Дыбыс сипаттамалары
Марат Муртазаев,
Ғабиден Мүстафин атындағы №5 қазақ орта мектебінің
бірінші санатты физика пәні мұғалімі,
Теміртау қаласы, Қарағанды облысы
Дыбыс сипаттамалары
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларды біліммен ғана хабардар етіп қоймай, оларға айналадағы ортадан мәліметтер беру арқылы білімдерін қалыптастыру. Дыбыс туралы толық түсінік беру.
Дамытушылық:Оқушылардың ойлау, зерттеу, тез есептеу, шапшаңдылық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, бірлесе жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, білімге құштарлыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, есеп шығару, тест тапсырмалары.
Сабақтың типі: жаңа сабақты қалыптастыру
Көрнекілігі: интерактив тақта,видеопроектор, компьютер, электронды оқулық,камертон.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқущылармен сәлемдесу, түгендеу.
Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
Оқушылардың назарын сабақ барысында білім алуға бағыттап, бірыңғай талап қою.
ІІ. Білімді тиянақтау (үй тапсырмасын тексеру)
А) Қысқа мерзімді тест жұмысын алу.
Ә) Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары
1. Толқын дегеніміз не?
2. Толқындардың неше түрі бар?
3. Механикалық толқын дегеніміз не?
4. Механикалық толқындар қандай орталарда тарайды?
5. Толқынның сипаттамалары.
6.Толқын ұзындығы,жылдамдығы дегеніміз не?
7. Сейсмикалық толқындар дегеніміз не ?
ІІІ.Жаңа тақырыпқа кіріспе
Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашу.(Дыбыс)
1.Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығын не деп атайды? (период)
2.Дененің тепе-теңдік күйден ауытқуын не деп атайды? (ығысу)
3.Дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отырытын қозғалысын не деп атайды? (тербеліс)
4.Тербелістердің кеңістікте таралуын не деп атайды? (толқын)
5.Жер сілкіну ошағынан келген тербелістерді байқайтын құралды не деп атайды? (сейсмограф)
1 |
|
|
|
|
|
|
|||||
|
2 |
|
|
|
|
|
|||||
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
4 |
|
|
|
|
|
|
||||
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өткен тақырыппен байланыстыру. Дыбыс туралы толық түсінік беру. Анықтамасын, сипаттамаларын, интерактивті тақта арқылы слайд түрінде көрсете отырып түсіндіру
Жаңа сабақ:Дыбыс.Дыбыс сипаттамалары.
Адамзат дыбыс дүниесінде өмір сүреді. Біз адамдардың дауысын,құстың сайрағанын,музыкалық аспаптарының дыбысын,теңіз толқындарының шуылын,күн күркіреуін естиміз.Жұмыс істеп тұрған машиналар,қозғалған транспорт және т.б дыбыс шығарады.
Дыбыс құбылыстарын зерттейтін физиканың бөлімі акустика деп атайды.
Дыбыс дегеніміз есту түйсігін туғызатын,серпімді толқындар немесе сығылу-сиректену құбылысының ауада таралуын айтады.
Дыбыс толқындарының табиғи қабылдағышы құлақ болып саналады,ал техникалық қабылдағыштарының бірі микрофон болып табылады.
Адам құлағы естетін және естімейтін болып дыбыс екі топқа бөлінеді.
Естілетін дыбыстар өзі музыкалық дыбыстар жәнешу болып ажыратылады.Адамның құлағы жиілігі 16Гц-тен 20кГц дейінгі серпімді толқындарды қабылдайды.Сондықтан 16Гц пен 20кГц аралығындағы жиілікті дыбыс жиіліктері.Тек жас адамдар ғана жиілігі 20кГц дыбысты алады.Жасы ұлғайған кезде адамда жиілігі 12-14кГц жоғарғы дыбыс толқындарын естуден қалады.
Дыбыс жиілігімен тербелетін кез келген дене айналасындағы ортаға дыбыс толқындарын туғызады да,ол дыбыс көзі болып саналады.
Дыбыс көздері табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.
Табиғи дыбыс көздеріне мыналар жатады:жарылыс,оқтың ұшуы,найзағай,ішек,жел,ал жасанды дыбыс көздеріне камертон,гитара,сирена т.б. жатады.
Жасанды дыбыс көздерінің бірі –камертон қысқа сапталған екі айыр доға тәрізді иілген металл таяқша,оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады.
Камертонды ең алғаш 1711ж ағылшын музыканты Дж. Шором музыкалық аспатарды күйіне келтіру үшін ойлап тапқан.
Естілетін дыбыстар өзі музыкалық дыбыстар және шу болып ажыратылады.Музыкалық дыбыстарға мысалы ән,музыкалық аспаптардың керілген ішектерінің дыбысы,ысқырық т.б.жатады.Музыкалық дыбыстарға белгілі бір тербеліс жиілігі сәйкес келеді.
Шу-әртүрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуын айтады.Қопарылыс кезінде,жылан ысылдағанда,есіктің майланбаған топсасы шиқылдағанда т.с.с.шу пайда болады.Шуға белгілі бір тербеліс жиілігі сәйкес келмейді.
Адам құлағы қабылдамайтын дыбыстар естілмейтін дыбыстар болып саналады.Естілмейтін дыбыстар екі топқа бөлінеді олар,жиілігі 16Гц-тен төмен толқындар инфрадыбыстар деп атайды және жиілігі 20кГц-тен жоғары толқындар ультрадыбыстар деп атайды. Теңізде туындайтын инфрадыбыстарды медуза,су шаяны тәріздес су жәндіктері жақсы қабылдайды.Ультрадыбыстарды дельфиндер,иттер,жарқанаттар т.б тіршілік иілері шығарады.
Дыбыстың таралуы.
Дыбыс таралу үшін серпімді орта қажет.Дыбыс газда,сұйықтарда,қатты денелерде әртүрлі жылдамдықтамен тарайды.Дыбыс вакуумда ғана таралмайды,өйткені ол жерде тербелетін зат жоқ.
Газдардағы дыбыс.
Күн күркіреп,найзағай ойнаған кезде біз алғаш найзағайдың жарқырауын көреміз де,біраздан кейін ғана дыбысты естиміз.Бұл кешігі себебі аудағы дыбыс жылдамдығы,найзағайдан шыққан жарық жылдамдығынан әлдеқайда аз екендігімен түсіндіріледі.
Аудағы дыбыстың таралу жылдамдығын алғаш рет 1636 жылы француз ғалымы М.Мерсен өлшеген. 200С температурада ол 343м/с,яғни 1235км/сағ тең.
Сұйықтардағы дыбыс.
Судағы дыбыстың жылдамдығын алғаш рет 1826ж Ж.Коладон мен Я.Штурм өлшеген.Олар өздерінің тәжірибелерін Швейцарияда Женева көліде жүргізді.Дыбыстың судағы жылдамдығы 80С температурада ол шамамен 1440м/с болған.
Дыбыс сипаттамалары
Дыбысты бір-бірінен ажырату үшін дыбыстың арнайы үш сипаттамасы енгізілген.
1.Дыбыстың қаттылығы-тербелісің амплитудасымен анықталады.
Құлақ қабылдайтын дыбыс толқындарының толық диапазоны 0-130дБ-ге дейінгі қаттылыққа сәйкес келеді.Үйлердегі шу қаттылығы 30-40дБ-ден аспауы керек.Дыбыс қаттылығының бірлігі американ өнертапқышы А.Белдің құрметіне бел деп алынған.
2.Дыбыс тоны немесе дыбыс биіктігі (жоғарылығы)- тербеліс жиілігімен анықталады,яғни тербеліс жиілігі үлкен болса ,тон да биігрек болады.
3.Тембр немесе дауыс бояуы
ІҮ. Тест тапсырмаларын орындау (электрондық оқулықтан)
1.Дыбыс дегеніміз не?
O Ауаның тербелісі
O Есту түйсігін туғызатын,серпімді толқындар
O Адамның есту түйсігі
2.Адамның құлағы қандай жиіліктегі толқындарды қабылдай алады.
1-16 кГц
16 кГц-20 МГц
16 Гц-20 кГц
16 Гц-2 кГц
2 Гц-16 кГц
3.Төменгілердің арасынан табиғи дыбыс көздерін көрсетіңіздер
ішек
жарылыс
камертон
оқтың ұшуы
жел
гитара
найзағай
доңгелек сирена
4.Төменгілердің арасынан жасанды дыбыс көздерін көрсетіңіздер
ішек
жарылыс
камертон
оқтың ұшуы
жел
гитара
найзағай
доңгелек сирена
5.Камертонды не себепті ағаш жәшікке отырғызады
O тіреуге арналған
O дыбысты күшейту үшін
O дыбысты сүзуге арналған
O дыбыс жиіліктерін дәл күйге келтіру үшін
Тест коды
Сұрақ |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Жауап |
2 |
1,3,4, |
1,2,4,5,7 |
3,6,8 |
2 |
Y. Сабақты бекіту.
Сұрақ-жауаптар арқылы бекіту.
- Қандай күшті үйкеліс күші деп атаймыз?
- Үйкеліс күшінің қандай түрлері бар?
- Үйкеліс күші пайда болуының қандай себептері бар?
- Үйкелісті арттыруға немесе кемітуге болама?Мысалдар келтіріңдер.
- Қандай күшті нормаль қысым күші деп атайды?
«Дыбыс» сөзжұмбағы
1. Ұлттық музыкалық аспап.(Домбыра)
2.Қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындарын не деп атайды? (Жаңғырық)
3.Адамның даусына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы. (Тембр)
4.Тербелістер амплитудасымен анықталатын дыбыс сипаттамасы (Қаттылық)
5.Дыбыс құбылыстарын зерттейтін физиканың бөлімі не деп атайды? (Акустика)
<!-- [if !supportMisalignedColumns] --> <!-- [endif] -->
|
Д |
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
|
|
Ы |
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
Б |
|
|
|||||
|
|
|
|
|
Ы |
|
|
|
|
||
|
|
|
|
С |
|
|
|
|
ҮІ.Бағалау.
|
||