kz ru
Ресми ақпараттық ғылыми-әдістемелік сайт

Тағылым

Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал
Басты жаңалық
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
http://edunews.kz/
Баннер 250х225

Соңғы мақалалар

Қазақ тілінің алғыры

 Бибігүл Кучибекова,  Тараз қаласы №42 орта  мектебінің...

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің...

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына...

Үздік педагог

Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Толығырақ

Білім және ғылым жаңалықтары

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген...

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі толық шешіледі
 ОҚО-да алдағы үш жылда апатты...

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы мамандықты тегін меңгереді
Оқуға түсе алмай қалған түлектер...

Күнтізбе

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Баннер 250х310

Абай салған сырлы әндер

Сабақтын мақсаты:

А) білімділік: Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі,оның қазақ музыка өнерінде алатын орын,ндерінің ерекшелігі туралы музыкалық білім беру

Б) тәрбиелік:  Абайдың қалдырған мұрасын жалғастыратын,саналы,өнерлі,білімді азаматты тәрбиелеу.Абай әндері арқылы эстетикалық,адамгершілік тәрбие беру.

В) Дамытушылық: Мзыкалық сөз қорларын байыту,музыканы тыңдай және түсіне білу,ән айту қабілеттерін жетлдіру.

Сабақтың түрі:             Аралас сабақ.

Сабақтың типі:             Жаңа материалды меңгеру.

Сабақтың әдісі:            Түсіндірмелі-иллюстративті,баяндау,сұрақ-жауып

Көрнекіліктер:

Сабақтың барысы: Оқушылар  сыныпқа  Абайдың «көзімнің қарасы» әнімен кіреді.

І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың сабаққа қатынастарын,оқу-құралдарын тексеру)

ІІ. Жаңа сабақ.

А) Қызығушылығын ояту. Абай деген сөзді естігенде,ойларыңа,көз алдарыңа не келеді? Оқушылар ойларын қағазға түсіреді. Ассоциациялық аймақ құрғызамын.

 

 Мағынаны тану: Оқушыларға Абайдың  туған жері туралы бейнетаспадан  көрсетемін.

Абай Құнанбаев  өмірі мен әндері туралы мұғалім түсінігі. (тақтада Абай суреттері кетеді)

Абай Құнанбаев (1845-1904) ақын, ағартушы, композитор, аудармашы.

 

Ол өзі қалдырып кеткен құнды мұраларында адам бойында кездесетін жаман мінез құлықтарды сынап, адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды.Сонымен бірге басқа халықтың мәдениетін, өнерін білуге шақырды.Абай композитор ретінде қазақ музыка мәдениетінде үлкен үлес қосқан. Ол өз әндерінде махаббат және табиғат суреттерін, жыл мезгілдерін жырлаған.


Әндері «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Өзгеге көңілім тоярсың»т.б. және де Абай орыс ақындары Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын қазақшаға аударып, оған музыка жазды.

 

 жылдар

                  атаулар

1845ж

1888ж

1919-1923жж

 

1926ж

1939ж

Абай Құнанбаев дүниеге келді.

«Желсіз түнде жарық ай» әні шыққан.

Абай әндері ел ішіне ауызша тараған. Көзі тірі кезінде нотаға түспеген.Ең алғаш нотаға түскен жылдары.

«Музыкалық этнография» деген жинаққа Абай әндері енгізілген.

Абайдың немересі Мекен апамыздың айтуында  М.Әуезовтің ұйытқы болуымен Абайдың  16 әні  нотаға түсті

 

 

 

Музыка тыңдау:  Абай табиғаттың әсем сырларын, ондағы болып жатқан құбылыстарды, адам өміріне арнап жырға қосты. Табиғат, махаббат сырына арналған әні «Желсіз түнде жарық ай».Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні. Бұл әнді 1888 жылы Абай Ақшоқыға қарап тұрып айтқан екен. Ақшоқы Абай жырының бесігі. Бұл өлең 1909 жылы кітапқа басылған.

Жарық айдың сәулесі суға түсіп, дірілдеп тұрған жанды бейнесі, терең сайды қуалап, тасқындап ағып жатқан өзен, қалың ағаштың сыбырласқан жасыл жапырақтары, жер жүзін құлпыртып тұрған көкорай шалғын – табиғаттың сан алуан суреті көз алдыңа келеді, көңіліңе қона кетеді.

 

Музыка сауаты:  Минор –қайғылы, мұңды көңіл күйді бейнелейтін әуен.

Ән үйрену : Абай өз әндерінде табиғат сұлулығын, адамның көңілін әсерлі әуенмен бейнелеп жеткізген.Қазір біз Абайдың табиғатты бейнелейтін «Желсіз түнде жарық ай» әнін үйренеміз.

Бұл ән естіген құлаққа жағымды, өлеңнің тұтастығымен, айқындығымен және әуенімен ерекшеленетін ән. Әуені мен өлеңі екеуі біртұтас көркем бейне жасап, көз алдымызға жарық ай астындағы әдемі тымық түн елестетеді.Әннің әуені жеңіл, лүп еткен лептен құйылғандай сабырлы, бір тегіс, құлаққа жағымды болып келеді.

Сабақты бекіту: Оқушылармен жұмыс.

  1. Абай кім? Оның қандай лирикалық өлеңдерін білесіңдер?
  2. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін қара сөзбен суретте.
  3. Абайдың әндері туралы қандай мәлімет білеміз? ( уақытнамалық кестемен жұмыс)
  4. «Ақын болу» ойыны. Абайға арнап өлең шығару.

...................... дана,

...................... ғана.

..................... оқығанды,

.................... пана

Бағалау: Мониторлық бағалау жүйесі.

Оқушының аты-жөні

Ән орындау

Мәнерлеп жатқа айту

Белсенді жұмыс атқарғандар

Лездеме сұрақ

 

 

 

 

 

 

Әли Нарымбеков,

Ғабиден Мұстафин атындағы №5 қазақ орта мектебінің музыка пәні мұғалімі,

Теміртау қаласы,  Қарағанды облысы

Мерзімі:
Просмотров: 2 565
Ұқсас мақалалар:
Білімді жас - ел ертеңі

Білімді жас - ел ертеңі

2016 жылғы қаңтар айының 5-і мен 6-ы аралығында Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде 15 пән бойынша жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында облыстық пән олимпиадасы өткізілді, деп хабарлайды Білім және ғылым...
Бейімбет Майлин. «Күлпаш»

Бейімбет Майлин. «Күлпаш»

Гүлнұр Турпанова, Ораз Жандосов атындағы орта мектептің бастауыш сынып  мұғалімі, Шу ауданы, Жам был облысы...
Астанада «Болашақ» халықаралық стипендиясының Тіл мектебі ашылды

Астанада «Болашақ» халықаралық стипендиясының Тіл мектебі ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Кеше, 11 ақпанда Астана қаласында алғаш рет «Болашақ» халықаралық стипендиясының жаңа Тіл мектебінің ресми түрде ашылуы болып өтті....
Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін оқыту

Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін оқыту

Айнур Мынжасарова, Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Шу ауданы, Жамбыл облысы ...
Жамбыл облысында жекеменшік балабақшаларда 3513 бүлдіршін тәрбиеленуде

Жамбыл облысында жекеменшік балабақшаларда 3513 бүлдіршін тәрбиеленуде

Бүгінгі күні Жамбыл облысында 425 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде (258 балабақша, 167 шағын орталық) 45399 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесі 1-6 жас аралығында 53,3%-ды, 3-6 жас аралығында 75,0%-ды...
Пікір: 0
Пікір қосу