kz ru
Ресми ақпараттық ғылыми-әдістемелік сайт

Тағылым

Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал
Басты жаңалық
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
http://edunews.kz/
Баннер 250х225

Соңғы мақалалар

Қазақ тілінің алғыры

 Бибігүл Кучибекова,  Тараз қаласы №42 орта  мектебінің...

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің...

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына...

Үздік педагог

Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Толығырақ

Білім және ғылым жаңалықтары

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген...

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі толық шешіледі
 ОҚО-да алдағы үш жылда апатты...

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы мамандықты тегін меңгереді
Оқуға түсе алмай қалған түлектер...

Күнтізбе

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Баннер 250х310
» » Шымкентте «ШАТҚАЛ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 5 САЯБАҚ САЛЫНАДЫ

Шымкентте «ШАТҚАЛ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 5 САЯБАҚ САЛЫНАДЫ

Бүгін облыс әкімі Ж.Түймебаевтың қатысуымен «Шатқал» бағдарламасы аясында жаңа демалыс орынның капсуласы салынды. Келешекте халқымыз тынығып, серуендейтін саялы баққа «Шымсая» деп атау берілді. 
Шымкенттегі Тассай тұрғын үй алабының маңында орналасқан 25 га шатқалды көгалдандыру мақсатында құрылған демалыс аймағында бүгін 1 мың түп ағаш отырғызылды деп хабарлайды zakon.kz
Көгалдандыру жұмысына өңір басшысымен бірлесе сол елді мекеннің тұрғындары, жастар, жоғарғы оқу орнының студентері мен ұстаздары және БАҚ өкілдері боз арша, талшын шаған, емен, катальпа, аққайың ағаштарын егіп, қаламыздың гүлденіп, көркейуіне өз үлестерін қосты.
Аталған демалыс орындары өңір тұрғындарының таза ауада тынығып, демалуы үшін жасалып жатқанын айтқан әкім оның тазалығы мен дамуына бірлесе күш салу қажеттігін атап өтті. «Алдағы уақытта демалыс аймағына 6 мың түп ағаш көшеттері мен балалар алаңшасы, шахмат және дойбы алаңы, вело жолдар мен театралдық сахна, полиция бөлімшесі, спорттық жаттығу алаңдары салынып халық игілігіне беріледі. Бұдан бөлек биыл қалада тағы осы сынды 4 жерді абаттандырып, саябаққа айналдырамыз. Сонымен қатар, «Шатқал» бағдарламасы аясында 16 мың гектардан астам алқапты құрайтын қаланың жасыл белдеуін қалыптастыруды жоспарлап отырмыз»,-деді Ж.Түймебаев.
Еліміздегі тың жобалардың бірі болып табылатын бұл бағдарламаның басты мақсаты - қараусыз қалған шатқалдарды халық демалатын саябаққа айналдыру. Бұл әдіспен салынған саябақтарды әлемнің өркениеті дамыған елдері табиғи ландшафты сақталған деп жоғары бағалап, сүйікті демалыс аймақтарының біріне айналдырған.
Мұндай сай-салалар негізінен қаланың сыртқы аумағында көптеп кездеседі. Осы ретте қаланың дамуы кенжелеп қалған шеткі аудандарын аталған бағдарлама аясында абаттандырып, саябаққа айналдыру жұмыстары басталып кетті. Бұл өз кезінде ауа температурасы +40 градусқа дейін көтерілетін Шымкенттің тұрғындары үшін өте ыңғайлы болмақ. Сонымен қатар, саябақта серуендеп қана қоймай, мәдени кештер ұйымдастырылып, ашық аспан астындағы амфитеатр қойылады.
Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес қала аумағына жаңадан елді мекендер қосылып, халықтың саны артты. Сондықтан қаланың экологиялық ахуалы мен ішкі туризмін жақсарту және қараусыз жатқан сайларды саябаққа айналдыру мақсатында өңірде «Шатқал» бағдарламасы әзірленді.
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған тың жоба бойынша алдағы уақытта қалада 600 гектар шатқалды жер демалыс орындарына айналдыру жоспарлануда. Осы жылы бірінші кезеңдік жұмыстар шеңберінде қолға алынатын 5 шатқалдың (97 гектар жерді құрайды) біреуі бюджет қаржысы есебінен көгалдандырылып, сая жерлерге айналдырылса, қалғаны демеушілер есебінен жүзеге асырлатын болады. Осы іспеттес абаттандыру жұмыстары қаладағы «Самал-3», «Нұрсәт», «Достық» (оң жақ және сол жақ) шағын аудандарында жүргізіледі.
 
 


Мерзімі:
Просмотров: 2 120
Ұқсас мақалалар:
Қазақстанда 3 мыңнан астам студент сыбайлас жемқорлыққа қатысты сауалнамаға қатысады

Қазақстанда 3 мыңнан астам студент сыбайлас жемқорлыққа қатысты сауалнамаға қатысады

АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстанда 3 мыңнан астам студент жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлықтың көрінуі фактілеріне қатысты сұралмақ. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық...
Астанада балабақшаларды бөлу басталды

Астанада балабақшаларды бөлу басталды

АСТАНА. Қазақпарат -  15 ақпаннан бастап елордада балабақшаны жоспарлы бөлу басталды. Астана білім беру басқармасының деректеріне сәйкес  8 мыңнан астам орын жинақтау жоспарлануда....
Министр Аслан Сәрінжіпов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа отандық білім берудің дамуы туралы баяндады

Министр Аслан Сәрінжіпов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа отандық білім берудің дамуы туралы баяндады

Кездесу барысында А.Сәрінжіпов Мемлекет басшысына білім беру жүйесінің дамуы және жаңа оқу жылына орай жүргізілген дайындық жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі....
Павлодар облысында техникалық және кәсіптік ұйымдарында студенттер тегін оқытуға ауыстырылды

Павлодар облысында техникалық және кәсіптік ұйымдарында студенттер тегін оқытуға ауыстырылды

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев мәлім етті....
Еліміздегі оқушылар алдағы уақытта аптасына бес күн ғана оқуы мүмкін

Еліміздегі оқушылар алдағы уақытта аптасына бес күн ғана оқуы мүмкін

Еліміздегі оқушылар алдағы уақытта аптасына бес күн ғана оқуы мүмкін...
Пікір: 0
Пікір қосу