kz ru
Ресми ақпараттық ғылыми-әдістемелік сайт

Тағылым

Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал
Басты жаңалық
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
http://edunews.kz/
Баннер 250х225

Соңғы мақалалар

Қазақ тілінің алғыры

 Бибігүл Кучибекова,  Тараз қаласы №42 орта  мектебінің...

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің...

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына...

Үздік педагог

Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Толығырақ

Білім және ғылым жаңалықтары

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген...

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі толық шешіледі
 ОҚО-да алдағы үш жылда апатты...

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы мамандықты тегін меңгереді
Оқуға түсе алмай қалған түлектер...

Күнтізбе

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Баннер 250х310
» » Табиғат оянды, көктем келді

Табиғат оянды, көктем келді

Павлодар облысы, Ақсу қаласы.

 

Д.С. Сапаргалиева, «Балапан» бақшасының 2 санаты тәрбиешісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Табиғат оянды, көктем келді

Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»

Бөлімдері: Тіл дамыту. Жапсыру.

Мақсаты:Балаларға көктем туралы түсініктерін қалыптастыру.

Білімділік мақсаты: Балалардың білім-біліктілігін, танымдылығын, көктем мезгілінің ерекшеліктерін есте сақтап, әңгімелеп айтуға үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Балалардың сөздік қорын, ақыл-ойын, сөйлеу мәдениеттілігін және қоршаған ортаны танып білуге деген білімін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Табиғаттың сұлулығын бағалай білуге, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдістер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын, жұмбақтар.

Сөздік жұмыс: : Жылға, бәйшешек, бау-бақша, түкті кілем.

Билингвалдық компонент: Көктем- spring, құстар- birds.

Керекті құрал: Ноутбук, аудио жазба, тірек-сызба, көктем мезгілінің суреттері, доп, түрлі-түсті күлтешелері бар гүл, қоңырау, жұлдызшалар.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

1.Мотвациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Ерте тұрып күнде мен

Терезені ашамын.

Сәлем берем күнге мен

Шаттық әнге басамын

Қайырлы таң анашым

Қайырлы таң әкешім

Сәлем, сәлем достарым!

Сәлем, сәлем қонақтар!

 

- Қазір қандай жыл мезгілі?

-Көктемнің нешінші айы?

 

Мен сендерге жыл мезгілдерітуралы ертегі айтып берейін. Әлемде төрт жыл мезгілі өмір сүріпті.

 

- Кім жыл мезгілдерін атап береді?

 

Олар тату-тәтті өмір сүріпті. Бір күні қыс өзін ең бастысымын деп, көктемге орын бергісі келмепті. Сонда қардың астында гүлдер солып қалыпты, құстар ән салуды тоқтатты. Адамдар жылыну үшін пеш жағудан шаршады. Ал сұлу көктем: - Уайымдамаңдар! Менде суықты жеңетін керемет бар. Ол суықты жеңуге көмектеседі.

(Жанып тұрған оттың, шамның, күннің суреті көрсетіледі)

- Қалай ойлайсыңдар, көктемге не көмектесе алады?

(Топқа күн кіреді, амандасады)

Балалар, бізге күн көктемнен сәлемдеме әкеліпті. Ол мына әдемі гүлді беріп жіберіпті. Бұл жәй гүл емес, тапсырмасы бар гүл.

Біздің балалар тек ақылды ғана емес, өнерлі де! Біз көктемге сыйлық жасап береміз. Гүлдеп тұрған ағаш бұтағын. Ол үшін екі орталыққа бөлінеміз. «Шығармашылық» орталыққа «Жауқазын» тобы барады. Ал «Қатынас» орталықта «Бәйшешек» тобы қалады.

(Қоңырау соғылады.Балалар екі орталыққа бөлінеді)

Шаттық шеңберге

тұрады

 

 

 

Жыл мезгілдерін атайды.

Бірінші айы – Наурыз.

 

 

 

 

 

Жаз, Күз, Қыс, Көктем.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көктемге көмекке күн келеді.

 

 

 

 

 

 

 

«Жауқазын» тобы умаждау тәсілін қолданып, ағаш бұтағын жасайды.

2.Ұйымдастырушы-

ізденістік

1-тапсырма

Ноутбуктың экранына қарап көктемнің ерекшеліктерін атау.

 

 

 

2-тапсырма

Ойын: «Салыстыр және ата»

Допты лақтырып сөйлемнің басын айту

- Күн сары...

- Күн домалақ...

- Күн мейірімді...

.....

3-тапсырма

Ойын: «Жанды сөздер»

Балалар, сендер бір сәт бала емес сөздер боласыңдар. Мен бір сөйлем айтамын:

«Көктемде күн жарық болады»

 

- Сөйлемде неше сөз бар?

 

Мен шапалақ ұрғанда «сөздер» тарап кетеді. «Сөздер келіңдер» дегенде балалар – «сөздер» орындарына тұра қалады.

Ал енді мен «болады» деген сөзді алып тастаймын. Сөйлемде неше сөз қалды?

Сол сияқты «көктемде» деген сөзді алып тастаймын. Сөйлемде неше сөз қалды?

 

Ал енді «жарық» деген сөзді алып тастаймын.

- Қандай сөз қалды?

 

«Күн» деген сөзге дыбыстық талдау жасату.

 

 

 

 

Сергіту сәті

- Күн қалай күркірейді? – Тарс, тарс....

- Жаңбыр қалай тырсылдайды? – Тырс, тырс...

- Жел қалай соғады? – Ууууу...

- Құстар қалай шиқылдайды? – Шиық, шиық...

4-тапсырма

Жұмбақтар. Балаларға жұмбақ жасыру.

 

 

 

 

5-тапсырма

Сурет бойынша әңгіме

Көктем мезгілінің суреті көрсетіледі.

6-тапсырма

Тірек-сызба бойынша тақпақ айтқызу.

Қар еріді, су ақты

Күндер туды шуақты

Байтақ дала келбеті

Түкті кілем сияқты

 

Көкке бөлеп өңірді

Көктем келді көңілді

Бау-бақшада сайраған

Құстар әні төгілді.

Қар ериді, жылғалардан су ағады, құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік атады, алғашқы гүлдер шығады, мұз көшкіні жүреді.

 

Допты тосып алып сөйлемді аяқтайды.

- балапан сияқты

- бауырсақ сияқты

- ана сияқты

 

 

 

Балалар «сөздер» болып

тұрады.

Балалардың жауабы.

Балалар – «сөздер»

оқиды.

Балалардың жауабы.

Балалардың жауабы.

Балалардың жауабы.

 

Дыбыстық талдау жасайды.

 

 

Қимылмен орындайды.

 

Жұмбақтың шешімін тауып, карточканы көрсетіп айтады.

Көрсетілген суретке тақырып қояды.Сурет бойынша әңгімелейді.

 

 

Тірек-сызба бойынша тақпақты жаттайды.

3.Рефлексия-

жинақтаушы

-Біз бүгін не туралы айттық?

- Қонаққа не келді?

- Сабақта не істедік?

 

Балаларды мадақтап, жұлдызшаларды беру.

Балалардың жауабы.

(Келген қонақтарға қолдан жасалған гүлдеп тұрған ағаш бұтағын сыйлайды)

Күтілетін нәтиже:

Игереді: Сөздерден сөйлем құрастыруды.

Түсінеді: Сұрақтарға толық жауап беру керектігін.

Қолданады: Дұрыс жапсырудың әдіс-тәсілдерін.


Мерзімі:
Айдар: Мақалалар
Просмотров: 6 092
Ұқсас мақалалар:
Өнеге отбасынан

Өнеге отбасынан

Тараз қаласы Ғани Мұратбаев атындағы № 17 орта мектебінің «өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Балнұр Джапарова Сыныбы:4               ...

Көркем бейнені көрсетудегі әсемдеудің түрлері. «Балық».

Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Балалар өнер мектебі» КММ Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі: Жаңабай Гүлшат Амангелдіқызы...
Абай  салған сырлы әндер

Абай салған сырлы әндер

Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі,оның қазақ музыка өнерінде алатын орын,әндерінің ерекшелігі туралы музыкалық білім беру...
Білімді жас - ел ертеңі

Білімді жас - ел ертеңі

2016 жылғы қаңтар айының 5-і мен 6-ы аралығында Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде 15 пән бойынша жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында облыстық пән олимпиадасы өткізілді, деп хабарлайды Білім және ғылым...
Бейімбет Майлин. «Күлпаш»

Бейімбет Майлин. «Күлпаш»

Гүлнұр Турпанова, Ораз Жандосов атындағы орта мектептің бастауыш сынып  мұғалімі, Шу ауданы, Жам был облысы...
Пікір: 1
Пікір қосу

Жанбай Шүйіншәліұлы Өзденбаев (Гости)

Комментариев: 0 | Публикаций: 0 | Статус:

Аватар пользователя
Қайтпай қалған қаздар

Құстар қайтты мың – мыңдап,
Туған, өскен еліне,
Аңшы күтті мылтық ап,
Патрон тізіп беліне.

Болмаса да залалы,
Аңшыға жоқ жазығы,
Құмар оқ боп ажалы
Өшті қоңыр қаз үні.

Қаздан кетті жан шығын,
Жете алмай жұртына.
Обал қылған аңшының
Селт етпеді мұрты да.

Жатты қаздың денесі
Шалшық суда, қамыста.
Жаны бұлтқа ілесіп
Кетті ұшып алысқа.

Әміршіміз жаратты
Он сегіз мың ғаламды;
Оған неге оқ аттың
Уа, перзенті адамның?

Аттың аңды қызыққа,
Джиптерменен қуалап.
Қашты «Қызыл кітапқа»
Жек, бөктергі, дуадақ.

Серкелерден айрылған,
Кетті киік қаңғырып.
Қанатынан қайрылған,
Қаздың даусы жаңғырық.

Жаратқанға кесепат -
Қай билердің жарғысы?
Күнәсізге қиянат -
Тимейді ме қарғысы?

Түркі бабам зиялы,
Тәлімінен көргенім:
«Бұзба» - дейтін, - «ұяны,
Өрмекшінің өрмегін.


Қияс баспа үйілген
Құмырсқаның илеуін;
Жылан қусаң үйіңнен
Сүт құй, бірақ - тимегін.

Судың да бар сауалы,
Берекесіз шашпаңдар.
Тоқшылықтың сауабы
Бұлақ көзін ашсаңдар».

Техника озды да,
Сайын дала жұтады -
«Шөп шапқыштар» тоздырды
Ұя толған бұтаны.

Байтақ дала тың болды,
Жыртамыз деп жүн қылды;
Үйлесімі мың жылдың
Тозаң қауып, жым болды.

Тиім болмай түбінде
Егістіктен босаған
Жерді басты бүгінде
Селеу, қурай, ошаған.

Мүсін қойдық кезеңге,
Еске алып елігін.
«Жаңа қазақ» өзенге
Жуып тұрар көлігін.

...Түркі емес, гүн емес,
Кімбіз? Қайда барамыз?
Тәңір емес, дін емес,
Уқорғасын санамыз.

Жер мен көктің иесі,
Уа, пенде, сен емес,
Тиіп кетер киесі,
Оны ату жөн емес,

Оны атқан жөн емес.

Жанбай Шүйіншәліұлы Өзденбаев

Ответить