kz ru
Ресми ақпараттық ғылыми-әдістемелік сайт

Тағылым

Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал
Басты жаңалық
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
http://edunews.kz/
Баннер 250х225

Соңғы мақалалар

Қазақ тілінің алғыры

 Бибігүл Кучибекова,  Тараз қаласы №42 орта  мектебінің...

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің...

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына...

Үздік педагог

Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Толығырақ

Білім және ғылым жаңалықтары

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген...

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі толық шешіледі
 ОҚО-да алдағы үш жылда апатты...

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы мамандықты тегін меңгереді
Оқуға түсе алмай қалған түлектер...

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Баннер 250х310

Қазақ тарихындағы тұлғалар

Oблысы Карашаш Козбакова, 
Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі,
Байзақ ауданы, Жамбыл
 
                                                    Қазақ тарихындағы тұлғалар
 
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру.
Міндеті:
Білімділік: Өткен тақырыптарды қайталай отырып, түсініктерін толықтыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың жан-жақты білімін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шындау.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұлттық рухты бойына жинаған азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Пысықтау, жинақтау сабағы
Сабақтың түрі: Жарыс сабағы
Сабақтың әдісі: Oйын түрлері
Сабақтың көрнекілігі: слайд, тапсырмалар жазылған парақтар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Ойынның мақсаты мен жоспарын таныстыру. 
А) «Брейн-ринг» ойыныныа 10-11 сынып оқушыларынан құралған 3 топ қатысады. :
1 топқа Алаш
2 топқа  Азат
3 топқа Ақиқат деген ат беріледі
Ә) Ойын кезеңдерімен таныстыру.
І. «тарихи блиц»
ІІ. «тұлғаны таны»
ІІІ. «кім не жазды»
IV. Терминдерге анықтама бер.
ІІ. Ойынның барысы:
І кезең «Тарихи блиц» деп аталады. Сіздерге сұрақтар оқылады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
1 топ:                                         
1. «Қара сиыр» деген жерде болған қанды шайқас тарихта қандай атпен қалды? («Қалмақ қырылған»)
2.  С.Датұлы көтерілісі кезінде Кіші жүзде қатарынан билік жүргізген екі хады ата:   (Қаратай, Айшуақ) 
3. ХІХ ғ бірінші жартысында бүкіл Қазақстанды қамтыған көтеріліс (К.Қасымұлы)
4. Абылай Жоңғар тұтқынында болған жылдар: 1741-1743 жж
5. 1843 ж Жаңқожа батыр халық қолдауымен құлатқан бекініс: (Хиуа бекінісі)
6. Бөкей Ордасындағы 1842 ж көтерілістің басшылары: А.Қоштайұлы мен Л. Монтайұлы
7. Ұлт-азаттық көтерілісі кезінде Жайымтал болсының ханы болып сайланды: Б.Әшекеев
8. 1836-1838 жж  Бөкей Ордасындағы көтеріліс бойынша саот жазалау ісін ббасқарған: полковник Геке
9. Т.Рысқұлов, С. Сейфуллин, С.Меңдешов сияқты халықтың төменгі тобынан шыққан зиялылар 1916 ж ұлт-азаттық көтеріліс туралы қандай көзқараста болды? Көтерілісті толық қолдады
10 Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін ұсталып, жаза тартқандардың саны: 8500
2 топ.
1. Пана табу үшін Орта жүзге қашқан жоңғар тағынаң дәмеленушісі: Әмірсана
2. Абылай ханнан қалған ұрпақ? 30 ұл, 40 қыз
3. Жаңқожа бастаған көтеріліс бағытталды: Хиуа мен Ресейге
4. Кенесары қашан және қай жерде қаза тапты? 1847 ж Майтөбеде
5. С.Датұлы көтерілісі кезінде өлтірілген Кіші жүз ханы: Есім хан
6. Исатай көтерілісін тездетіп басуға әсер еткен жағдай: Кенесары қозғалысының кіші жүзді шарпуы.
7. Кенесары Қасымұлының атасы: Абылай
8. 1916 ж ұлт-азаттық көтерілістің Қарқарадағы жетекшілері: Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов
9. «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар», - деп жазды: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсыноа, М.Дулатов
10. Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға қарсы коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен жасалған құпия жедел жоспар: «Бұрқасын-86»
3 топ
1. 1771-1781 жж билік еткен қазақ ханы кім? (Абылай)
2. Жаңқожа бастаған көтеріліс жаншылды: 1860 ж
3. Кенесары бастаған көтерілістің соңғы шайқасы өткен жер: Қырғызстан, Кекілік Сеңгір
4. С.Датұлы бастаған көтерілістің нәтижесі: Қазақтарға Жайықтың оң жағынан өтуге рұқсат етілді.
5. Махамбет, Шернияз ақындар қатысқан көтеріліс: 1836-1838 жж Ішкі ордадағы көтеріліс
6. Бөкей Ордасында болған көтерілістің мақсаты айқын көрінеді: махамбет өлеңдерінен
7. 1916 ж патша Жарлығын орындауға келісетін топ: байлар, ауыл старшындары
8. 1916 ж ұлт-азаттық көтеріліс туралы жазылған «Ботагөз» романының авторы: С.Мұқанов
9. 1916 ж ұлт-азаттық қозғалыс кезінде Торғайдағы соңғы шайқас өткен жер: Доғал-үрпек
10. Желтоқсан оқиғасына байланысты ІІМ жүйесінен қанша адам жұмыстан қуылды: 1200
2 кезең «Тұлғаны таны» деп аталады.
1 топ
1 Ол 13 жасында әкесінен айырылып, әкесінің қызметшісінің көмегімен жауларынан қашып құтылған. Сол кезден – ақ оның бойынан ірі қайраткерге тән қасиеттер байқала бастаған. Ақылымен, ержүректілігімен, табандылығымен ерекше көзге түскен. Қашып жүргенде Орта жүз ханы Әбілмәмбет сарайындағы ақсүйектерге келіп қосылады. Ол қазақ батырлары, билері және сұлтандары арасында белгілі болды? (Абылай хан)
2. Ол Байбақты руының старшыны. Оны "қара сүйектен” шықты деуге қиын. Өйткені ханның оның апасына үйленуіне қарағанда көрнекті және ауқатты топқа жатуы мүмкін. 1802 ж белгісіз себептермен қайтыс болды. Бұл кім? (С.Датұлы)
3. Аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері ғалым, публицист, аудармашы, Оның дүниеге көзқарасын қалыптастырып, дамыта түсуінде қазақтың халық ауыз әдебиетінің орасан зор ықпалы болды. Ал саяси көзқарасын қалыптастыруына Ұлы француз революциясының биік мақсат-мұраттары зор ықпал етті. 1890 жылы ол Омбы техникалық училищесін, 1894 жылы Санкт-Петербург Императорлық Орман шаруашылығы институтының экономикалық факультетін бітірді. (Ә.Бөкейханов)
2 топ
1 Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне бас болған, қолбасшылық, дипломатиялық қабілеттерін барынша көрсете білген билеуші. Ол көрші ірі мемлекетпен тығыз байланыс орнату арқылы қалмақтар мен башқұрттардың мазалауын тоқтатуға тырысты. Ұлы жүздің ханы Болат өлімінен кейін ол аға хандыққа таласып, халық жасағының ішінде іріткі туғызды. Бұл кім? (Әбілқайыр хан)
2. Бұл тұлға орысша да, ана тілінде де сауатты болған. Біраз жерлерді аралағна, соның ішінде Хиуаны көрген, езілген еңбекшілердің ауыр өміріне налыған. Алғашында хан сарайына жақын жүрген ол шаруалардың қапас өмірін көріп, шешен, суырып салма ақындық өнерін шонжарларды түйреп, сынауда шебер пайдаланды. Бұл кім? (М.Өтемісұлы)
3. Бұл тұлға Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Бірлік ауылында дүниеге келеді. Орта мектепті аяқтаған соңы Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін абыроймен өтеп келген соң, Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына оқуға түсіп, сол жылы жаламен тұтқындалып, өлім жазасын 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырды. Бұл кім? (Қ.Рысқұлбеков)
3 топ
1 Бұл тарихи тұлға 1802 ж дүниеге келген. Ол бала кезінен батырлығымен, ақылдылығымен, әділдігімен ерекшеленген. Оның көзқарастарының қалыптасуына әкесі елеулі ықпал етті. Ол түрік, араб, өзбек, татар, орыс тілдерін білген. Бұл кім?  (К.Қасымұлы)
2. Бұл адам жасынан өзінің тапқырлығымен, қабілетімен көзге түскен. Ол 1812 ж Беріш руының Жайық бөлімінің старшыны етіп тағайындалған. 1814 ж Орынбор шекаралық комиссиясы  старшындыққа  бекіткен. 1817 ж, 1823 ж Орынбор генерал-губернаторының көрсетуі бойынша жала жабылып, сотқа тартылған. Бұл кім? (И.Тайманұлы)
3.  Ол еңбек Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.  Қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, қалалық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, екінші хатшы болып істеді. 1984-1989 жж Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметін атқарды Бұл кім? (Н.Назарбаев)
3 кезең. Топ басшылар жарысы. «Кім не жазды» деп аталады.
1 топ
1. «Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар
алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін-сорлы халық  болар»  (Ә.Бөкейханов)
2. «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі  проблемаға айналды.» (А.Байтұрсынов)
2 топ
1.«1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды» (Т.Рысқұлов)
2. «Қазақ-қырғыз осы көтерілісте көп адамын өлтіріп, шаруасын күйзелтсе де, келешекке қандай ел екенін білдірді...» (Ә.Бөкейханов)
3 топ
1.«Жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды» (М.Дулатов)
2.«Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Бостандық күні туды..»- деп Минскіден жедел хат жіберген. (Ә.Бөкейханов)
4 кезең. Терминдерге анықтама бер деп аталады.
1 топ
1. Революция - қоғам өміріндегі түбірлі өзгеріс, төңкеріс.
2. Сенат – Парламенттің жоғарғы палатасы.
3. Конфессия – діни сенім
 4. Реформа - жаңа заң актілері арқылы, сол қоғамның шеңберінде өзгерістер жасау.   
2 топ
1. Декларация - үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан, сонымен қатар бір немесе бірнеше мемлекеттердің халықаралық саясат мәселелері бойынша жарияланатын саяси ресми мәлімдеме, құжат.
2. Мәжіліс – Парламенттің төменгі палатасы.
3. Оппозиция  өз көзқарасын, ұстанатын саясатын билік басындағылардың көзқарастарына, саясатына қарсы қоя отырып, әрекет ету. 2. көпшіліктің немесе билік иелерінің пікірлеріне қарсы шығушы партия немесе адамдар тобы.
4. Референдум- мемлекеттік құқықта сайлаушылар корпусының конституциялық, заңдық және басқа ішкі-сыртқы мәселелер бойынша түпкілікті шешім қабылдау
3 топ
1. Демократия - грек. «demos»-халық, «kratos»-билік)-халық билігі немесе халықтың басқаруы деген мағынаны білдіреді.
2. Егемендік - (орыс. Суверинитет, франц. Жоғарғы  билік)-мемлекеттік биліктің бірлігін, дербестігін айқындайды.
3. Зайырлы- діни емес, азаматтық өмір салты
4. Толеранттық - (латынша-«бүкіл, толық, барлық»)-адамның саяси билікке түгелдей бағынуымен, мемлекеттің қоғамға толық бақылау орнатуымен сипатталатын қоғамның әлеуметтік-саяси құрылысы
 
Қорытындылау. Әділқазылар алқасы әр топтың бағасын беріп марапаттайды
Мерзімі:
Просмотров: 2 678
Ұқсас мақалалар:
Астанада «Болашақ» халықаралық стипендиясының Тіл мектебі ашылды

Астанада «Болашақ» халықаралық стипендиясының Тіл мектебі ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Кеше, 11 ақпанда Астана қаласында алғаш рет «Болашақ» халықаралық стипендиясының жаңа Тіл мектебінің ресми түрде ашылуы болып өтті....
Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін оқыту

Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін оқыту

Айнур Мынжасарова, Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Шу ауданы, Жамбыл облысы ...

«Кім білгір, кім алғыр?» сайысы

Зауреш Сатылганова, Ю.Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Байзақ ауданы, Жамбыл облысы...
Дыбыс сипаттамалары

Дыбыс сипаттамалары

Марат Муртазаев, Ғабиден Мүстафин атындағы №5 қазақ орта мектебінің бірінші санатты физика пәні мұғалімі                                 Дыбыс сипаттамалары  ...
Жамбыл облысында жекеменшік балабақшаларда 3513 бүлдіршін тәрбиеленуде

Жамбыл облысында жекеменшік балабақшаларда 3513 бүлдіршін тәрбиеленуде

Бүгінгі күні Жамбыл облысында 425 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде (258 балабақша, 167 шағын орталық) 45399 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесі 1-6 жас аралығында 53,3%-ды, 3-6 жас аралығында 75,0%-ды...
Пікір: 0
Пікір қосу