Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
Асхат Тарғын қырғыз жігітінің бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалғанын жеткізді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бірнеше күннен бері қытайлардың қазақ қыздарына құда тұсу мәселесі төңірегіндегі дау толастар емес. Осыған орай, тіпті қазақ қыздарын ҚР азаматтығынан айыру мәселесі де қаралды. Ал әнші Асхат Тарғын қазақ қыздарын намысты болуға шақырды. Ол Гүлсара шалқардың туындысын бөлісті.
Аталған туындыда қырғыз жігіті қазақ қызына ғашық болады. Бойжеткен өз кезегінде қазақ жігітін бәрінен артық көретінін айтады. "Әрбір қазақ қызы осындай намысты болсын! Бір Қырғыздың жігіті қазақ қызына ғашық болыпты. Сонда қазақ қызының айтқан сөзі:
Жақсы қызды жар еткіңіз келеді.
Еліңізге келін болман, себебі:
Том-тарихты ақтарғанда болашақ
Қазақ болып қалу керек дерегім.
Бастарында болғаннан соң «бостандық»,
Қаншама қыз «өзге» жастық жастанды.
Ел болмайтын «жиендерді» көбейтіп,
Қазағыма жасамаймын қастандық …
Зор білекті батыр тусам, қайтемін?
Жар астында жасырынған жау болар.
Дүр жүректі хакім тусам, қайтемін?
Ел арасын алшақтатар дау болар.
Өте білгір әкім тусам, қайтемін?
Қарашадан дара шығып хан болар.
Өткір тілді ақын тусам, қайтемін?
Тамырыма тартып текті жан болар.
Жез таңдайлы әнші тусам, қайтемін?
Өнер шіркін өзге ұлтқа жолданар.
Шеберленген күйші тусам, қайтемін?
Сатқындықтың сорақысы сол болар.
Ұрпағымды сүйгенмен,
Ұлтым үшін күйгенде,
Белгілі ғой жұлдызымның жанбасы.
Әйел-ердің қабырғасы білгенге,
Бір қазағым «қабырғасыз» қалмасын.
Үрдің қызы күтіп жүр-ау сізді де «Қабырғаңыз» болғасын.
Достық туын желбіретсек…
Достық сөзі сүйерім! (Адал дос деп сізге басты иемін).
Өзге ұлтта алынбаған өшім жоқ,
Өз ұлтымды "өзгешелеу” сүйемін.
Сондықтан да, қазақ болсын күйеуім!”
Аталған туынды әншіге ғана емес, көптеген желі қолданушысына ұнады. Олар да өз кезектерінде қазақтың қыздарын намысты болуға шақырды. Мұнымен қатар, әркімнің таңдауы өз еркінде екенін айтқандар да болды. "Өлең керемет! Бірақ қытаймен танысқалы жүрген қыздар оқыса да, миларына жетпей қалады-ау”, "Керемет! Авторға рахмет”, "Керемет! Бірақ әр адамның тағдыры әртүрлі. Бұл – факт”, "Өте жақсы жазылған”, "Текті қыздың жауабы екен” деп жазады желі қолданушылары.