Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін оқыту
Айнур Мынжасарова,
Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі,
Шу ауданы, Жамбыл облысы
Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін оқыту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: а) Ақын жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып,жаңа мағлұматтар
алуына жағдай туғызу,өлеңнің тақырыбы мен идеясын алу;
ә) өлеңді мәнерлеп оқу,мазмұнын меңгере отырып автор шеберлігін та-
нуына көмектесу.
Дамытушылық: а) шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамынуына,
тіл байлығының артуына ықпал жасау;
ә)талдау жұмыстарына машықтандырып,түйінді ой,өзіндік пікір қал-
ыптастыруына жол ашу;
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке,тіл,сөз өнерін және табиғатты қадірлеп,қастерлей білуге
адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа білім беру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,баяндау,түсіндіру
Пәнаралық байланыс:тарих,дүниетану
Көрнекіліктер:С.Сейфуллин суреті,шығармалары,интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а)Оқушыларды түгендеу
ә)Оқушының зейінін өлең жолдарымен сабаққа аудару
«Өнер алды-қызыл тіл»
Анаңдай оны құрметте!
Қапсымай,талдай үйрен,біл,
Асылын сөздін өрнекте.
Ана тіл-асыл қазына
Байлығың-білсең ол сенің.
Жеткізер өмір жазына,
Сонымен өсер өркенің-дей отырып сөз өнерін,асылын тіл тазалығын сезінетін әдебиет сабағын бастаймыз.
2.Ұй тапсырмасын сұрау
а)С.Мұқанов туралы қысқаша сұрау
ә)«Көкшенің көрінісі» мәтіні бойынша сұрақ-жауап
б)-Балалар,сендер мен қойған сұрақтарға дұрыс жауап берсендер экранға бүгінгі
өтетін тақырыбымыз шығады (әр сұраққа жауап бергеннен кейін тақтада сабақ-
тың тақырыбының әріптері біртіндеп шығып отырады)
1.С.Мұқанов кім?
2.Ол кісі қай жылы дүниеге келген?
3.Қандай еңбектерін білеміз?
4.Жазушы Көкшенің көркін қалай суреттеген?
5.Көкшені неліктен гаухар тастан жасалған күмбезге теңейді?
6.Осы мәтінде қандай сөздер саған ерекше әсер берді?
7.Сен өз туған жеріңді қалай суреттер едің?
8.Мәтін несімен ұнады?
9.«Көкшенің» деген сөзден басталатын азат жолдан бастап кім жатқа айтып
береді?
3. Сабақтың мақсатың хабарлау
-Өздерің көріп тұрғандай бүгін біз үш бәйтерегіміздің бірі С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» деген өлеңімен танысамыз.
-Қане сабағымызға мақсат қойып жіберейік
4. Жаңа сабақ:
-Өлеңмен таныспас бұрын біз ақын туралы не білеміз?
- Қандай шығармаларымен таныспыз?(туған ел,қызыл шұнақ)
Мұғалімнің толықтыруы
С.Сейфуллин «Бақыт жолында» (1917), «Қызыл сұңқарлар» (1920) драмаларын жазады.С.Сейфуллин қазақ музыкасының дамуына өзінің тамаша әндерімен үлес қосты.Оның «Тау ішінде», «Көкшетау», «Біздің жақта» т.б. әндерін ел сүйіп айтады.
Ақын «Асау тұлпар», «Домбыра» (1924), «Экспресс» (1926) атты өлең,поэмалар жинағын жариялап, «Көкшетау» поэмасын (1922) жазады. С.Сейфуллиннің 1927 жылы «Тар жол,тайғақ кеше» атты мемуарлық романы,1928 жылы «Жер қазғандар» повесі,1933 жылы «Альбатрос» (поэма) т.б. кітаптары жарияланды.
- С.Сейфуллиннің атылғанын растайтын айғақ табылды.
а) бейнебаян көрсету
б) оқушылар кезекпен оқиды
в)әр шумақты оқыта отырып,талдау / картадан Сарыарқаны,Бетпақдаланы көрсету/
- Ақынның айтайын деген ойы табиғатты қорғау,жан-жануарларды аялау
екен.Осыған байланысты қазақ халқының әнші-күйшілерінің шығармасы да жетерлік.Мысалы:Құрманғазы Сағырбайұлының «Ақсақ киік» күйі,Жақсыкелді Айілов ағамыздың «Жез киік» әні, С.Сейфуллиннің сөзімен қоса әніде айтылатын «Ақсақ киік» әнінің барлығында жазықсыз жануарға деген аяныш сезім айқын байқалады.
Сергіту сәті: Құрманғазының күйі «Ақсақ киік» (тыңдату)
5. Бекіту
а) Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.
б) Ақбөкен,киік туралы мәлімет.
- Ақбөкен,киік-жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын,тұлғасы ірі,қойға ұқсас,дөңес тұмсықты,күйіс қайыратын түз жануары.
- Текелерінің дене тұрқы 126-150 см,салмағы 37-49 кг,ал ешкілері кішірек,дене тұрқы 103-127 см,салмағы 22-37 кг-дай болады.
-Ақбөкендер шөл,шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген.
Жылына бір рет төлдейді,жаппай төлдеуі мамырдың 1 жартысында өтеді.Бұл кезде
Күн салқындап,жауын-шашын көп болады да,оны қазақ халқы «Құралайдың сал- қыны» деп атайды.Көбіне егізден,кейде 3 лақ та туады.
-Өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді.Олардың басты жауы-қасқыр,ал
жас төлдеріне бүркіт,дала қыраны шабуыл жасайды.
-Ақбөкен аусыл,пастереллез ауруларымен аурады. Оларды дәмді етті,құнды мүйізі мен тұяғы,әдемі терісі үшін аулайды.
-Қазақстанда 1921 ж.бөкенді аулауға тыйым салынған.
Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады,тұяғын күйдіріп одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады,сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады.
-2006 жылы «Қызыл кітапқа» енді
ә) шығармашылық жұмыс
1.қатар «Табиғатты қорғау» тақырыбына әңгіме жазу
2.қатар «Киік» тақырыбына сипаттау мәтінін құрастыру
3.қатар Киікті атқан адамға деген өз қөзқарасынды білдір.
6.Қорытындылау
а) «Бәйге» ойыны
10 20 30
40 50 60
10- Бетпақ даланы неге шөл деп атайды?
20-Өлеңнен киіктің сұлулығын бейнелейтін жолдарды тауып оқы.
30-Өлеңнен оқ тиген киіктің халін суреттеген тұстарды тауып оқы
40-Киікті басқаша қалай атайды?
50-Киік мүйізінен не жасалады?
60-Біздің елімізде неліктен киікті қорғау талап етіледі?
ә) ән тыңдату С.Сейфуллин «Ақсақ киік»
б)
Жауы қасқыр
Өсімдіктің 80-нен астам түрімен
Шөлейтті,далалы аймақтарда Тұлғасы ірі,қойға ұқсас
тіршілік етеді
7.Үйден табиғатты қорғау туралы тыйым сөздерді жинастырып келу және өлеңді мәнерлеп оқу.