kz ru
Ресми ақпараттық ғылыми-әдістемелік сайт

Тағылым

Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал
Басты жаңалық
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
http://edunews.kz/
Баннер 250х225

Соңғы мақалалар

Қазақ тілінің алғыры

 Бибігүл Кучибекова,  Тараз қаласы №42 орта  мектебінің...

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің...

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына...

Үздік педагог

Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Толығырақ

Білім және ғылым жаңалықтары

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген...

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі толық шешіледі
 ОҚО-да алдағы үш жылда апатты...

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы мамандықты тегін меңгереді
Оқуға түсе алмай қалған түлектер...

Күнтізбе

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
Баннер 250х310
» » Ел боламын десең, бесігіңді түзе!

Ел боламын десең, бесігіңді түзе!

Ел боламын десең, бесігіңді түзе!
Тұрбаш Айдана Олжабекқызы
Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институты
«Психология» мамандығының білімгері
Жетекшісі: «Педагогика және психология » магистранты А.К. Джумабаева

 Ел боламын десең, бесігіңді түзе!

     «Ұлдың  ұяты – әкеге, қыздың ұяты – шешеге» демекші, қазақ отбасында ата – ана ұл – қыздарының  тәрбиесіне ерте кезден  көп көңіл бөлген. Балаға тәрбие беруде ата – бабамыздың салт  санасы, әдет –ғұрпында жүргізілген үлгі – өнегісінің мәнісі зор. Еңбекті өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі деп түсінген бабаларымыз баланы кішкентайынан еңбекке баулыған және сол арқылы тәрбие беруді ұштастыра білген. Сол кездің өзінде – ақ отбасында ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп алған. Ұлды мал бағып, егін мен қолөнер шеберлігіне, аң аулап, садақ атып, ат құлағында ойнауға әкесі мен ағалары үйретсе, қыз балаларын, үй жинап, ас пісіріп, кесте мен тоқуға анасы, әжелері  өз міндеттеріне алған. Осындай бала бойына халқымыздың салт – дәстүрі, имандылық пен ізгілік нұрын сіңіруге баса назар аудару, бүгінгі таңда басты мақсат –мұраттарымызға айналып тұр. Ол үшін өз жерін, өз елін сүйетін, өз халқының тарихын, тілін, мәдениетін қадірлеп – қастерлейтін азаматты тәрбиелеу, ұлттық санасын дамыту – ата –ананың басты міндеті болмақ. 
      Біздің жастарымыз бұрын өз ата – анасы мен туған – тумалары түгіл, жасы үлкен  басқа адамдардың алдынан кесе – көлденең өтпейтін. Мұны олар өздерінің кішілігі мен  кісілігінің келбетіндей түсінетін еді. Бұрыңғы ата-бабамыздың салып кеткен жолы бойынша, ата –ана мен бала арасындағы сыйластық ізгілікке толы этикалық заңдылықтарға бағынатындықтан, ұрпақтан-ұрпаққа үндесе жалғасып жататын. Ал осы мәселенің қазіргі кездегі күйі қандай? Әрине, бұл сауалдың тамыры тереңде жатыр. Ата – ана мен бала арасындағы қатынас бүгінгі таңда ең ауыр кезеңді шағын басынан кешіріп отыр. Халық өзінің ғасырлар бойы қалыптастырған тағылымынан – дәстүрі мен салтынан, тарихынан ажырап, ділі мен дінінен айырылып бара жатқандығынан, осындай күй кешуде. Осының кеселінен тұрмыс тауқыметін қолдан жасап, ауыр жағдайға жиі ұшырап жүргеніміз де өмірдегі белең алып отырғаны шындық.[1] 
      Халқымыз өзі өмір кешкен ұзақ тарихында небір аласапыран қоғамдық кезеңдерді басынан өткізді. Бірнеше тарихи кезеңдерден тұратын Орыс империясының қазақ халқын отарлау дәуірі, осы елдің тұрмыс тіршілігіне бодандыққа тән психологияны қалыптастырумен болды. Оның ең негізгі бағыттары: елдің өз тарихын ұмыттыру – жердің де, судың да атауын өзгерту – халықты өз тағылымдарынан ауытқытып, дәстүр-салттарынан безіндіру – ана –тілінің қадірін түсіну тәрізді толып жатқан мақсатты шаралармен ұлттық ерекшеліктеріне ауыр нұқсан келтіруге тырысты. Мұның өзі бірнеше жүздеген жылдарға созылды. [2] Осындай қоғамдық ортада тіршілік еткен ата – аналар да еріксіз туындаған психологияға бейімделіп, ең алдымен ұрпақ тәрбиесіндегі халық тағылымдарына үлкен зиян келтірді. Бұл сәйкессіздік, әрине, олардың да жан дүниелерін жаралау арқылы адамдық болмыстарына көптеген өзгерістер әкелді. Жас буын арасында ана тілін түсінбейтін қауым дүниеге келді. Бодандық психологияға бой алдырған ата –аналардың әсерімен ата дәстүрінен безініп, ана тілінен ажырап қалған ұрпақтың жөнін жөндеу бүгінгі таңдағы ең қиын мәселелердің бірі болып табылады. Осының салдарынан қазақ мектебі, қазақ тілі, қазақ балабақшасы, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық тарих, халық педагогикасы дейтін елімізге ауадай қажет ұлттық ерекшеліктеріміздің сипаттары егемендігімізді алсақ та, өз ішімізде сіңіп қалған мәңгүрттіктің әсерінен еркін қанат жая алмауда. Жастардың бойындағы өзгеге еліктеушілікпен сіңген менменділік, ұлтым, жерім, Отаным деген патриоттық сезімдер қалыптаспағандықтан, күнделікті өмірдегі жеңіл жүрістер мен бір сәттік құмарлықтар асқына жалғасуда. Осының көрінісінен ұлдарымыз бен қыздарымыздың шылым шегіп, арақ ішуі, тіпті соңғы жылдарда есірткі қолдану апаты да қаулап барады. Жастардың ата –ана пікірлерімен де санаспайтындығы жиі байқалып жүр. Мұның  бәрі ең алдымен  отбасындағы  ата –ананың балаға берген тәрбиесінен  деген түсінік қалыптасады.
      Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана – баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі мейіріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққаны көпке танытады. Тәрбие  – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым –қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез- құлқын қалыптастыру құралы. « Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» - дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді. [3] Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, жанұясынан алған өнегесі. Демек, тәрбие отбасынан басталады.
      Отбасы – ең үлкен, мықты тәрбие ошағы, шағын мемлекет. Адам баласы шыр етіп  дүниеге келгеннен бастап сол ортаның ыстық – суығына бейімделіп, сол ортада ержетеді. Бала – ата – анасының игі істерінің жалғастырушысы, болашағы. Бала тәрбиесі – әке –шеше үшін күрделі де, жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата –ананың үйіндегі әрекеті балаларының көз алдында өтеді, сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.  Атақты физиолог И. П. Павлов  «Әрбір баланың мінез –құлқы ата –анасының жағымды іс –әрекетінен үлгі алу барысында қалыптасады»  деп тұжырымдайды. Баланың алғашқы адами құндылықтары әрине отбасында қалыптасады. Ата –ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы. Бала әрқашанда ата –анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата –ананы өмірдің тірегі санайды.  Ата –ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы – ол перзенті. Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деп Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, Отанымыздың болашағы балалардың тәрбиелі де өнегелі азамат болып өсуіне ата –ананың алар орны ерекше.[4]
      Әрбір ата – ана өзінің баласын  Отанға пайдалы, өзіне мейірімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты. Бірде – бір ата – ана бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамау керек. Егерде ол, бала өсіруде қате жіберсе, осалдық байқатса, қартайғанда опық жейтіні, өкінішке ұрынатынына ешбір дәлелдеп жатуды қажет етпейтіні анық. Бала тәрбиесі туралы сөз болғанда : «Баланы жастан» - деген халық даналығын есімізден шығармағанымыз жөн.
      Халқымыз бала психологиясының ерекшелігін жақсы түсініп, терең мән берген. Жас сәби дүниеге келгенннен күн санап оның физиологиялық дамуымен қоса психологиялық дамуы да жүріп жатады. Бала психологиясы өте нәзік жанды, ол таза тақта сияқты. Оның өмірі әртүрлі өзгерістерге толы, дамудың белгілі кезеңдерінен өтеді. Ол кезеңдерге тоқталып, әрқайсысының ерекшелігін атап айтсақ: 
      Туғаннан 1 жасқа дейін – нәрестелік кезең. Бұл кезеңде балаға ата –анасының жылы сөзі, сезімі, бала бойында жағымды қасиеттерді қалыптастырады. Керісінше айқайлау, суық қарау балада жағымсыз қасиеттерді қалыптастырады. 
      1 – 3 жас ерте балалық шақ. Бұл кезде баламынау жақсы, мынау жаман деген түсініктерді айыра алады.
      3 – 6 жас мектепке дейінгі шақ. Бұл кезеңде баланың ерік пен мінезінің қарқынды қалыптасатын кезі. Айналадағы үлкен адамдардың, ата –анасының бір – бірімен қарым –қатынасы әсер етеді, кейін ол балаға үйреншікті болады.
      6 – 11 жас бастауыш мектеп жасы. Мұнда баланың дара ерекшеліктері жанұяның, мұғалімнің достарының әсер етуімен дамиды. Бұл кезең баланың танымдық психикалық процестерінің қарқынды даму кезеңі. Сондықтан балаға тәрбиені дер кезінде дұрыс өнегелі үлгімен бере білі керек. Соның ішінде қыз балаға келетін болсақ, оны дене сұлулығына, тазалыққа, әдептілікке, ізеттілікке үйрету керек. Ол – болашақ ана,  үйде анасының көмекшісі. Анасы қыз балаға ерекше көңіл бөліп, өзінің құр сөзімен емес, ісімен, үлгісімен тәрбиелеуі тиіс. Қыз баламен жылы сөйлесіп, қыз балаға қатысты ұлттық салт –дәстүрлерді үйретіп, тәрбиелік мағынасын түсіндіріп отыру қажет. 
      11 – 15 жас жеткіншек кезең. Бұл кезең басқа кезекңдерге қарағанда өтпелі қиын кезең. Қиын болу себебі – бала физиологиялық жағынан тез қарқынды дамиды. Бұл оның психологиясына әсерін тигізеді. Жеткіншектердің мінез – құлқында ашуланшақтық, еліктеушілік сияқты белгілер пайда бола бастайды, өздерін үлкендерше сезінеді. Жеткіншек кезеңде қыз балалармен дұрыс қарым –қатынас жасай білу керек. Олардың ойын, сезімін қызығушылықтарын, араласатын достарын біліп, жеке әңгімелесулерді көп жүргізу қажет. Олар бұл кезде әртүрлі нәрсеге еліктеп, соны дұрыс екен деп есептейді.[5] Көптеген отбасыларда баланы кішкентай кезінде дегенін істетіп, «балалық іс, өскесін өзі қояды, мектепке барғасын түзеледі» деген көзқараспен қарайды. Мұндай жайбарақаттық, салдыр – салақтық жақсы нәтиже бермейтінін олар ескермейді. Балаға кішкентайынан  аса мән беріп, ұстамды етіп тәрбиелесек, ол жасөспірім кезінде әр нәрсеге еліктемей, орынсыз сөйлемей кез –келген істі ақыл –ойға салып орындайтын болады. 
       Қорытындылай келе, ата-ананың тәрбиесі - бала мінезінің іргетасы. «Тәрбие  - тал бесіктен басталады» деген нақыл сөзіміз бекер айтылмаған. Бала тәрбиесі – нәзік те күрделі, әрі жауапкершілікті талап етеді. Баланы тәрбиелі де, саналы азамат етіп өсіргіміз келсе, ата-ана ең алдымен өзі сауатты, өнегелі, тәрбиелі болуы қажет. Сондықтан, қай қоғамда өмір сүрмейік, ұрпақ – ол біздің болашағымыз, жарқын күндеріміз. Болашағымызды қазірден бастап жақсылап тәрбиелесек, ертеңгі күнімізге нық сеніммен қадам басамыз деген үміттемін.
 

Пайдаланылған  әдебиеттер:
1.     Совет – Хан  Ғаббасов  Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі.  Алматы 2012 ж.
2.     Базарбаева  Н. А.  Педагогикалық кеңес.  2009ж.
3.     С. Әбенбаев  Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы 2004 ж.
4.     Ш. Х. Құрманалина, Б. Ж. Мұқанова, Ә.У. Ғалымова,  Р.К.Ильясова  Педагогика.  Алматы 2007 ж.
5.     С. Ғ. Тәжібаева  Мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру технологиясы. 2008 ж.

Мерзімі:
Айдар: Мақалалар
Просмотров: 11 735
Ұқсас мақалалар:
Өнеге отбасынан

Өнеге отбасынан

Тараз қаласы Ғани Мұратбаев атындағы № 17 орта мектебінің «өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Балнұр Джапарова Сыныбы:4               ...
Ғалымдар кемпірқосақтың 12 түрін анықтады

Ғалымдар кемпірқосақтың 12 түрін анықтады

Француз метеорологтары кемпірқосақты жіктеудің жаңа жүйесін ұсынды, - деп хабарлайды Lenta.ru. Мамандардың пікірінше, жаңадан анықталған 12 түр арқылы адамдар кемпірқосақтың қандай атмосфералық жағдайда пайда болғанын біле алады....
Жаңа тағайындалған білім министрі оқушыларды қай тілде оқыту керектігін айтты (видео)

Жаңа тағайындалған білім министрі оқушыларды қай тілде оқыту керектігін айтты (видео)

10 ақпан күні ҚР білім және ғылым министрі болып Ерлан Сағадиев тағайындалды. Жаңа министр оқушылардың қай тілде білім алу керектігіне байланысты пікір білдірген, деп жазады Stan.kz Әлеуметтік желілерде саясаттанушылар, журналистер мен...

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа жетелеу.

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке Көтерер білімді, білікті, адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет. "Біз тұрғызатын...
ТарМУ студенті үздік ғылыми жұмысы үшін марапатталды

ТарМУ студенті үздік ғылыми жұмысы үшін марапатталды

 Ағымдағы жылдың қараша айының 10 күні Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы және жас ғалымдар арасындағы этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісіне арналған I Республикалық ғылыми жұмыстар байқауы...
Пікір: 0
Пікір қосу