Өнеге отбасынан
Мақсаты:Оқушылардың
сыйластық, махаббат құндылықтары
- Отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдіс –тәсілдер: әңгімелесу , шығармашылық ойын, дәптермен жұмыс, тапсырма.
Көрнекі –құралдар: А3 форматты парақтар, жүрекшенің үлгісі,үлестірмелі парақшалар, кері байланыс парағы
Сабақ барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі :
- сәлемдесу;
- оқушылардың көңіл-күйін сұрау;
- психологиялық жағымды көңіл-күй тудыру.
2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздіңаузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсемәуенді ғана естиді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"
Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.
Әңгімелесу:
-Отбасы мүшелері бір – бірімен қандай қарым –қатынас жасайды?
-Отбасында қандай жағымды жақсы сөздер айтылады?
-Отбасындағы ұстанатын қандай дәстүрлерің бар?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
- Иә, дұрыс айтасыңдар балалар , бір шаңырақ астында тұратындардың бір- біріне сыйластығы , махаббаты, бауырмалдығы , бір –бірімен ынтымағы татулығы , бірлігі отбасы жарастығын құрайды.
Дәйексөз
«Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілесің»
Отбасында баланы жақсы тәрбиелесе ол әдепті, ақылды азамат болып шығады.
Тапсырма. Шығармашылық жұмыс.
Оқушыларды 3 топқа бөліп үш топқа тапсырмалар беремін, топ болып орындайды. Топ болып өнегелі отбасының суретін салады.
Түйіндеме
Отбасы
- жақсылыққа жетелейді;
- үлкендерді құрметтеуге , кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді;
-сүйіспеншілікті сезіне білуге үйретеді
Шығармашылық жұмыс.
Бір сәт көзімізді жұмып ,өз отбасымызды көз алдымызға елестетеміз. Енді әрқайсымыз өз отбасымыздағы адамдарға жақсы тілегімізді іштей айтайық.
- Көзімізді ашайық. Отбасыларыңды елестеткен сәтте қандай жағдайда болдыңдар?
Өз отбасына арналған жылы тілектерін қағазға жазып жүрекшеге апарып іледі.
Сергітусәті. Актерлар ойыны.
- Күзгі бұлт
- Жадыраған жаз
- 2 алған бала
- 5 алған бала
- Ауыр сөмке көтерген бала
- Балмұздағын түсіріп алған бала
- Жұмыстан шаршап келген әке
- Ақ сақалды ата
- Ренжіген ана
- Қорыққан бала
Ойын-жаттығу. «Құрмет-ізет»
Тақтадағы ағаштардың бірі құрмет, ал бірі ізет ағашы. Оқушылар жапырақтарды алып, жапырақтағы сөздерді дауыстап оқиды. Осы сөздер үлкенге айтылатын болса «құрмет» ағашына, ал кішілерге қатысты сөз болса «ізет» ағашына апарып іледі.
Жапырақтардағы сөздердің үлгісі : өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рақмет, отырыңыз, ғафу етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай ғой, кешірім ет, сау бол, айта ғой, көмектес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол.
Қорытынды
- Балалар ,бүгін біз не жайлы әңгімелестік?
- Сабақ сендерге ұнадыма?
Отбасы туралы қандай өлеңдер білеміз балалар?
Отбасымыздың татулығы сақталсын! Отбасымыздың мүшелері аман болсын! Деніміз сау, бақытты болайық!
туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
- Отбасы
жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру;- Отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;