Табиғат оянды, көктем келді
Д.С. Сапаргалиева, «Балапан» бақшасының 2 санаты тәрбиешісі.
Табиғат оянды, көктем келді
Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»
Бөлімдері: Тіл дамыту. Жапсыру.
Мақсаты:Балаларға көктем туралы түсініктерін қалыптастыру.
Білімділік мақсаты: Балалардың білім-біліктілігін, танымдылығын, көктем мезгілінің ерекшеліктерін есте сақтап, әңгімелеп айтуға үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Балалардың сөздік қорын, ақыл-ойын, сөйлеу мәдениеттілігін және қоршаған ортаны танып білуге деген білімін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Табиғаттың сұлулығын бағалай білуге, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдістер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын, жұмбақтар.
Сөздік жұмыс: : Жылға, бәйшешек, бау-бақша, түкті кілем.
Билингвалдық компонент: Көктем- spring, құстар- birds.
Керекті құрал: Ноутбук, аудио жазба, тірек-сызба, көктем мезгілінің суреттері, доп, түрлі-түсті күлтешелері бар гүл, қоңырау, жұлдызшалар.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
1.Мотвациялық – қозғаушы
|
Шаттық шеңбері: Ерте тұрып күнде мен Терезені ашамын. Сәлем берем күнге мен Шаттық әнге басамын Қайырлы таң анашым Қайырлы таң әкешім Сәлем, сәлем достарым! Сәлем, сәлем қонақтар!
- Қазір қандай жыл мезгілі? -Көктемнің нешінші айы?
Мен сендерге жыл мезгілдерітуралы ертегі айтып берейін. Әлемде төрт жыл мезгілі өмір сүріпті.
- Кім жыл мезгілдерін атап береді?
Олар тату-тәтті өмір сүріпті. Бір күні қыс өзін ең бастысымын деп, көктемге орын бергісі келмепті. Сонда қардың астында гүлдер солып қалыпты, құстар ән салуды тоқтатты. Адамдар жылыну үшін пеш жағудан шаршады. Ал сұлу көктем: - Уайымдамаңдар! Менде суықты жеңетін керемет бар. Ол суықты жеңуге көмектеседі. (Жанып тұрған оттың, шамның, күннің суреті көрсетіледі) - Қалай ойлайсыңдар, көктемге не көмектесе алады? (Топқа күн кіреді, амандасады) Балалар, бізге күн көктемнен сәлемдеме әкеліпті. Ол мына әдемі гүлді беріп жіберіпті. Бұл жәй гүл емес, тапсырмасы бар гүл. Біздің балалар тек ақылды ғана емес, өнерлі де! Біз көктемге сыйлық жасап береміз. Гүлдеп тұрған ағаш бұтағын. Ол үшін екі орталыққа бөлінеміз. «Шығармашылық» орталыққа «Жауқазын» тобы барады. Ал «Қатынас» орталықта «Бәйшешек» тобы қалады. (Қоңырау соғылады.Балалар екі орталыққа бөлінеді) |
Шаттық шеңберге тұрады
Жыл мезгілдерін атайды. Бірінші айы – Наурыз.
Жаз, Күз, Қыс, Көктем.
Көктемге көмекке күн келеді.
«Жауқазын» тобы умаждау тәсілін қолданып, ағаш бұтағын жасайды. |
2.Ұйымдастырушы- ізденістік |
1-тапсырма Ноутбуктың экранына қарап көктемнің ерекшеліктерін атау.
2-тапсырма Ойын: «Салыстыр және ата» Допты лақтырып сөйлемнің басын айту - Күн сары... - Күн домалақ... - Күн мейірімді... ..... 3-тапсырма Ойын: «Жанды сөздер» Балалар, сендер бір сәт бала емес сөздер боласыңдар. Мен бір сөйлем айтамын: «Көктемде күн жарық болады»
- Сөйлемде неше сөз бар?
Мен шапалақ ұрғанда «сөздер» тарап кетеді. «Сөздер келіңдер» дегенде балалар – «сөздер» орындарына тұра қалады. Ал енді мен «болады» деген сөзді алып тастаймын. Сөйлемде неше сөз қалды? Сол сияқты «көктемде» деген сөзді алып тастаймын. Сөйлемде неше сөз қалды?
Ал енді «жарық» деген сөзді алып тастаймын. - Қандай сөз қалды?
«Күн» деген сөзге дыбыстық талдау жасату.
Сергіту сәті - Күн қалай күркірейді? – Тарс, тарс.... - Жаңбыр қалай тырсылдайды? – Тырс, тырс... - Жел қалай соғады? – Ууууу... - Құстар қалай шиқылдайды? – Шиық, шиық...
4-тапсырма Жұмбақтар. Балаларға жұмбақ жасыру.
5-тапсырма Сурет бойынша әңгіме Көктем мезгілінің суреті көрсетіледі.
6-тапсырма Тірек-сызба бойынша тақпақ айтқызу. Қар еріді, су ақты Күндер туды шуақты Байтақ дала келбеті Түкті кілем сияқты
Көкке бөлеп өңірді Көктем келді көңілді Бау-бақшада сайраған Құстар әні төгілді. |
Қар ериді, жылғалардан су ағады, құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік атады, алғашқы гүлдер шығады, мұз көшкіні жүреді.
Допты тосып алып сөйлемді аяқтайды. - балапан сияқты - бауырсақ сияқты - ана сияқты
Балалар «сөздер» болып тұрады. Балалардың жауабы. Балалар – «сөздер» оқиды. Балалардың жауабы. Балалардың жауабы. Балалардың жауабы.
Дыбыстық талдау жасайды.
Қимылмен орындайды.
Жұмбақтың шешімін тауып, карточканы көрсетіп айтады. Көрсетілген суретке тақырып қояды.Сурет бойынша әңгімелейді.
Тірек-сызба бойынша тақпақты жаттайды. |
3.Рефлексия- жинақтаушы |
-Біз бүгін не туралы айттық? - Қонаққа не келді? - Сабақта не істедік?
Балаларды мадақтап, жұлдызшаларды беру. |
Балалардың жауабы. (Келген қонақтарға қолдан жасалған гүлдеп тұрған ағаш бұтағын сыйлайды) |
Күтілетін нәтиже:
Игереді: Сөздерден сөйлем құрастыруды.
Түсінеді: Сұрақтарға толық жауап беру керектігін.
Қолданады: Дұрыс жапсырудың әдіс-тәсілдерін.