Астанада балабақшаларды бөлу басталды
АСТАНА. Қазақпарат - 15 ақпаннан бастап елордада балабақшаны жоспарлы бөлу басталды. Астана білім беру басқармасының деректеріне сәйкес 8 мыңнан астам орын жинақтау жоспарлануда.Алты жаңа балабақшаның (2 -Ильинка, 2 -Комсомольский кенті, 1 -Орынбор көшесінде және 1 -«Жағалау» ТК ауданында) салынуына байланысты биыл жоспарлы жинақтау ерте (2016 жылғы 15 ақпаннан бастап 11 наурыз аралығы бойынша) басталады.
«8 мыңнан астам орын беру жоспарлануда. Жұмыс тобы жинақтауды Қарталы көшесі №61 орта мектепте көрсетілген кезектілік нөміріне сәйкес және қатаң белгіленген қабылдау күні бойынша жүзеге асырады», - деп түсіндірді елорданың Білім беру басқармасынан.
Жұмыс тобы балаларды жинақтауды сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жүргізеді, үзіліс - 13.00-14.00-ге дейін. Сенбі және жексенбі күндері - демалыс.
Жинақтау аяқталғаннан кейін 1 маусымда қала әкімінің www.e.astana.kz ресми сайтында электрондық қызметтен кезектің жылжу барысын бақылауға болады.
Жұмыс тобы жеңілдік санаты бойынша құжаттарды ағымдағы жылғы 1 сәуірге дейін ғана қабылдап, осы жинақтау аясында қарайды. Осы жылғы 1 сәуірге дейін келіп түскен құжаттар 2017 жылы кезекті жинақтау уақытында қаралады.
Қаралған хаттар нәтижелерін 1-30 наурыз аралығында білуге болады.
«Астана тұрғындары хабарламада көрсетілген кезектілік нөмірін әр жас тобы үшін жинақтау кестесіндегі кезектің реттік нөмірімен салыстыруы қажет.
Егер нөмір жоқ болса, онда жинақтауға қажеттіліктің болмағаны. Егер балабақшаның орналасқан орны қолайлы болмаса, жолдаманы алмауға болады. Кезектілік уақыты сақталады.
Балабақшаға жолдама бос орын болуына қарай беріледі. Жұмыс тобының қабылдау режімін бұзбауды, қоғамдық тәртіпті сақтауды сұраймыз», - деп жазды Астана қалалық әкімдігінен.