kz ru
Ресми ақпараттық ғылыми-әдістемелік сайт

Тағылым

Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал
Басты жаңалық
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
http://edunews.kz/
Баннер 250х225

Соңғы мақалалар

Қазақ тілінің алғыры

 Бибігүл Кучибекова,  Тараз қаласы №42 орта  мектебінің...

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің...

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына...

Үздік педагог

Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Толығырақ

Білім және ғылым жаңалықтары

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген...

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі толық шешіледі
 ОҚО-да алдағы үш жылда апатты...

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы мамандықты тегін меңгереді
Оқуға түсе алмай қалған түлектер...

Күнтізбе

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Баннер 250х310

Химия кереметі

Химия кереметі
Бахыт Амиева, 
Шадыра мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешені,
Баянауыл ауданы, Павлодар облысы
 
                                                                      Химия кереметі 
 
Мақсаты : Оқушылардың химия пәніне қызығушылығын  арттыру. 
 
Қатысушылар : Патша, Желпуші, Сиқыршы, Малай. 
(сахнада патша отырады, оның жанында қауырсынмен желпіп көмекшісі отырады.) 
Малай: – О, падишам, біздің шаһарда бір данышпан сиқыршы жүр дейді. 
Патша: –Оны мен қалай естімедім, кәне, дереу алдыртыңдар! 
Малай: -Әміріңізге құлдық, падишам, қазір!
( тағзым етіп, шығып кетеді де, сиқыршыны алып келеді)
(тағзым етіп сиқыршы келеді.) 
Сиқыршы:  - Ассалаумағалейкум, падишам ! 
Патша: – Иә, сиқыршым, кел, жоғары  шық, отыр (орын нұсқайды.)
Сенің атағыңды  біз де естіп  жатырмыз. Кәне, бізге де бір-екі сиқырыңды көрсетші.
Сиқыршы: – Ау, сізге не көрсетсем екен? (жан-жағына қарап ойланып қалады ) 
Патша: –Бізге не көрсетсең де  бәрібір, әйтеуір қызық болса болғаны. 
Сиқыршы: (стол үстіндегі гүлді көріп) 
-Падишам, мына гүліңіз  неге ағарып кеткен? 
Патша: –Қыстың күні біздің шаһарда тірі гүл табу мүмкін емес. Сондықтан бұл сәндік үшін қойылған өтірік гүл ғой. Оған көңіл аудармай –ақ қой. 
Сиқыршы: –Ендеше, падишам, мен осы гүлге жан бітіріп, тірілтейін, түсін өзгертейін.  Қандай түске өзгертсем екен? (ойланады ) 
Патша: Жер бетіндегі бар өсімдікке тіршілік беріп тұрған, күн сәулесінің қызыл түсі. Егер қолыңнан келсе, қызылға өзгертші, көрейін. Сонда сенің сиқырыңа сенейін. 
Сиқыршы: –Ол біз үшін түк емес. Ол үшін менің сиқырлы дүниелерімді әкеліңдер. 
( сахнаға сиқырға қажетті заттар әкелінеді.)
Сиқыршы гүлге  жақындап, қолымен әр түрлі қимылдар жасап, гүлді сиқырлаған болады. Сосын былай дейді:
-Енді бұны тірілтіп, түс беру үшін «тірі су» себейін –деп бір түссіз су сияқты затты  гүлге бүркеді. (гүл біртіндеп  қызыл түске боялады.)
Патша: –Міне, ғажап! Міне, керемет! Мына гүл шынында да тіріліп келеді. 
Тіпті қызыл түске боялды. Ой, рахмет, сиқыршым! Сенің мына кереметіңнен тіпті  ыстықтап, шөлдеп кеттім ғой!
-Әй, малай сусын әкелші!
Малай: -Әміріңізге құлдық, тақсыр, қазір әкелемін. (Шығып кетеді  )
Сиқыршы: –Падишам, жаныңызда сиқыршы отырғанда, сусынға кісі жұмсап қайтесіз? Мен-ақ дайындап, берейін. Не қалайсың, сүт ішессіз бе, әлде нарзан  суын ішесіз бе?
Патша: - Өз қалауың білсін, тек таңдай жібітетін бірдеңе берсең, болғаны. Мен саған сенемін ғой.
(Сиқыршы  нарзан суын немесе лимонад жасауға кіріседі.) 
 - Міне падишам, нарзан суы, ішіңіз! Қажет десеңіз, сүтте жасап берейін! 
Патша: Сиқыршы ұсынған суды ішеді де «уф»  рахат –ай, бұл сусын болмаса қайтер едік? - деп қалтасынан орамалын алып  маңдайын , мойнын сүрте бастайды.
-Тіпті терлеп кеттім ғой! Жоқ, сиқыршым, сүт қажет емес, осы да жетеді.  Енді не көрсете аласың?
Сиқыршы: - Падишам, ана орамалыңызды бере тұрыңызшы (орамалды  алып қарайды да, бір ыдыстағы түссіз заттарға батырып алып, темір штативке бекітіп, тұтатып, жағуға кіріседі).
Патша: -Әй, мұның не, бұл ханшаның сыйлығы еді, сен өзі не істеп жатырсың ? Өртеме орамалды, оңбаған, кәне тоқтат!
Сиқыршы: - Сабыр етіңіз, падишам, қазір көресіз, керемет болады. (сиқыршы жанбайтын  орамал  тәжірибесін жасап, патшаға орамалын сол қалпында қайтарып береді.) 
Патша : -Керемет, керемет! Мұндай да болады екен-ау? Сен өзі сайтансың ба, жынсың ба? Жаңа ғана мына орамал  лаулап жанып жатыр еді. Енді түк болмағандай  сол қалпында қалыпты. Бұл қалай, ә?
Сиқыршы: – Иә, падишам, орамалыңызды бүтін  қалпында  қайтарып бердім . Бұл сиқырдың күші ғой. 
Патша : - Рас, сен нағыз сиқыршы екенсің, енді сенің осы қызметіңе көрсеткен ғажап сиқырларың үшін, не силасам екен?
Сиқыршы: –Падишам, ештеңе әуре болмаңыз. Менің  сиқырым - химияның құдыреті ғой. Мына отырған балалардың  кез-келгені  сізге осындай қызмет көрсете алады.
Патша: - Не дейді, сонда мына отырған балалардың бәрі  де  сен сияқты сиқыршы ма,  «Химия» дейсің  бе, ол не қылған құдырет иесі?
Сиқыршы: –Падишам, «химия» деген ол – ғылым, сол ғылымды меңгерген әрбір  адам сізге осы кереметтерді, тіпті одан да қызық кереметтерді көрсете алады. Мына отырған балалар – сол ғылымды оқып, меңгеріп жүргендер. 
Патша: –Жарайды, сиқыршым, еңбекті елеу керек.  Біз де адамның еңбегін  бағалауды білеміз. Сенің сол химияны меңгергенің үшін, мә, саған сыйлық! –деп екі-үш бақыр тиын ұсынады. 
Сиқыршы: – Падишам, ғылымды меңгергені үшін  сыйлыққа бақыр тиын  берген ұят болар. Мен сізге  бұларды  күміске айналдырып берейін. Сіз тек мұрныңызды басып отырыңыз. (қола тиынды күміс тиынға айналдырады )
Патша:  - Мынау не дейді? Ойбай –ау, бақырды күміске айналдырамын  дей ме? Олай болса мен мұрнымды емес, аузымды  да қоса  жауып отырайын.(орамалмен аузы–мұрнын жауып отырады). 
Сиқыршы: –Ал, падишам, ғылым, білім сатылмайды, мен сіздің сыйлығыңызды  ала алмаймын. Бақыр тиыныңызды күміске айналдырып бергеніме риза болыңыз – деп орнынан тұрып, тиынды патшаға береді. 
Патша: (тиынды орамалмен, етегімен сүртіп, айналдырып, қайта –қайта  қарап, аузына тістеп көреді )
Патша: –Ау, сиқыршы мұның ғажап  болды.  Менде бар ғой, бақыр көп. 
Кәне, сонша бәрін күміске айналдырып бер! 
(бұл кезде сиқыршы қоштасып, шығып кеткен, оны  патша байқамай қалады.) 
Патша: - Қап, кетіп қалыпты ғой!? Әй, малай, алдырт әлгі сиқыршыны! Сиқыршы қайдасың? - деп сүріне-қабына сахнадан патша шығып кетеді. 
 
Желпуші: -Міне, балалар, сендер оқып жүрген  «химия » деген – қызық ғылым екен.  Сендер де соны жаңағы «сиқыршы» айтқандай қажымай,  талмай, еріншек болмай, дұрыс оқып, меңгересіңдер. Сендердің қолдарыңнан бұл өмірде  талай кереметтер келетініне мен сенемін. 
 
 
«Тірі су»- гүлді алдын ала  қағаздан жасап сілті ерітіндісіне батырып  алады,  гүлге  түссіз фенолфталеинді сепкенде таңқурай түске боялады.
«Нарзан суы» - лимон қышқылы, эссенция, тамақ бояуы.
«Жанбайтын орамал» - орамал жанып кетпес үшін  суға,  сосын  спирт ерітіндісіне   батырып жағады. Су кепкенше орамалдағы спирт  жанады да,  орамал жанбай қалады. 
«Қола тиынды күміс тиынға айналдыру» - бұл үшін мыстан немесе қоладан  жасалған тиындарды қысқышпен ұстап концентрлі азот қышқылында тоттан тазартып,  суда жуып алу керек. Олар сумен шайылып болғаннан кейін, 10 %-тік  сынап нитраты  ерітіндісінде 2 минуттай  ұстау керек. Металдардың активтік қасиетіне сай мыс сынапты ерітіндіден ығыстырады. 

Мерзімі:
Просмотров: 2 741
Ұқсас мақалалар:
Білімді жас - ел ертеңі

Білімді жас - ел ертеңі

2016 жылғы қаңтар айының 5-і мен 6-ы аралығында Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде 15 пән бойынша жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында облыстық пән олимпиадасы өткізілді, деп хабарлайды Білім және ғылым...
Бейімбет Майлин. «Күлпаш»

Бейімбет Майлин. «Күлпаш»

Гүлнұр Турпанова, Ораз Жандосов атындағы орта мектептің бастауыш сынып  мұғалімі, Шу ауданы, Жам был облысы...
Астанада «Болашақ» халықаралық стипендиясының Тіл мектебі ашылды

Астанада «Болашақ» халықаралық стипендиясының Тіл мектебі ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Кеше, 11 ақпанда Астана қаласында алғаш рет «Болашақ» халықаралық стипендиясының жаңа Тіл мектебінің ресми түрде ашылуы болып өтті....
Қарағандылық студенттер баламалы энергия көзіне қол жеткізді

Қарағандылық студенттер баламалы энергия көзіне қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінің студенттері мен оқытушылары күн электр станциясы арқылы баламалы энергия көзіне қол жеткізді, деп жазады 24.kz....
Жамбыл облысында жекеменшік балабақшаларда 3513 бүлдіршін тәрбиеленуде

Жамбыл облысында жекеменшік балабақшаларда 3513 бүлдіршін тәрбиеленуде

Бүгінгі күні Жамбыл облысында 425 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде (258 балабақша, 167 шағын орталық) 45399 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесі 1-6 жас аралығында 53,3%-ды, 3-6 жас аралығында 75,0%-ды...
Пікір: 0
Пікір қосу