеден  бір нәрсе алудың масқаралық екенін, берген қолдың алған қолдан үстем болатындығын ескерткен дұрыс. Сараңдықтың жаман мінез екендігін үйрету артық емес. 
Баланы көп сөйлеуден қайтару керек. Көп сөздің ұятсыздыққа жол ашатынын, мылжыңдықтың жаман қасиет екендігін айту керек. Бала ертелі кеш сөйлеуді бәрібір үйренеді. Мақсат - оған  қажет кезінде үндемеуді және үлкендердің сөзіне құлақ асуды үйрету.   
         Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жастайынан имандылық пен сауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек сонда ғана біз рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» - деген сөзін басшылыққа алған біздің балабақша ұжымы бүгінгі таңда білім мен тәрбие жұмысын дамыту, өркендету барысында жұмыс жасап келеді.
         Тәрбие өмірдің өзі сияқты күрделі де көп қырлы. Барлық тәрбиенің өзегі – адамгершілік тәрбиесі, ол жалғыз әрекет етпейді. Адамгершілік сапалар мен адамзат құндылықтарын қалыптастырады.
         Баланы адамгершілікке, ұлттық құндылықтарға тәрбиелеуде мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие бағытындағы  жұмыстар жүйелі жоспарланып жүргізілсе бала тәрбиесіне қосқан үлесіміз де зор болмақ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мерзімі:
Просмотров: 3 345
Ұқсас мақалалар:
2016 жылдың наурызына дейін елімізде білім мен ғылымды дамытудың жаңа бағдарламасы қабылданады

2016 жылдың наурызына дейін елімізде білім мен ғылымды дамытудың жаңа бағдарламасы қабылданады

2016 жылдың наурызына дейін елімізде білім жәнеғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы қабылданатын болады,-деп жазады ҚазАқпарат. ...
Министр Аслан Сәрінжіпов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа отандық білім берудің дамуы туралы баяндады

Министр Аслан Сәрінжіпов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа отандық білім берудің дамуы туралы баяндады

Кездесу барысында А.Сәрінжіпов Мемлекет басшысына білім беру жүйесінің дамуы және жаңа оқу жылына орай жүргізілген дайындық жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі....
Мұғалімдер даярлау мен оларды жұмысқа қабылдау талаптары қатайтылады - БҒМ

Мұғалімдер даярлау мен оларды жұмысқа қабылдау талаптары қатайтылады - БҒМ

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды. Құжат Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындауға...

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Қоғамдағы әлеуметтік — экономикалық өзгерістер білімді, алған білімін практикада...
Жамбыл облысында жекеменшік балабақшаларда 3513 бүлдіршін тәрбиеленуде

Жамбыл облысында жекеменшік балабақшаларда 3513 бүлдіршін тәрбиеленуде

Бүгінгі күні Жамбыл облысында 425 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде (258 балабақша, 167 шағын орталық) 45399 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесі 1-6 жас аралығында 53,3%-ды, 3-6 жас аралығында 75,0%-ды...
Пікір: 0
Пікір қосу