kz ru
Ресми ақпараттық ғылыми-әдістемелік сайт

Тағылым

Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал
Басты жаңалық
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
http://edunews.kz/
Баннер 250х225

Соңғы мақалалар

Қазақ тілінің алғыры

 Бибігүл Кучибекова,  Тараз қаласы №42 орта  мектебінің...

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің...

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына...

Үздік педагог

Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Толығырақ

Білім және ғылым жаңалықтары

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген...

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі толық шешіледі
 ОҚО-да алдағы үш жылда апатты...

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы мамандықты тегін меңгереді
Оқуға түсе алмай қалған түлектер...

Күнтізбе

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Баннер 250х310
» » Білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану.

Білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану.

Білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану.
 А.К.Джумабаева
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
«Пеагогика және психология» магистрант

 
Білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану.
 
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық модернизация талаптарына сәйкес қазіргі заманғы білім беру жүйесі керек. Білімді дамыта білмейтін ел XXI ғасырда сәтсіздікке ұшырайды», деп атап көрсетті. Осыған орай елімізде білім беру саласын дамытуға арналған іс-шаралар мен реформалар жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке жағдайлар жасау; оқытудың ииновациялық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген болатын. Бұл міндеттерді шешу үшін білім беру ошақтарында, әр оқытушының күнделікті ізденіс арқылы ғылымға барлық жаңалықтар, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірбие қажеттігі туындайтыны анық. Қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесінің басты міндеті – орталық буынынның  заманауи білім беру үрдістерін меңгеру, ақпараттық технологияларды жаппай енгізу.  Яғни, көрсетілген міндеттерді орындай отырып, біз инновациялық оқытуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған,  өз бетінше шешім қабылдай білетін, басқалармен пікір бөлісетін білімді ұрпақты тәрбиелейміз.
Сонымен, «Инновация» термині – ол тамыры тереңде жатқан термин,  ғылымға ХІХ ғасырда енді. ХХ ғасырдың екінші жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдістерінің сатысы ретінде қаралып, латын тілінінен аударғанда «жаңару», «өзгеру», ал ағылшын тілінен аударғанда «жаңашылдық», «жаңашыл», «бағалаушылар» деген ұғымды білдіреді.
Алайда, «Инновация » ұғымына ғалымдардың көбі әр түрлі анықтамалар берген. Мәселен, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» - дейді. Ал Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама беріп өткен ғалым Немербай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз – білім беру мекемелер – білім беру мекемелернің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтама берген. Н.Нұрахметов «Инновация» білімнің мазмұнында, технологияда, оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, білім беру жүйесін басқаруда көрніс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі - (жеке – дара, бір-бірімен байланыcқан); жүйелі түрі -(мектепті толық қамтитын).
Баланы қызықтыра тәрбиелеп басқару, оқушының білімге ғылымға деген құлшынысын күшейтеді, өркендеуіне өте қажет шығармашыл қасиеттерін ашады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Педагогикалық технология дегеніміз – оқытушының өзін-өзі ұстай білуі, байқағыштығы, алғырлығы, сөзге шешендігі. Педагогикалық технология ақпаратты өңдеу, сақтау, беру әдістерімен құралдарының табыстарна байланысты дамудың барлық мүмкіндіктеріне ие бола алатын әлеуметтік технологиялардың маңызды компоненті болып табылады. Сонымен технология деп белгіленген мақсатты тиімді орындау үшін материалды түрлендіру процестері мен әдістерінің жиынтығын айтуға болады.
Қазіргі заманғы педагогикалық технология төмендегідей негізгі әдістемелік талаптарға сай болуы тиіс:
1) Технологиялық сызба (карта) технологиялық үдерістің оны жеке функционалды бөліктерге бөлу және олардың арасындағы логикалық байланыстарды белгілеу арқылы көрсететін шартты бейнесі болуы қажет.
2) Әр педагогикалық технология тәжірибеде игерудің белгілі бір ғылыми тұжырымдамасына негізделуі тиіс: білім беру мақсаттарына жету үдерісінің ғылыми негіздемесі болу шарт.
3) Педагогикалық технологияның жүйелік сипаттары: үдерістің логикасы, барлық бөлшектерінің өзара байланысы, тұтастығының болуы қажет.
4) Оқу үдерісін жобалау, жоспарлау, мақсатын анықтау мүмкіндіктері ескерілуі керек: кезеңді диагностика, нәтижелерді түзету мақсатында әдістер мен құралдарды түрлендіру мүмкіндігі қаралуы қажет.
5) Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бәсекелестік жағдайда қызмет.
 6) Педагогикалық технологияны басқа білім беру ордасында басқа субъектілердің де пайдалануы.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердін бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни арнайы пәндерді оқытуда интерактивті техника және технологияларды қолдану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында балалармен меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны ұлғайып өсіп келеді. Білім беру саласында интерактивті техника және технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдері іздестірілуде.
Жаңа технологияны енгізу барысында оқытушылардың зияткерлігі мен парасаттылығы, белсенділігі, шығармашылық ізденісі, шәкірттерінің білімін бағалауы шешуші роль атқарады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады.
Қай елде болмасын, балаға білім беру ісі  орын алып, онымен арнайы шұғылданатын мамандарды ізденіске итермелеп отырған. Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып үнемі өзгеріс үстінде болады. Заман өзгерген сайын білім беру жүйесінде қойылатын талап, ондағы оқыту және тәрбиелеу әдіс тәсілдері де өзгереді. Қазіргі таңда білім беру үдерісінде кеңінен қолданылып жүрген бірнеше инновациялық технологияларды атап көрсетуге болады:
•         проблемалық оқыту;
•          дамыта оқыту;
•          деңгейлеп оқыту;
•          дәстүрлі оқыту;
•          кейс-стади;
•          сұрақ-жауап ойындары;
•          цифрлық білім беру ресурстары.
Проблемалық оқыту - ғылыми таным нәтижелерін, білімджер жүйесін ғана меңгеріп қоймай,сонымен бірге нәтижелерге жету жолдарын, баланың таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту. Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы мен мектеп жасына дейінгі балалардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын ескере отырып жасаған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі.
Дамыта оқыту - мектеп жасына дейінгі балада білім, білік дағдының қалыптастыруын жоққа шығармайды, бірақ оқыту мен тәрбиелеу баланың дамуын қамтамасыз ететін жағдай болу керек. Дамыта оқыту технологиясыұйымдастырылған оқу іс әрекетінде балаларға тәрбиешінің қарапайм ізденгіштік, зерттеушілік іс әрекетін қалыптастыру тән.
Дәстүрлі оқыту - балалардың таным қабілеттері және жас мөлшері шамамен бір деңгейді құрайды. Оқыту барысында жоспарланған тақырып кеңінен түсіндіріледі, балалар сол тақырып бойынша білімш, білік дағдыларын игеру мақсатында  жұмыс істейді.
Цифрлық білім беру контентін электрондық оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды жаттығу әдістері, ғылыми-әдістемелік  зерттеулер құрайды.
Цифрлық білім беру міндеті:
Оқытушының сабаққа дайындығына көмек.
Оқытушының сабақ өткізу үрдісінде көмек.
 Оқушының үй тапсырмасын орындауда көмек.
Цифрлық білім беру түрлері:
Демонстрациялық – оқушы тек бақылаушы ролінде болады.
Интербелсенді (ақпараттық-іс-әрекеттік) – оқушы тек бақылап ғана қоймай, сабақ барысында ресурс сұрақтарына жауап іздеу, ресурс көмегімен практикалық және лабораториялық тапсырмаларды орындау, электронды анықтамалардан керегін іздеу, интербелсенді оқыту ойындарын ойнау, топтық жұмыс (мини-жобалар) орындау, ресурстың бағалау мүмкіндігіне ие болады.
Жаңаша әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: балалардың оқуға қызығушылығы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, пікір таластыра білуді, ойын жүйелі түрде жеткізуді, зерделеу қабілетін дамытуды, салыстыру, байқағыштық қасиеттерін үйренеді. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық күшін қалыптастыру және оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда әр түрлі бизнес-ойын түрлері, топтастыру, сәйкестендіру, толықтыру стратегиялары, он-лайн басқатырғыш, сергіту жаттығулары, мультимедия, интернет кеңістігін, электронды оқулықтар кеңінен қолданылады. Бұл технологияның ерекшелігі – оқушының танымдық белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыра білу. Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру мұғалімнің оқушының өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс-әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына себін тигізеді. Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап баланың берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, балаға өз ойын рет-ретімен толық жеткізуді үйрету болып табылады. Өз ойын қысылмастан айтуға мүмкіндік беру, оған пікір еркіндігін сездіру баланың сол сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар сабақ барысында интерактивті тақта, мултимедия,электронды оқулық, көрнекіліктерге жүгіну оқытушыға уақытты үнемдеуге, аз уақыттың ішінде бірнеше баланың білімін бағалауға, бағдарламадағы материалды қай дәрежеде меңгергенін айқындауға мүмкіндік береді, яғни бұл арқылы біз баланың білім деңгейін қадағалаудың ең тиімді тәсілі.
 Қорыта келгенде, кез-келген педагогикалық технология философиялық негізде қаралады. Сондықтан, бірінші кезекте, білім әлеміне еніп жатқан инновациялық технологияларды реттеу, жүйелеу және сұрыптау қажет. Білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы оқу материалдарын оқытуды бір жүйелікпен үздіксіз жүргізу, оқу-тәрбие үрдісінде оқытуда пәнаралық байланыстардың болуын қарастыру. Педагог жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану барысында өзін-өзі дамытады және қалыптастырады.
 
 
 
 

Мерзімі:
Айдар: Мақалалар
Просмотров: 14 143
Ұқсас мақалалар:
МБЖЖ-ға қатысушы банктерде білім беру депозиттерінде табыстылық жоғарылады

МБЖЖ-ға қатысушы банктерде білім беру депозиттерінде табыстылық жоғарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Білім алу қолжетімдірек бола түсті. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (МБЖЖ) білім беру жинақтау салымдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі өзгертілді. Ақша-кредиттік саясат жөніндегі техникалық комитеттің 2016 жылғы 30...
Павлодарлық оқытушы республикадағы АӘД пәнінің ең үздік мұғалімі атанды

Павлодарлық оқытушы республикадағы АӘД пәнінің ең үздік мұғалімі атанды

Павлодар бизнес-колледжінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Нұрлан Жансүгіров «Қазақстан Республикасында алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі мен спорт бойынша педагогикалық жетістіктер» атты II республикалық конкурста 1-орынды жеңіп...
Министр Аслан Сәрінжіпов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа отандық білім берудің дамуы туралы баяндады

Министр Аслан Сәрінжіпов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа отандық білім берудің дамуы туралы баяндады

Кездесу барысында А.Сәрінжіпов Мемлекет басшысына білім беру жүйесінің дамуы және жаңа оқу жылына орай жүргізілген дайындық жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі....
Мұғалімдер даярлау мен оларды жұмысқа қабылдау талаптары қатайтылады - БҒМ

Мұғалімдер даярлау мен оларды жұмысқа қабылдау талаптары қатайтылады - БҒМ

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды. Құжат Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындауға...

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Қоғамдағы әлеуметтік — экономикалық өзгерістер білімді, алған білімін практикада...
Пікір: 0
Пікір қосу