kz ru
Ресми ақпараттық ғылыми-әдістемелік сайт

Тағылым

Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал
Басты жаңалық
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
http://edunews.kz/
Баннер 250х225

Соңғы мақалалар

Қазақ тілінің алғыры

 Бибігүл Кучибекова,  Тараз қаласы №42 орта  мектебінің...

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің...

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына...

Үздік педагог

Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Толығырақ

Білім және ғылым жаңалықтары

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген...

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі толық шешіледі
 ОҚО-да алдағы үш жылда апатты...

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы мамандықты тегін меңгереді
Оқуға түсе алмай қалған түлектер...

Күнтізбе

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Баннер 250х310
» » ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІ ЕНГІЗУ-БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ

ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІ ЕНГІЗУ-БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ

 ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІ ЕНГІЗУ-БІЛІМ САПАСЫН    АРТТЫРУДЫҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫҚызылорда облысы
Сырдария ауданы, Ақжарма ауылы,
№130 Абай мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі
Шілманова Ғалия Бабаомарқызы
 
 ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІ ЕНГІЗУ-БІЛІМ САПАСЫН
   АРТТЫРУДЫҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ
 
         Сапалы білім – ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Осыған орай қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажеттігін көрсет-ті. Қазіргі таңда алдыңғы қатарлы дамыған елдердің білім жүйесіндегі негізгі ұстанымы сындарлы оқытуға бағытталғаны белгілі. Зерттеулерге қарағанда әр елдің білім беру жүйесін жетілдірудің түрлі жолдары бар екендігі анықталды. Елбасының бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатырған Кембридж әдісі бойынша мұғалімдер біліктілігін арттыру курсы осы әлемдік өзгерістерге сай мектептер даярлаудың баспалдағы болып отырғандығы анық.                                                                                                        
         Кембридж бағдарламасынан күтілетін нәтижелер – мұғалімдердің оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде сенімді, ынта-жігері мол, өзін қоғамда еркін сезінетін, өзіндік дәлел-уәж-дері бар, сыни пікір-көзқарасы қалыптасқан, жаңа технологияларды меңгеруге дайын, құзырлы оқушы қалыптастыруы болып табылады. Қазіргі жаңа әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер, мұғалімдер үшін де маңызды болып отырғаны: «ХХI ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі – ол да маңызы жағынан біріншіден еш кем емес «Мұғалімдер оқушыларды ХХI ғасырға қалай дайындайды?». Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасының мазмұны да осы екінші мәселені шешуге бағытталған. Білім беру саласында қол жеткізген нәтижелер оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігін дәлелдеді. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі – оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.
        Білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып таныса отырып, жаңа әдіс-тәсілдер – жеті модульді сабақта тәжірибемде қолдану арқылы білім беру саласындағы жаңа көзқарастың, жаңа қарым-қатынас пен жаңа ойлаудың қажеттігін, артықшылығын сезіндім. Бұл бағдарламаның дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – бала бойындағы бұрын байқалмаған ерекше қабілеттерін ашу, өзіне сенімділігін ұялату, қоғамнан тысқары қалған балаларды ортаға қосу, оған қол жеткізу үшін сыныпта оқушылармен жеке, жұптық, топтық жұмыстарды жеті модуль бойынша іске асыруға болатынына тәжірибе барысында көз жеткіздім. Бағдарлама мақсаты – мұғалімге оқушыларға жүйеленіп өңделген материалды дайын күйінде ұсынбай, баланы ізденуге бағыттап және қажет білімді іздеуге керекті қасиеттерді бала бойына қалыптастыра білуі, оқыту емес, оқуға үйретуі керектігін, мұғалімнің оқу үдерісіндегі өз рөлін өзгертуі қажеттігін ұғындыру екендігін түсіндім.
       Екінші деңгей бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі болып саналатын, яғни мектеп мұғалімдерінің кәсіби білім беру қоғамдастығын құруға негіз болатын үдерістің бірі – коучинг. Коуч – тәжірибелі мұғалімдерге ойлау және шығармашылық үдерістерінің көмегімен мектепте жақсы тәлімгер болуға көмектесу үшін өздеріне жетекші рөлін қабылдаған адамдар. Соның нәтижесінде оның әріптестері өзінің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған идеялармен және тәсілдермен қамтамасыз етіледі деген қағиданы басшылыққа ала отырып жаңа әдіс-тәсілдермен коуч ретіндегі жұмысымды да жүргізіп келемін.Мұғалімдерге тәжірибе алмасу мақсатында өтілген семинарлардың пайдасы мол. Мектебімізде « Жаңа технология – сапалы білім кепілі » атты аудандық семинар-тренинг өтіліп, мұғалімдер ой-бөлісіп, тәжірибе алмасты. Іс-тәжірибе көрсеткендей оқушылардың жаңа типтегі сабақтарға қызығушылығы артқандығы байқалады.. Жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, сын тұрғысынан ойлау тәсілдерін қолданған тәжірибемде оқушылардың еркіндікті қалайтынын, әсіресе оқыту үшін бағалаудың тиімділігі, оқушының сабаққа ынтасын арттыратынын бақыладым. Жеті модульді орынды пайдалану арқылы оқытудың тиімді әдістерін  талдай отыра, нәтижеге жету жолдарын әр сабақты жоспарлауда үнемі қарастырамын. Кедергілерді жеңуде түрлі тәсілдерді қолданып, рефлексия арқылы кемшіліктерді анықтап, сабақ мақсатына жетуге тырысамын.
    « Білімі көп адам, құралы сай ұста секілді: не істесе де, келістіріп істейді », - деп ағартушы-педагог А.Байтұрсынов атап көрсеткеніндей, қазіргі заман талабына сай білік пен дағдыны қатар игеріп, жас ұрпаққа білім беруде сол біліктілікті тәжірибеде қолданып, білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін көпшілікпен бөлісе отырып, ізденісте еңбек ету – біздің, мұғалімдер қауымының,  еліміздегі білім беру жүйесінің алға басуына қосар үлесіміз болмақ деп есептеймін. Бір ізді сабақ жоспарларының жүйеге түсуіне дейінгі өз тәжірибемнен үлгі ретінде бір сабақтың қысқа мерзімді жоспарын назарға ұсынуды жөн көрдім.
Қысқа мерзімді жоспар үлгісі.         Ежелгі Қазақстан тарихы.        6-сынып.
Сабақтың тақырыбы: Халықтардың ұлы қоныс аударуы.
Сілтеме: Білім стандарты, пән бағдарламасы, оқулық 6-сынып, интернет материалдары.
Жалпы мақсаты: Оқушыларға ғұн мемлекетінің даму жағдайы мен ерекшелігін талдап, сараптауға, ұлы қоныс аудару кезеңінің тарихын білуге, негізгі оқиғаларды есте сақтап, маңызын ұғынуға ықпал ету. Топпен жұмыс жасауға жұмылдыра отырып, оқушының өзіндік ой-тұжырым жасап, дәлел келтіре алуына, бірін-бірі әділ бағалай білуіне дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: Ғұндардың мемлекет құру, даму тарихын біліп, маңызын ұғынып, осы тақырыпқа байланысты сұрақтарды талқылайды, түсінігін баяндап, оқиғаларға талдау жасайды, қорытынды пікір айтып, топпен бірлесіп жұмыс жасауға дағдыланады.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық, жұптық және дербес жұмыс, ББҮ, джигсо, он сұрақ, ойлан,тап! ойыны,ойлан-жұптас,бөліс әдісі.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, карта, үлестірмелі қағаздар, жұлдызшалар, бағалау парақшасы,стикерлер.
                                                               Сабақ барысы:


Сабақтың кезеңі.Уақыты.
Ойлау деңгейі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті.
Ұйымдастыру
 
 
 
 
 
 
Кіріспе.
7-8минут.
 
 
 
 
 
 
 
Білу.
Ынтымақтастық атмосферасын құру.
3 топқа біріктіру.
Үй тапсырмасын тек-серу үшін сұрақ қою.
Ғұндар туралы не білеміз? Оқушы жауабына қарай жұлдызшамен бағалау.
Білетінім тапсырмасын орындауға жұмылдыру
 
Оқушыларға жұлдызша үлестіріп, оқушы жауабының дұрыстығын слайдта берілген жауаппен салыстырып, бағалайды.
Үй тапсырмасын қорытындылау.
 
Сабаққа назар аударады.
3 түрлі түспен топқа бірігеді.
«Білетінім» оқушы жауабы:
1.Ғұн кезеңі б.з.б.3-б.з.4 ғ.
2.Мөде-ғұн мемлекетінің негізін салушы.
3.Шаньюй-ғұн билеуші лауазымы
4.Ғұндар 24 руға бөлінген.
5.Руды бекзадалар басқарды.
6.Ғұндар әскери жүйе бойныша 3-ке: оң,сол,орталық болып бөлінді
7.Ғұндар б.з.б.201ж. дунху, юечжи, гянгунь,үйсін,қаңлы тайпаларын бағындырды.
8.Ғұн тарихы қытай деректерінде кездеседі.
9.Ғұндарда құқық қорғау жүйесі болған.
10.Ғұндарда ауыр қылмысқа өлім жазасы берілген.
11.Түменбасыда 10мың әскер.
 


Сабақтың кезеңі,уақыты
Ойлау деңгейі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті.
 
Тұсау кесер.
10-минут.
 
 
 
 
 
 
Негізгі бөлім.
15-20 минут.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қорытынды
5-10мин.
Кері байланыс.
 
Түсіну.
 
 
 
 
 
 
 
Қолдану
 
 
 
 
 
 
Талдау.
 
 
 
 
 
Жинақтау
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бағалау.
 
 
 
Ой қозғау. Жаңа тақырып.
«Білгім келеді»
Жаңа тақырыпты меңгеру тапсырмаларын орындауға жұмылдыру.
Джигсо әдісімен топта
жұмыс жасау
 
3 жұпқа тапсырма беру:
1.Ғұндар туралы дерек-терді анықта.
2.Аттилаға сипаттама бер.
3.Жаңа сөздер мен ұғымдарды түсіндір.
Топпен жұмыс жасауға ықпал ету.Сұрақ жауабына қарай бағдаршам әдісімен 3 топ бірін-бірі бағалайды.
 
Ой-түйін жасауға бағыттау.
Жасырылған сөздер:
Марцеллин,Волга,Дж.
Верди,Хань әулеті,
Чжи-чжи,Л.Гумилев,
Каталаун, Прийск,
Батыс ғұн ұлысы.
Слайдтан суреттерді көрсе тіп, оқушы ойының ұшқыр- лығын шыңдауға бағыт беру.
«Үйренгенім» кестесі арқылы бүгінгі сабақтан алған мағлұматтар туралы оқушы жауабының дұрыс- тығын тексеріп қорытынды жасау.
Қоныс аудару деген не? деген сұраққа жауап беру.
Жаңа тақырыпқа байланысты тапсырмаларды орындау.
1 Жеке жұмыс.
Тақырыпты оқып түсінігін жеткізуге дайындалу.
Топта бірін-бірі қайталамай бір сөйлеммен жеткізу.
2. Жұппен жұмыс.
Жұппен бірге анықтау, сипат -тау, түсіндіру тапсырмасын орындай отырып, ғұндар туралы мағлұмат алады.
Ойлан-жұптас,бөліс.
3. Топпен жұмыс.
Топпен бірге келесі топқа 10 сұрақ дайындайды.
Әр оқушы сұрақ жауабының дұрыстығын бақылап отырады.
Ойлан,тап!ойынына қатысады.
Жасырылға сөзді оқушыларға қаратып, бір оқушыдан тақтаға шығарып, сол сөзге байланысты сұрақ қою арқылы сөзді табуға көмектеседі.
Суреттерге қарап ат қою.
1 ғұн картасы.
2 Еділ патша бейнесі.
3 Еділ патша кезіндегі ғұн империясы.
Нені білгенін айта отырып, оқушы тақтада берілген кестеден өз жауаптарының сәйкестігіне көз жеткізе отырып,стикерге пікірін жазу.
Екі жұлдыз бір тілек
 
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2-деңгей. 2014ж.
2.С.Мирсеитова. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. 2011ж.

Мерзімі:
Просмотров: 3 066
Ұқсас мақалалар:
ОҚЫТУДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ

ОҚЫТУДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ

Қызылорда облысы  Сырдария ауданы,Ақжарма ауылы №130 Абай орта мектебінің география пәнінің мұғалімі  Әлжанова Айнұр Оңғарбайқызы 
       ...
Білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану.

Білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану.


 А.К.Джумабаева Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Пеагогика және психология» магистрант        ...
2016 жылдың наурызына дейін елімізде білім мен ғылымды дамытудың жаңа бағдарламасы қабылданады

2016 жылдың наурызына дейін елімізде білім мен ғылымды дамытудың жаңа бағдарламасы қабылданады

2016 жылдың наурызына дейін елімізде білім жәнеғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы қабылданатын болады,-деп жазады ҚазАқпарат. ...
Министр Аслан Сәрінжіпов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа отандық білім берудің дамуы туралы баяндады

Министр Аслан Сәрінжіпов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа отандық білім берудің дамуы туралы баяндады

Кездесу барысында А.Сәрінжіпов Мемлекет басшысына білім беру жүйесінің дамуы және жаңа оқу жылына орай жүргізілген дайындық жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі....

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Қоғамдағы әлеуметтік — экономикалық өзгерістер білімді, алған білімін практикада...
Пікір: 0
Пікір қосу