«Болашақ» бағдарламасының ағылшын тілі деңгейіне қойылатын талаптары күшейтілді

«Биылдан бастап, «Болашақ» бағдарламасы аясында талапкерлердің ағылшын тілі деңгейіне және жұмыс өтіліне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді «Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсу үшін IELTS жүйесі бойынша 5 баллдан артық жинау қажет. Бұл ағылшынның орташа деңгейі деген сөз. Егер бұрын тіл білімінің бастапқы деңгейімен өте берген болса, енді ағылшын тілі орташа деңгейде болуы тиіс», - деді Ғ.Нығыметов.
Оның сөзіне қарағанда, 2015 жылы 601 стипендия берілген. Олардың ішінде 80 пайызы магистратураға, қалған 20 пайызы тағылымдамаға берілген.