Ағылшын және қазақ тіліндегі фразеологиялық тіркестер қатарындағы соматизм
Ш.Ш. Өтебаева,
Тараз Мемлекеттік Университетінің
«Шетел филологиясы және аударма ісі»
кафедрасының оқытушысы
А.С.Сраил,
Тараз Мемлекеттік Университетінің
«Шет тілі: екі шет тілі»
мамандығының 1 курс студенті
Түйін
«Ағылшын және қазақ тіліндегі фразеологиялық тіркестер қатарындағы соматизм» атты мақаланың түйіні.
Бұл жұмыста қазақ және ағылшын тілдеріндегі соматикалық фразеологизмдер салыстырмалы түрде зерттеледі. Адам дене мүшелері атауларынан құралған фразеологизмдерді жинақтап оларға статистикалық талдау жасалынды.
Түйін сөздер: фразеологизм, соматизм, идиома, статистикалық талдау, тұрақты тіркестер, қазақ және ағылшын
Аннотация
Тема данной работы «Соматизм в составе фразеологий английского и казахского языков»
В данной работе рассматриваются соматические фразеологизмы в английском и казахском языках. Исследуется комплекс вопросов касающихся природы фразеологических единиц и классификация сочетаемыстных своиств.
Ключевые слова: фразеологизм, соматизм, идиома, статический анализ, устойчивые словосочетания, англиский и казахский
Ағылшын және қазақ тіліндегі фразеологиялық тіркестер қатарындағы соматизм
Фразеологизмдер - тілдің мағыналык жағынын көпғасырлық дамуының нәтижесі. Тілдік бірліктің тіл біліміндегі орны, атқаратын кызметі ерекше,ceбeбi, коршаған орта туралы күрделі ұғымдар мен түсініктерді кыска әpi ыкшамды, бейнелі де эмоционалды турде беруде оған тең келер бірлік жоқ.
Тіршіліктің бар саласын қамтитын әр ұлттың өзіне ғана тән көркем сөз орамдарын – фразеологизмдерді молынан табуға болады. Фразеологизм тілдің айшықты да, мәнерлі, бай саласының бірі. Бұлар өзінің бейнелік , әсерлік қасиетімен қасиетімен көзге түседі. Осындай көркем, пәрменді бояуы қанық алуан түрлі фразеологизмдерді халық орынды пайдаланып, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп келеді. Халықтың талай ғасыр сомдап шығарған тұрақты тіркестері – фразеологизмдер тіл қазынасының бір бөлігі.
Құрамында дене мүшелерінің атаулары бар тұрақты сөз тіркестерін соматикалық фразеологизмдер деп атайды (грек. Soma – дене, onym - атау). Лексикологтардың айтуына қарағанда қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестерінің 30% жуығы соматикалық атаулардан тұрады.
«Анатомиялық атаулар негізгі сөздік қорға жататындықтан, көп мағыналы, туынды сөз жасауға сонша бейімділігімен ғана сипатталмайды, сонымен бірге тұрақты тіркестер жасаудағы белсенді қызметімен де айрықша көзге түседі». Бір сөздің өзі бір ғана ұғымға телінбей, әлденеше ұғымға, ортақ атауға айналып кеткен.
Жекелеген сөздердің әр ұғымға жату – жатпауын есепке алмай, жалпы адам біткенге қатысты сөздер мен фразеологизмдерді барынша түгел қамтып көрсету мақсатында сөздікте адамның дене мүшелеріне қатысты екі жүзге жуық сөздер қамтылып, бұлардан туындаған 4200 фразеологизмдер бар екені анықталған. Бұл қазақ тілінің анатомиялық атауларға қатысты фразеологизмдерге соншалықты бай екенін көрсетеді. Тілдегі фразеологизмдердің мол қорын жасаудағы адамның дене мүшелерінің қызметін жай кездейсоқ нарсе деп қарауға болмайды.
Адамдар өзіне тән қимыл әрекетін, ішкі психологиялық жай күйін, бойындағы бар қасиетін айнала қоршаған ортаға, түрлі құбылыстарға ұқсастырып , салыстыра сөйлеуді әдет еткен. Мысалы, сөзге шебер, шешен кісі туралы тілге жүйрік, тілі майда, тілі мен жағына сүйенген т.б деп айтады. Keep a civil tongue in one’s head – «әдепті сөйлеу», тырнақ астынан кір іздеу – «жаманшылық қуу», аузы аққа тию – «айран,сүт ішу», тізесін батыру – «күш көрсету», т.б толып жатқан ұқсас құбылыстарды соматикалық атаулар арқылы жеткізген.
Фразеологизмдерді мағына жағынан классификациялау ең қиын мәселелердің бірі. Қиындық нақты бір тілдегі сөз тудырушы тәсілдердің бірі болып табылатын осы категорияның өзіндік ерекшелігінен келіп шығады.
Мысалы: 1. Тілі байланды деген фразеологизм «ауру-сырқаудың салдарынан тілі сөйлеуге келмей қалды» деген мағынаны білдірумен қатар, басқаша мән беріп айтатын болсақ, «үні шықпады», «аузына құм құйылды» дегендердің орнына жүретіні белгілі. Lose one’s tongue – «тілін жұтып қою», «үндемей отыру» деген мағынаны білдіреді. Кейде тұлғасы мен құрамы жағынан бір-біріне ұқсамайтын фразеологиялық бірліктің өзі де кейде бір ғана ұғымды білдіре алады. Мысалы: «мылжың», «бос сөзді» деген ұғымды – аузымен орақ ору, тілмен жағына сүйену, тілі ұзын – деп айта аламыз, ағылшын тілінде- wag one’s tongue- «дәмсіз сөйлеу»; a long tongue – «тілі ұзын» деген балама сөздермен айта аламыз.
Бұл мақалада қолданылған барлық дерексөздерден жиналған адам дене мүшелері атауларынан құралған фразеологизмдерді жинақтап оларға статистикалық талдау жасауға тырыстық.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі соматикалық фразеологизмдерге компоненттік талдау жасау мақсатында тұрақты тіркес құрамына кіретін ең өнімді адам мүше атаулары таңдалынып алынды. Олардың саны – 17: ауыз – mouth, аяқ – feet, бас-head, бауыр – liver, бет – face, бүйрек-kidney, ерін – lip, жүрек – heart, иық – shoulder, көз – еуе, кірпік – еуеlash, қол – һand, құлақ – ear, мұрын – nose, тырнақ – nail, тіл – tongue, тіс – tooth.
ауыз – mouth
Қазақ тілінде ауызға байланысты – 53 фразеологизм, ал ағылшын тілінде – 20 тұрақты тіркес табылды. Мысалы, ағылшын тілінде: With one mouth6 Sing on the wrong side of one’s mouth, Open full mouth, т.с.с. Ал, қазақ тілінде: Аузы-аузына жұқпады. Аузына берік, Аузы дуалы т.с.с.
аяқ – feet
Ағылшын тілінде аяққа байланысты – 14, ал қазақ тілінде – 26 соматикалық фразеологизмдер бар. Мысалы, ағылшын тілінде: Be at smb’s feet;Be light on one’s feet. Аруағын аяққа басты. Аяғы алысқа түсті.
бауыр – liver
Қазақ тілінде бауыр сөзімен – 33, ағылшын тілінде – 7 фразеологизм бар. Мысалы ағылшын тілінде: Hot liver; White liver; Good liver; Ал қазақ тілінде Бауыры суыды, Бауыр басты, Бауырға ел тарттырмады.
бет – face
Ағылшын тілінде бетке бйланысты – 18 тіркес, ал қазақ тілінде – 45 фразеологизм бар. Мысалы, ағылшын тілінде: On the face of the earth; Good Friday face; In the face of the day; Қазақ тілінде: Бет алды; Бетінен жарылқасын; Бетке оттай басылды; т.с.с.
ерін – lip
Қазақ тілінде ерінге байланысты – 7, ағылышын тілінде – 3 тұрақты тіркес бар. Мысалы, ағылшын тілінде : Lick one’s lip; Escape smb’s lips: Қазақ тілінде: Ерні кезерді; Ернін шүйірді
жүрек – heart
Ағылшын тілінде жүрекке байланысты – 31, ал қазақ тілінде – 40 фразеологизм бар. Мысалы ағылшын тілінде A big heart; Have one’s heart in one’s mouth; Қазақ тілінде Жүрегі дауаламады, Жүрегі елжіреді
көз – еуе
Қазақ тілінде көзге байланысты – 43, ал ағылшын тілінде – 34 фразеологизм бар. Мысалы ағылшын тілінде: All my eye; Black eye; Cas an evil eye; Қазақ тілінде: Көген көз, Көз алдында, Көз байлады.
қол – һand
Қазақ тілінде қолға байланысты - 58, ал ағылшын тілінде – 68 фразеологизм бар. Мысалы ағылшын тілінде: At hand; At single hand; Қазақ тілінде: Арзан қол; Қол жалғады; Қол жаулық
кірпік – еуеlash
Ағылшын тілінде кірпікке байланысты – 2, ал қазақ тілінде – 8 фразеологизм бар. Мысалы, ағылшын тілінде: Hang on by the eyelashes, Without turning an eyelash; қазақ тілінде: Кірпік қаққанша; Кірпігіне мұз қатты.
мұрын – nose
Қазақ тілінде мұрынға байланысты – 18, ал ағылшын тілінде – 32 фразеологизм бар. Мысалы: Acquiline nose; Cock one’s nose; Bite by the nose; Мұрнын жарды, Мрнынан шаншылып жүр; Мұрны қанап жатқан жоқ, т.с.с.
тіс – tooth
Қазақ тілінде тіске байланысты - 25, ағылшын тілінде – 20. Мысалы ағылышн тілінде Long in the teeth; Be fed to the teeth; Азу тісі балғадай, Тіс қаққан.
тырнақ – nail
Қазақ тілінде тырнаққа байланысты – 9, ал ағылшын тілінде – 5 фразеологизм бар. Мысалы ағылышн тілінде: By nails; Hit the nail on the head; Тырнақ алды; Тырнағын батырды.
№ |
Соматизмдер |
Қазақ тілі |
Ағылшын тілі |
№ |
Соматизмдер |
Қазақ тілі |
Ағылшын тілі |
1 |
Ауыз |
53 |
20 |
10 |
Көз |
68 |
60 |
2 |
Аяқ |
26 |
14 |
11 |
Кірпік |
8 |
2 |
3 |
Бас |
60 |
40 |
12 |
Қол |
71 |
50 |
4 |
Бауыр |
33 |
7 |
13 |
Құлақ |
35 |
32 |
5 |
Бет |
45 |
18 |
14 |
Мұрын |
11 |
23 |
6 |
Бүйрек |
7 |
3 |
15 |
Тіл |
54 |
20 |
7 |
Ерін |
11 |
10 |
16 |
Тіс |
20 |
10 |
8 |
Жүрек |
40 |
31 |
17 |
Тырнақ |
4 |
5 |
9 |
Иық |
16 |
13 |
18 |
|
562 |
358 |
Берілген кесте бойынша қос тілдегі соматикалық фразеологизмдерге статистикалық талдау жасағанмызда қазақ тілінде дене мүшесі атауы бар тұрақты тіркестер ішіндегі ең өнімдісі: 1.Қол – 71, 2.көз – 68; 3.бас – 60 ал ағылшын тілінде: 1. Eye-60, 2.hand-50, 3.head-40.
Сонымен, қос тілде де көз, қол, бас, сөздері тұрақты тіркестердің ішінде ең белсенді түрі екені анықталды. Жалпы қазақ тіліндегі біз қарастырған соматикалық фразеологизмдердің саны – 562, ал ағылшын тілінде – 358.
Жұмысымызды қорытындылай келе, соматикалық фразеологизмдер – бұл тіл атаулының бәріне ортақ құбылыс, тек олардың пайда болуы, құрылымы, қолданылуы, бейнелеуіштік қасиеті тіл иесі халықтың мінез-құлқымен, салт-санасымен, әдет-ғұрпымен және дәстүрімен ұштасып, олардың көрінісін береді. Ал, әр тілдің тұрақты тіркестері қоршаған ортасымен, орналасқан жерімен ерекшеленуі заңдылыққа жатады.
Әдебиеттер:
1.Кеңесбаев І. «Қазақ тілі фразеологизмдерінің сөздігі», Алматы, 1977ж.
2.Сайранбаев Т. «Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі тіркестер», Алматы, 1981ж.
3.Қожахметова Х.К. «Фразеологизмдердің көркем әдебиетте қолданылуы», Алматы 1972ж.
4.Кунин А.В. «Большой англо-русский словарь», 1984г.