Қазақстанда 3 мыңнан астам студент сыбайлас жемқорлыққа қатысты сауалнамаға қатысады
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстанда 3 мыңнан астам студент жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлықтың көрінуі фактілеріне қатысты сұралмақ. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында аталған кеңес төрағасының орынбасары Мағзам Қасымов мәлім етті.«Жас Отан» ЖҚ әлеуметтік сауалнамалары негізінде сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша жоғары оқу орындарында бұқаралық рейтингті құрудың әдіснамасын әзірлеу мақсатында тиісті жұмыстар қамтылды. Осы орайда, Қоғамдық саясат иститутымен бірлесе жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлықтың көріністерін анықтау тұрғысында сауалнама жүргізу үшін қажетті анкета мен оны жүргізу жүйесі айқындалды. Атап айтқанда, еліміздегі 130 ЖОО-дағы 3 мыңнан астам студент, магистрант арасында сауалнама жүргізу жоспарланып отыр»,-деді ол.