kz ru
Ресми ақпараттық ғылыми-әдістемелік сайт

Тағылым

Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал
Басты жаңалық
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
http://edunews.kz/
Баннер 250х225

Соңғы мақалалар

Қазақ тілінің алғыры

 Бибігүл Кучибекова,  Тараз қаласы №42 орта  мектебінің...

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің...

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына...

Үздік педагог

Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Толығырақ

Білім және ғылым жаңалықтары

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген...

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі толық шешіледі
 ОҚО-да алдағы үш жылда апатты...

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы мамандықты тегін меңгереді
Оқуға түсе алмай қалған түлектер...

Күнтізбе

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Баннер 250х310
» » Көркем бейнені көрсетудегі әсемдеудің түрлері. «Балық».

Көркем бейнені көрсетудегі әсемдеудің түрлері. «Балық».

Сабақтың мақсаты:
1.    Оқыту. Оқушыларды көркем, әдемі, әсерлі сурет салуға үйрету,
көркемдік қабылдау деңгейін қалыптастыру.
2.    Тәрбиелік: Оқушыны болу түстерін еркін ашық реңде беруге, эстетикалық тәрбиелеу.
3.    Дамытушылық: Сызықты өрнектерді, пішіндерді суреттеу арқылы бағыт - бағдар беру, көркемдік қабылдау деңгейін дамыту.
Көркекілігі: Таблица, сурет үлгілер.
Құрал - жабдықтар: АЗ формат, түрлі - түсті қаламдар, фломастер. Сабақ барысы:
I.      Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Түгендеу,
«Сурет - бейнелеу өнерінің барлық түрлерінің негізі».
II.   Үй тапсырмасын сұрау: Балалар біз өткен сабақтарда сызықтар түрлерін, пішіндерді өткен болатынбыз. Қане есімізге салып өтейік.
1.    Қандай сызық түрлерін білесіңдер?
2.    Пішіндерді атап өтіңдер
3.    Сызық туралы не білеміз?
4.    Пішін дегеніміз не?
III. Жаңа сабақ:
Мұғалімнің сөзі: Оқушылар мінекей біз сызықтың түрлерін, пішіннің түрлерін меңгеріп үйрендік. Енді бүгінгі сабағымыз «Көркем бейнені көрсетудегі әсемдеудің түрлері» деп аталады.
Көркем бейне деп, әсем сызықтармен пішіндермен әсерленіп суреттелген бейнені затты айтамыз.
Тылсым табиғат аясында мекендейтін әр алуан жануарларды, құстарды, жәндіктерді, өсімдіктерді бейнелеуге, шығармадағы бояу үйлесімділігі заттар мен нәрселердің кеңістікте орналасуының үйлесімді болуы, тақырыптың мазмұнды алынуы, барлығы дерлік көркемдік бейнелеудің білім қабілетін көрсетеді. Яғни көркем бейнені суреттеуде «Көбелек», «Балық», «Өрнекті құмыра», «Өсімдік өрнектерін», «Табиғат көрінісі» т.б әсем құбылыстарды салуға болады.
Сонымен оқушылар біз бүгін көркем бейне көрсетуде «Балықтың» суретін саламыз. Балалар мына бір ертегі желісіне назар аударайық. Ертеде су асты патшалығында «Су перісі» өмір сүріпті. Су перісі думанды туған күн кешіне достарын шақырады.
Балықтар өздерінің әсем киімдерін киіп, силықтарын алып, кешке жиналады. Бізде осы туған күн кешіне балықтарымызды әсем сызықтармен, пішіндермен көркем бейнелеп суреттеп барайық. Осы тақырыпты ашып түсіндіру.
IV. Сарамандық жүмыс. АЗ форматына әсем сызықтар мен, пішіндермен балықты бейнелеу.
Түрлі - түсті қаламдармен, фломастермен сәндеп бояймыз. Әр оқушы жұмысын жеке бағдарлау.
V. Қорытындылау. Оқушылардың жұмыстарын тексеру.
1.       Көркем бейнелеу дегенімізді қалай түсінеміз?
2.       Түстер жайлы айтып атсек.
3.       Жұмбақ
Сыртқа шықса шыдамайды шөлге,
Мекен — жайы өзеңдер мен көнде.
(балық)
VI. Үйге тапсырма. Суретімізді толығымен аяқтап салу. Бояу.
Сабақтың тақырыбы: Пейзаж
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: Пейзаж түрлерімен таныстыру, сурет салу дағдылары, 
біліктерін қалыптастыру.
ә)дамутышылық: Ойлау, елестету қабілетін дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілік және қоршаған ортаға эстетикалық қарым-қатынасын дамыту.
б)тәрбиелік:Табиғатты аялауға және қорғауға баулу, табиғат сұлулығын сезінуге, көре білуге, әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақ әдкісі: Түсіндіру, сурет салу.
Сабақ түрі: ашық сабақ
Сабақтың типі: білім, білік дағдысын қалыптастыру
Сабақтың көрнекілігі: Үлгі суреттер, фото суреттер, табиғат суреттері,
өлеңдер, жұмбақ, ребус, ойлан тап.
Құрал жабдықтар: АЗ формат, акварель, гуашь, қарындаш, өшіргіш, қылқаламдар.
Сабақ кезеңдері:
1. Ұйымдастыру сәті.
2. Жаңа сабақты түсіңдіру.
3. Оқушылардың өзіндік жұмысы.
4. Сергіту сәті
5. Сабақты қорытындылау.
6. Сабақты бағалау.
7. Үйге тапсырма.
І.Ұйымдастыру сәті.
Амандасу, оқушыларды түгендеу.
ІІ.Сабақтың тақырыбын баяндау.
Оқушылар пейзаж дегеніміз не?
Пейзаж - француз сөзі, бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез- құлқын айнытпай беруге тырысады.
ХVІІ ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады. Әсіресе XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында орыс суретшілері пейзаж жанрында көркем шығармалар орындауда зор табысқа жетті. Ф. Васильевтің "Жаңбыр алдында", К. Юонның "Қыс соңы", С. Герасимовтың "Жаз өтті", К. Коровиннің "Көктем”, И. Айвазовскийдің "Тоғызыншы балл", т.б. көркем шығармаларында табиғат көрінісінің алуан ерекшеліктері шынайы бейнеленген. Қазақстан суретшілері Ә. Қастеев, Г. Ысмайылов, С. Мәмбеев, О. Таңсықбаев, Ү. Әжиев, т.б. пейзаж жанрында көптеген шығармалар ұсынды. А. Черкасскийдің "Көктем", Ә. Қастеевтің "Шалкөде жайлауы", Ү. Әжиевтің "Асы жайлауы", Ә. Ысмайыловтың "Хантәңірі", Ж. Шарденовтың "Қыс", т. б.  көркем шығармалары Қазақстанның сұлу табиғатының көрінісін паш етті. Табиғат көрінісі бейнеленген суретші шығармаларын көрсету. Ә. Қастеев "Менің Отаным” 1959 ж.
Ә. Қастеев "Биік таудағы мұз айдыны”   1955 ж.
Пейзаж - табиғат көрінісін бейнелеу деғен ұғым. Табиғаттың алуан түрлі болуы бейнелеу өнерінде пейзаждық жанрдың көптеғен түрінің қалыптасуына ықпал етті.
Пейзаж түрлері:
Ауыл пейзажы
 Саябақ пейзажы
 Қала пейзажы
 Теңіз пейзажы
 Сәулет пейзажы
Индустриялық пейзаж
ІІІ. Өзіндік жұмыс
Тақтаға табиғаттың суретін салып көрсету. Таулардың бейнесін салу. Оқушылар Акварель - суда жақсы еритін бояу
Гуашь - суға езілетін қою бояу.
Біз бүгінгі таулардың әсем түстерін, қыраттарын осы бояулармен безендіріп бояймыз.
Әр оқушы жұмысын жеке қадағалап, бағыт-бағдар беру.
IV. Сергіту сәті
Жұмбақ шешу.
Ребус шешу.
                                                  ПЕЙЗАЖ
‘            ‘         .. ‘                 ‘           ‘           ‘
 
 
 
 
 
 
Ойлан
V.      Қорытынды сұрактар:
- Пейзаж дегеніміз не?
- «Пейзаж» сөзінің мағынасы қандай?
- Пейзаж түрлерін атаңдаршы?
- Қандай суретші шығармаларын білесіңдер?
VI. Бағалау
Жұмысы 5-ке бағаланған оқушылар
Әмірбекова А.              Ташимова С.       Асқар Д.          Талғат Е.
VII.Үйге тапсырма: Елестету немесе қиялдау арқылы «Жауыннан кейінгі кемпірқосақ бейнесін» салу.
 Тақырыбы: Натюрморт жұмысының 3 кезеңі. Жемістер.
Мақсаты:
Білімділік: Натюрморт туралы түсінік беру. Натюрморт салдыру  арқылы жарық пен көлеңкені, заттың пішінін салу жолдарын үйрету.
Тәрбиелік: Бояу түрлерін ажырату арқылы эстетикалық тәрбие беру.
Дамытушылық: Реңдік қатынастарды байланыстыру арылы, сурет салу икемдігін дамыту.
Құрал - жабдықтар: қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель (су бояғы), қылқалам сурет кезеңдері, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, көңіл-күйіне аударып, оқу құралдарын түгелдеу реттеу.
II. Өткен сабақты қайталау: Сұрақтар беру.
1) Компоновка дегеніміз не?
Компоновка дегеніміз - заттардың кеңістікте өзара орналасуын, қағаз бетіне тіке, көлденең көлбеу, сызықтарды пайалана отырып жұмысты жоспарлау.
2) Живопись туралы не білеміз?
Живопись - жазықтың бетінде бояу түрлері арқылы орындалатын көркем шығарма.
3) Натюрморт дегеніміз не?
Натюрморт - француз тілінде «Өлі табиғат» деген сөз. Натюрморт деп жансыз заттар мен бұйымдардан үйлесімді құрастырылып салынған көркем шығарманы айтамыз.
4) Түстер қаншаға бөлінеді?
Түстер екі топқа бөлінеді:
1.Суық түстер.
2.Жылы түстер.
III.Жаңа сабақ: Міне, оқушылар біз өткен сабақта Натюрморт жайлы түсініктер алдық. Окушылар Натюрморт өнері алғаш рет XVII ғасырдың шегінде Голландия елінде пайда болды. Сөйтіп өнердің дербес жанры ретінде XVIII ғасырдың бас кезіңде бүкіл Европаға тараған. XIX ғасырдың 2-ші жартысында Натюрморт қазақ еліне жетгі. Әр ғасырдың Натюрморт шеберлерінің өзіндік қолтаңбасы бар. Соның бірі Қазақстан суретшісі Айша Ғалымбаева. Суретшінің «Дастархан» натюрмортты қазақ халқының тұрмыс - тіршілігін, конақжай ел екенімізді көрсете біледі.
Ал, енді біз жемістер тақырыбына арналған натюрмортмызды жалғастырамыз.
 IV.Сарамандык; жұмыс:
Біздің тақырыбымызға таңдап салынған натюрморт — жемістер мен құмыраны салу. Қандай сурет салмайық, оның барлығының белгілі бір жолы, кезеңі болады.
I. кезең. Зат бейнесінің орналасуын анықгау (компоновка)
II. кезең. Құрылымын жабу (конструкция)
III. кезең. Суреттің аяқталуы.
Біз натюрмортты салуда II. кезең орындадық.
Енді III. кезең Суреттің аяталуы
1.Көлеңке мен жарықтың ара-қатынасын шешіп, заттың пішінін сомдау.
2.Жарық жерді бір қабат, жартылай жарықты 2-3 қабат, ал көлеңкені 3- 4 немесе одан көп қабатталып түскен қоюлықпен бояу.
3.Натюрморттың фонмен байланысына көңіл бөлу. Заттың фонға жабысып қалмауын тексеру.
4.Жалпы натюрмортты рең қоюлығына бағындырамыз. Суретті аяқтаймыз.
V. Жаңа сабақты қорытындылау.
1. Сұрақтар беру арқьлы Сөзжұмбақ шешу.
Қорытынды. «Натюрморт» - сөзжұмбақ.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1.Натюрморт қай  тілден шыққан?
2.Қазақтың натюрморт суретшісі?
3.Көптеген сызықтар жиынтығы?
4.Сәнді әшекейлеудің түрі?
5.Бейнелеу өнерінің түрі?
6.Зат бейнесінің орналасуын анықтау?
7.Ең алғаш натюрморт қай елде пайда болды?
8.Реңдік түр?
9.Заттың бетіне түскен ең жарық дақ?
 
2. Оқушыларға ойлау ізденімпаздықгың дағдыларын меңгеруде
жұмбақтар оқу, шешімін табу.
 
1.Аспай піскен
   Қиналмай түскен (Жеміс)
2. Домалақ қузыл сары
    Ішінде бар дәні
    Қызығасың көріп
    Оның аты - (Шабдалы)
3.Бір сабақта көп түйме
   Жей алмайсың көп күйде
   Санап қара қанша
   Оның аты - (Алша)
 
VI.Бағалау.
VII. Үйге тапсырма: Натюрморт орындау.
Тақырыбы: Дастархан.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мерзімі:
Айдар: Мақалалар
Просмотров: 3 797
Ұқсас мақалалар:
Абай  салған сырлы әндер

Абай салған сырлы әндер

Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі,оның қазақ музыка өнерінде алатын орын,әндерінің ерекшелігі туралы музыкалық білім беру...
Ғалымдар кемпірқосақтың 12 түрін анықтады

Ғалымдар кемпірқосақтың 12 түрін анықтады

Француз метеорологтары кемпірқосақты жіктеудің жаңа жүйесін ұсынды, - деп хабарлайды Lenta.ru. Мамандардың пікірінше, жаңадан анықталған 12 түр арқылы адамдар кемпірқосақтың қандай атмосфералық жағдайда пайда болғанын біле алады....
Бейімбет Майлин. «Күлпаш»

Бейімбет Майлин. «Күлпаш»

Гүлнұр Турпанова, Ораз Жандосов атындағы орта мектептің бастауыш сынып  мұғалімі, Шу ауданы, Жам был облысы...
Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін оқыту

Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін оқыту

Айнур Мынжасарова, Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Шу ауданы, Жамбыл облысы ...
Жамбыл облысында жекеменшік балабақшаларда 3513 бүлдіршін тәрбиеленуде

Жамбыл облысында жекеменшік балабақшаларда 3513 бүлдіршін тәрбиеленуде

Бүгінгі күні Жамбыл облысында 425 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде (258 балабақша, 167 шағын орталық) 45399 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесі 1-6 жас аралығында 53,3%-ды, 3-6 жас аралығында 75,0%-ды...
Пікір: 0
Пікір қосу