kz ru
Ресми ақпараттық ғылыми-әдістемелік сайт

Тағылым

Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал
Басты жаңалық
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
http://edunews.kz/
Баннер 250х225

Соңғы мақалалар

Қазақ тілінің алғыры

 Бибігүл Кучибекова,  Тараз қаласы №42 орта  мектебінің...

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің...

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына...

Үздік педагог

Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Толығырақ

Білім және ғылым жаңалықтары

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген...

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі толық шешіледі
 ОҚО-да алдағы үш жылда апатты...

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы мамандықты тегін меңгереді
Оқуға түсе алмай қалған түлектер...

Күнтізбе

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Баннер 250х310
» » Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін оқыту

Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін оқыту

Айнур Мынжасарова,

Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі,

Шу ауданы, Жамбыл облысы                                           

 

 

 

   Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін оқыту

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  а) Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып,жаңа мағлұматтар

                         алуына жағдай туғызу,өлеңнің тақырыбы мен идеясын алу;

                     ә) өлеңді мәнерлеп оқу,мазмұнын меңгере отырып автор шеберлігін та-

                         нуына көмектесу.

Дамытушылық: а) шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамынуына,

                                тіл байлығының артуына ықпал жасау;

                             ә)талдау жұмыстарына машықтандырып,түйінді ой,өзіндік пікір қал-

                                ыптастыруына жол ашу;

 Тәрбиелік: Отансүйгіштікке,тіл,сөз өнерін және табиғатты қадірлеп,қастерлей білуге

                     адамгершілікке тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі:жаңа білім беру.

 Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,баяндау,түсіндіру

 Пәнаралық байланыс:тарих,дүниетану

 Көрнекіліктер:С.Сейфуллин суреті,шығармалары,интерактивті тақта

 Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі

а)Оқушыларды түгендеу

ә)Оқушының зейінін өлең жолдарымен сабаққа аудару

  «Өнер алды-қызыл тіл»

   Анаңдай оны құрметте!

   Қапсымай,талдай үйрен,біл,

   Асылын сөздін өрнекте.

   Ана тіл-асыл қазына

   Байлығың-білсең ол сенің.

   Жеткізер өмір жазына,    

  Сонымен өсер өркенің-дей отырып сөз өнерін,асылын тіл тазалығын сезінетін әдебиет сабағын бастаймыз.

      2.Ұй тапсырмасын сұрау

      а)С.Мұқанов туралы қысқаша сұрау

      ә)«Көкшенің көрінісі» мәтіні бойынша сұрақ-жауап

      б)-Балалар,сендер мен қойған сұрақтарға дұрыс жауап берсендер экранға бүгінгі  

          өтетін тақырыбымыз шығады (әр сұраққа жауап бергеннен кейін тақтада сабақ-

          тың тақырыбының әріптері біртіндеп шығып отырады)

      1.С.Мұқанов кім?

      2.Ол кісі қай жылы дүниеге келген?

      3.Қандай  еңбектерін  білеміз?

      4.Жазушы Көкшенің көркін қалай суреттеген?

      5.Көкшені неліктен гаухар тастан жасалған  күмбезге  теңейді?

      6.Осы мәтінде қандай сөздер саған ерекше әсер берді?

      7.Сен өз туған жеріңді қалай суреттер едің?

      8.Мәтін несімен ұнады?

      9.«Көкшенің» деген сөзден басталатын азат жолдан бастап кім жатқа айтып

      береді?

 

3.     Сабақтың мақсатың хабарлау

-Өздерің көріп тұрғандай бүгін біз үш бәйтерегіміздің бірі С.Сейфуллиннің «Ақсақ      киік» деген өлеңімен танысамыз.

-Қане сабағымызға мақсат қойып жіберейік

4. Жаңа сабақ:

-Өлеңмен таныспас бұрын біз ақын туралы не білеміз?

- Қандай  шығармаларымен   таныспыз?(туған ел,қызыл шұнақ)

Мұғалімнің толықтыруы

С.Сейфуллин «Бақыт жолында» (1917), «Қызыл сұңқарлар» (1920) драмаларын жазады.С.Сейфуллин қазақ музыкасының дамуына өзінің тамаша әндерімен үлес қосты.Оның «Тау ішінде», «Көкшетау», «Біздің жақта» т.б. әндерін ел сүйіп айтады.

Ақын «Асау тұлпар», «Домбыра» (1924), «Экспресс» (1926) атты өлең,поэмалар жинағын жариялап, «Көкшетау» поэмасын (1922) жазады. С.Сейфуллиннің 1927 жылы «Тар жол,тайғақ кеше» атты мемуарлық романы,1928 жылы «Жер қазғандар» повесі,1933 жылы «Альбатрос» (поэма) т.б. кітаптары жарияланды.

-         С.Сейфуллиннің атылғанын растайтын айғақ табылды.

а) бейнебаян көрсету

б) оқушылар кезекпен оқиды

в)әр шумақты оқыта отырып,талдау / картадан Сарыарқаны,Бетпақдаланы  көрсету/

- Ақынның айтайын деген ойы табиғатты қорғау,жан-жануарларды аялау

екен.Осыған байланысты қазақ халқының әнші-күйшілерінің шығармасы да жетерлік.Мысалы:Құрманғазы Сағырбайұлының «Ақсақ киік» күйі,Жақсыкелді Айілов ағамыздың «Жез киік» әні, С.Сейфуллиннің сөзімен қоса әніде айтылатын «Ақсақ киік» әнінің барлығында жазықсыз жануарға деген аяныш сезім айқын байқалады.

Сергіту сәті: Құрманғазының күйі «Ақсақ киік» (тыңдату)

5. Бекіту

    а) Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.

    б) Ақбөкен,киік туралы мәлімет.

- Ақбөкен,киік-жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын,тұлғасы ірі,қойға ұқсас,дөңес тұмсықты,күйіс қайыратын түз жануары.

- Текелерінің  дене  тұрқы 126-150 см,салмағы 37-49 кг,ал ешкілері кішірек,дене тұрқы 103-127 см,салмағы 22-37 кг-дай болады.

-Ақбөкендер шөл,шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген.

Жылына бір рет төлдейді,жаппай төлдеуі  мамырдың 1 жартысында өтеді.Бұл кезде

Күн  салқындап,жауын-шашын көп болады да,оны қазақ халқы «Құралайдың сал- қыны» деп  атайды.Көбіне егізден,кейде 3 лақ та туады.

-Өсімдіктердің 80-нен астам түрімен  қоректенеді.Олардың басты  жауы-қасқыр,ал

жас  төлдеріне  бүркіт,дала  қыраны  шабуыл жасайды.

-Ақбөкен аусыл,пастереллез ауруларымен аурады. Оларды дәмді етті,құнды мүйізі мен тұяғы,әдемі терісі үшін аулайды.

-Қазақстанда 1921 ж.бөкенді аулауға тыйым салынған.

Оның мүйізінен  пантокрин дәрісі алынады,тұяғын күйдіріп одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады,сусамыр ауруына  шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады.

-2006 жылы «Қызыл  кітапқа» енді

ә) шығармашылық  жұмыс

1.қатар «Табиғатты қорғау» тақырыбына  әңгіме жазу

2.қатар «Киік» тақырыбына сипаттау  мәтінін құрастыру

3.қатар Киікті атқан  адамға  деген  өз  қөзқарасынды білдір.

6.Қорытындылау

а) «Бәйге» ойыны

     10         20         30

     40         50         60

10- Бетпақ даланы неге шөл деп атайды?

20-Өлеңнен киіктің  сұлулығын бейнелейтін  жолдарды тауып оқы.

30-Өлеңнен оқ тиген киіктің халін суреттеген  тұстарды тауып оқы

40-Киікті   басқаша қалай  атайды?

50-Киік мүйізінен не  жасалады?

60-Біздің елімізде неліктен киікті қорғау талап етіледі?

ә) ән тыңдату С.Сейфуллин «Ақсақ  киік»

 

б)

                                                            Жауы қасқыр

                        Өсімдіктің 80-нен астам  түрімен

                           қоректенеді

 

 

                                                                     Жұптұяқтылар  отрядынан

 

 

                        Құралай                                                Киік     бөкен

 

 

               Шөлейтті,далалы аймақтарда          Тұлғасы ірі,қойға ұқсас

                  тіршілік етеді

 

  7.Үйден табиғатты қорғау туралы  тыйым  сөздерді жинастырып келу және  өлеңді   мәнерлеп оқу.

 

Мерзімі:
Просмотров: 3 432
Ұқсас мақалалар:
Павлодарлық жас өнертапқыш мектебін электр энергиясымен қамтамасыз етпек

Павлодарлық жас өнертапқыш мектебін электр энергиясымен қамтамасыз етпек

13 жастағы Павлодарлық өнертапқыш Артем Сухоносенко мектебін жарықпен қамтамасыз етуге уәде беріп отыр. Ол өз сыныптастарын балама қуат көзі ретінде пайдаланбақ. Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды....
Хорватия оқушылары 3 кезең бойынша білім алады

Хорватия оқушылары 3 кезең бойынша білім алады

Әлемдегі барлық бала білім алып, үйренуге құқылы. Дегенмен әр елдің танымына, қоғамдық жағдайына байланысты оқу жүйесі әртүрлі болары анық. Мысалы Хорватияда оқушылар оқу жылы барысында дәстүрлі бағамен бағаланса, жыл соңында өзгеше бағаланады,-деп...
Қарағандылық студенттер баламалы энергия көзіне қол жеткізді

Қарағандылық студенттер баламалы энергия көзіне қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінің студенттері мен оқытушылары күн электр станциясы арқылы баламалы энергия көзіне қол жеткізді, деп жазады 24.kz....
Павлодар облысында техникалық және кәсіптік ұйымдарында студенттер тегін оқытуға ауыстырылды

Павлодар облысында техникалық және кәсіптік ұйымдарында студенттер тегін оқытуға ауыстырылды

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев мәлім етті....
Жамбыл облысында жекеменшік балабақшаларда 3513 бүлдіршін тәрбиеленуде

Жамбыл облысында жекеменшік балабақшаларда 3513 бүлдіршін тәрбиеленуде

Бүгінгі күні Жамбыл облысында 425 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде (258 балабақша, 167 шағын орталық) 45399 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесі 1-6 жас аралығында 53,3%-ды, 3-6 жас аралығында 75,0%-ды...
Пікір: 0
Пікір қосу