ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Сырдария ауданы,Ақжарма ауылы
№130 Абай атындағы орта мектептіңхимия
және биология пәнінің мұғалімі
Аяпова Бақыт Төреахметқызы
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Оқушыларға оксидтердің жіктелуі, аталуы мен алу жолдары және химиялық қасиеттері мен қолданылуы туралы білім қалыптастыру;
Күтілетін нәтиже
Оқушылар оксидтердің жіктелуі, аталуы мен алу жолдары туралы мағлұмат ала отырып, жан-жақты пікір алысады, топта бірлесіп жұмыс жасайды, есеп шығаруды үйреніп, оны практикада қолданады .
Негізгі идеялар
Оқушылар оксидтердің жалпы сипаттамасы туралы жан-жақты қажетті білімді игереді.
Негізгі дерек көздер
Тапсырмалар
АКТ, электрондық оқулық, постер , маркер, стикер, периодтық жүйе, таратпа материалдар.
Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс
Қамтылатын модульдер
Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер, бағалау, көшбасшылық, дарынды және талантты балаларды оқыту, бағалау
Мұғалімнің іс- әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
І.Ұйымдастыру Оқушыларды түгендеу, топқа бөлу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, топ ережесін айтқызу, топта рөлдерге бөлісу(топ жетекшісі, баяндаушы,
уақыт сақшысы, хатшы, бақылаушы) (1-2 минут)
Сұрақтарға жауап алу
1) Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын ата.
2) Оксидтер дегеніміз не?
3) Негіздер дегеніміз не?
4) Тұздар дегеніміз не?
5) Қышқылдар дегеніміз не?
Оқушылар бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары бойынша 4 топқа топтасады, топ ережесін құрады, топта рөлдерге бөлінеді.
ІІ. Үй тапсырмасы (5-минут) Ой - қозғау (өтілген тақырыптарды пысықтау)
1 – тапсырма «Адасқан формулаларды табыңдар».
Оксидтер
Na2O
HNO3
CaCO3
Mg(OH)2
Қышқылдар
NaOH
CaO
Zn(OH)2
KNO3
Негіздер
H2SO4
NaNO3
K2O
BaO
Тұздар
HCl
H3PO4
MgCl2
Al(OH)3
III.Қызығушылықты ояту 2мин
2 – тапсырма. Мына формулалардың ішінен тек оксидтердің формуласын теріп жазамыз :
HCl, NaCl, HNO3 , SO3, K2O, H2SO4, N2O5, Ca(РO4)2, Al2O3, Cu(OH)2, H3PO4, HF, H2S, Na2O.
Сұрақ : қандай заңдылық байқадыңдар?
Оксидтердің құрамы қандай болуы керек екен?
Әр топ өзінің адасқан форулаларын табады.
1. Оксидтер Na2O, CaO, K2O, BaO
2. Негіздер NaOH, Mg(OH)2 , Zn(OH)2 , Al(OH)3
3. Қышқылдар HNO3 , H2SO4 , HCl, H3PO4
4. Тұздар CaCO3, KNO3, NaNO3, MgCl2
Оқушылар тапсырманы орындау арқылы сабақ тақырыбын ашады.
ІҮ . Жаңа сабақ (20 минут) Топтарға жаңа тақырып бойынша тапсырмалар таратып, түсіктерін ортаға әр топтан шығартып айтқызу :
1-топ. Оксидтердің құрамы мен жіктелуі.
2-топ. Оксидтердің номенклатурасы
3-топ. Оксидтердің алынуы
4-топ. Оксидтердің қасиеттері.
Жеке ойланады, топ болып біріге жұмыс жасайды, Оқушылар топта ақылдасып сұрақтарға жауап береді,басқа топтарға бөліседі.
.
«Сергіту сәті» 1- минут
Қол шапалақтау арқылы от шашу жүргізіледі.
Ү. Білімді жинақтау және жүйелеу (15минут) Оқушылар жасырын сөз жасырылған карточкалар таңдау арқылы қайта 3 топқа бөлініп тапсырмалар орындайды.
І. Топ: «Сенім»
ІІ. Топ: «Делегат»
ІІІ. Топ «Сайлау»
1) 200г тотияйынды буландырғанда массасы 40г зат алынды. Ерітіндіде тұздың массалық үлесі қандай болғанын анықтаңдар.
2) Иод тұндырмасы дегеніміз – еріген заттың массалық үлесі 10% болатын йодтың спирттегі ерітіндісі. 20г йод тұндырмасын дайындау үшін кристалды йодтың және спирттің қанша массаларын алу қажет?
3) Асханалық сірке суы дегеніміз – сірке қышқылының еріген массалық үлесі 3% болатын оның судағы ерітіндісі. 50г сірке суын дайындау үшін қанша су және сірке қышқылыны алу керек?
«Сенім» карточкасын алған топтан топ жетекшісі сұрап оқушыларды өзі бағалайды, мұғалім сенеді, журналға бағасын қояды.
«Делегат» карточкасын алған топ бір оқушыны өздері есеп шығаруға делегат ретінде жібереді.
«Сайлау» карточкасын алған топтан мұғалім өзі бір оқушыны сайлап тапсырма береді.
VI.Жұптық жұмыс .
1 тапсырма: Төмендегі қосылыстардың ішінен биэлементті қосылыстарды теріп жазып аттарын атаңдар: H2SO4, Na2O, CuO, Cu2O, NaOH, FeS, SO2, H2SO3, SO3, MnO3, KI, FeCI3.
2- тапсырма. Мына заттардың оттекпен әрекеттесу теңдеуін құрыңдар а) магний, ә) кремний, б) кальций, в) сутек, г) метан СН4
3- тапсырма. Реакция теңдеуін аяқтап, теңестіріңдер: а) Ca + O3 = CaO; ә) S + O3 = SO2; б)NO2 + O3 =N2O5
Топта оқушылар берілген сұрақтарға жауап іздейді.
Тапсырмаларды жұптасып,топта талқылап орындайды. Бір-біріне көмектеседі.Топта ынтмақтаса жұмыс жасайды.
Топтар бірін-бірі бағалайды.
VII.Қорытындылау:
(сұрақ-жауап) (3 мин)
· Бұл сабақты мен қалай түсіндім?
· Оксидтер дегеніміз не?
· Жаңа сабақ маған ұнадыма?
· Алған білімнің не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
VIII.Рефлексия:
Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)
ББҮ кестесін толтыру
IX.Бағалау:
Өзін-өзі бағалау (2 мин)
Бағдаршам, бағалау парақшалары
X.Үй тапсырмасы:
Оқулық бойынша тапсырма
§ 44 тақырып . 114- бет
3-5 жаттығу 116 – бет.