kz ru
Ресми ақпараттық ғылыми-әдістемелік сайт

Тағылым

Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал
Басты жаңалық
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
http://edunews.kz/
Баннер 250х225

Соңғы мақалалар

Қазақ тілінің алғыры

 Бибігүл Кучибекова,  Тараз қаласы №42 орта  мектебінің...

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің...

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына...

Үздік педагог

Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Толығырақ

Білім және ғылым жаңалықтары

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген...

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі толық шешіледі
 ОҚО-да алдағы үш жылда апатты...

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы мамандықты тегін меңгереді
Оқуға түсе алмай қалған түлектер...

Күнтізбе

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Баннер 250х310
» » Қол, дене, аяққа арналған жаттығулар

Қол, дене, аяққа арналған жаттығулар

Қол, дене, аяққа арналған  жаттығулар

Гульмира Жакыпова,

Ж.Жабаев атындағы №234 мектептің түзету сынып мұғалімі,

Қазалы ауданы, Қызылорда облысы

 

 

                                   

                             Қол, дене, аяққа арналған  жаттығулар

 


Сабақтың мақсаты:

Қимыл–қозғалыстың үйлесімділігін, тепе-теңдікті дамыту. Жеңіл және ырғақты жүгіруге үйрету. Зейінін, қимылын ,есте сақтауын, ойлауын дамыту.Шапшаңдыққа, батылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Спорттық жаттығуларды өз бетімен үйренуге ынта–ықыласты, өзбеттілікті тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі:Үнтаспа, ленталар, доп, жалаушалар,  ақпаратты технология.

 

Сабақтың барысы:

              І.Ұйымдастыру кезеңі.

-Сыныпқа саппен кіру,жаттығу жасау, сәлемдесу, 1,2 реттік санмен бөліну.

Бүгін қандай сабақ балалар?  - түзету ырғақ сабағы

Бәріміз бірге қайталаймыз – бүгін түзету ырғақ сабағы

Өте жақсы жарайсыңдар!

ІІ. Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,

Кішігеде сіз,

Құрметпенен сіздерге

Бас иеміз біз.

Жоғары қарап күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім

Егеменді ел көрдім

-Өте жақсы балалар

            ІІІ.Жаңа сабақ:

Бүгінгі сабағымыз: Қол, дене, аяққа арналған  жаттығулар

Сабағымызды қандай жаттығумен бастаймыз?

-дене тұлғасын жақсартуға арналған жаттығумен

           ІҮ. Дене тұлғасын жақсартуға арналған жаттығулар.

-Қолымыз белде

-Сап түзеп тұрып, оңға, солға бұрылуды бірнеше рет қайталап жаттықтыру.

-Қолды алға созып қайшылау.

-Қолды, тізені бүкпей екі аяқтың ұшына жеткізу.  

–Қолдар белде, бір орында тұрып секіру.

-Басты оңға, солға бұру.

-Қолды жанға созып жұдырық түйілген күйі бір иіп, бір жазу

           Ү.Тыныс алу жаттығуы

  Қолымызды көтеріп дем аламыз. Тыныс шығара қолымызды бір мезгілде төмен түсіреміз.

          ҮІ. Кеңстікті бағдарлауға арналған жаттығулар

 - Тізені сәл бүгіңдер

                    Қолды артқа ұстаңдар

                    Алға мойын созыңдар

                    Қазға қәне ұқсаңдар. Га-га-га. 

(мойнын созып, қаз сияқты жүреді.)

  -Көңілді қоңыз ұшады. Ж-ж-ж. 

(қолдарын «қанат» сияқты қағады.)

  - Екі қолын белге қойып,

        Үйрек шықты шалғынға. Кря-кря-кря. (теңселіп жүреді.)

        Суда қамыс шулады, Ш-ш-ш. (қолды төмен жіберіп теңселтеді.)

  -Тағы да тыныштық орнады. Ш-ш-ш. (жүрелеп отырады.)

  -Мінекей күнде шықты. Жоғары-жоғары-жоғары. (қолды жоғары көтереміз.)

  - Қолды белге қойып, аяқ ұшымен жүру.

Тақылдатпа таяқты,

Ақырын бас аяқты,

Жай-жай-жай.

 -Өкшемен жүру.

Айтқан кезде өлеңді,

Қатты басқын еденді.

Тарс-тарс-тарс.

 -Жыланша жүру  

             Көк құстың артынан,

Көк құстың артынан,

Көк құстың артынан,

Жүреміз ұзын керуендей.

             ҮІІ. Жалаушалар ойыны.

Көгілдір жалауша-шапалақтау.

Жасыл жалауша-тебіну.

Сары жалауша-үндемеу.

Қызыл жалауша-«алақай!»деп айқайлау

             ҮІІІ. Эмоциялық тренинг «Қояндар» ойынын ойнаймыз

(музыка ойналады)

Ол үшін біз бір мезгілге қоян болайық.

Қазір сендер күліп  жатқан  қоянды көрсетіңдер.

-енді секіріп жатқан қояндарды

-ал енді жылап жатқан қояндарды.

-өлең айтып жатқан қояндарды көрсетіңдер

            ІХ.Ырғақты гимнастикалық жаттығулар.

( - Шеңбер құрып,шеңбер бойымен жүру.)

 Дөңгелегі дөңгелеп,

Біздің поезд келеді.

Балаларды алысқа,

Апарғысы келеді.

Гу-гу, Гу-гу, Гу-гу,

Жүгіреді паравоз.

Балаларды алысқа,

Апарады паравоз.

Гу-гу, Гу-гу, Гу-гу.

            Х. «Айдаһар» ойыны

 Балалар айдаһардың басы, денесі, құйрығы болады. Бір оқушы айдаһардың басы болады, қалғанымыз денесі, соңғы оқушы  құйрығы болады. Бір-біріңнің белдеріңнен ұстап шеңбер бойынша жүреміз. Балалар айдаһардың денесі бөлінбейді.  Айдаһардың басы құйрығына жетіп, оған қолын тигізуі тиіс.  Басы құйрығын  ұстаса ол енді құйрық  ролінде болады. Ойын әрбір  ойыншы екі рольде болғанша жалғасады.

           ХІ. «Толқын» жаттығуы лентамен.

Оң қолмен лентаны кезек-кезек жоғары-төмен тербете қимыл жасау.

Шеңбер болып айналып, музыка әуеніне қосылып, ленталармен әр-түрлі қимылдар жасау.

           ХІІ.Релаксация «Толқын үстінде тербелеміз»

Шаршағанмызды басып, балалар жерге жатып теңіздің дыбысын тыңдаймыз. Көзімізді жұмамыз. Теңіз бетінде су толқыны біздерді тербелеп жатыр...

Мейірімді дельфиндер мен балықтар қасымызда жүр...

Аспанда ұшып жүрген ақ шағалалар  шаңқылдап жүр...

Дельфиндердің дауыстары да естіледі

           ХІІІ. Керемет тілек жорығы.

-Оқушылар шеңбер жасап тұрып, допты кезек-кезек бір-біріне лақтырып, жылы лебіздерін білдіреді.

- Аспанымыз ашық болсын!

- Еліміз тыныш болсын!

- Денміз сау болсын!

- Дұшпанымыз жоқ болсын! т.б.

           ХІІ.Қорытындылау

Балалар бүгінгі  сабақта - Не ұнады?      Не ұнамады?

Балалар бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар.

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.

 

 Оқушылар сап түзеп, сыныптан саппен шығарылады.

Мерзімі:
Просмотров: 13 996
Ұқсас мақалалар:
Бейімбет Майлин. «Күлпаш»

Бейімбет Майлин. «Күлпаш»

Гүлнұр Турпанова, Ораз Жандосов атындағы орта мектептің бастауыш сынып  мұғалімі, Шу ауданы, Жам был облысы...
Астанада «Болашақ» халықаралық стипендиясының Тіл мектебі ашылды

Астанада «Болашақ» халықаралық стипендиясының Тіл мектебі ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Кеше, 11 ақпанда Астана қаласында алғаш рет «Болашақ» халықаралық стипендиясының жаңа Тіл мектебінің ресми түрде ашылуы болып өтті....
Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін оқыту

Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін оқыту

Айнур Мынжасарова, Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Шу ауданы, Жамбыл облысы ...
Қарағандылық студенттер баламалы энергия көзіне қол жеткізді

Қарағандылық студенттер баламалы энергия көзіне қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінің студенттері мен оқытушылары күн электр станциясы арқылы баламалы энергия көзіне қол жеткізді, деп жазады 24.kz....
Жамбыл облысында жекеменшік балабақшаларда 3513 бүлдіршін тәрбиеленуде

Жамбыл облысында жекеменшік балабақшаларда 3513 бүлдіршін тәрбиеленуде

Бүгінгі күні Жамбыл облысында 425 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде (258 балабақша, 167 шағын орталық) 45399 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесі 1-6 жас аралығында 53,3%-ды, 3-6 жас аралығында 75,0%-ды...
Пікір: 0
Пікір қосу