Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Алматы облысы, Ақсу ауданындағы Қуат Керібаев атындағы мектептің спорт залының едені әбден тозған. Бұл туралы сол мектептің қызметкерлері хабарласты деген танымал актер Нартай Сауданбекұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.kz
Нартай Сауданбекұлы өзінің парақшасында бұл мәселені көптеп көмектеп шешуге ат салысуға шақырады.
«Алматы облысы, Ақсу ауданындағы Қуат Керибаев атындағы мектептің мына спорт залын қараңыздаршы. Біз балаларымызды заманауи мектепке бергенімізге мәз болып, күллі дүниеге "ЭКСПО" өткіземіз деп жар салып, ілгері кеткен 30 елдің қатарына әне-міне кіреміз деп жетісеміз. Ал кейбір мектепте балалар ең болмаса доп та ойнай алмайды. Және ең жаманы сол, ол мектепте басқа альтернатива жоқ. "Жәрәйді, бассейнге, немесе боксқа бара салайын бүгін, болмаса велотрек яки мұз айдынына барайын" деп ешбір бала айта алмайды.
Достар өзіміздің болашағымыз, балалардың балалығын ұрламайықшы. Барынша жәрдемдесейікші. Маған жекеме өтініп жазған екен, ал мен сіздерге, сіздердің көңілдеріңізге мұқтажбын. Дене шынықтыру мұғалімі қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді. Бірге "жамасайық". Құрығанда бөліс АҒАЙЫН!» - деген актер өз жазбасында.
Бұл мәселені ауылдағы, аудандағы білім бөлімінің барлығы біледі, бірақ көзжұмбайлыққа салып отыр депті осы спорт залдың едені жайлы жазған әлеуметтік желі қолданушысы Дастан Әкімов.
«Мектепте мұғалімдер өз қаржысына ремонт жасайды. Алматы облысы Аксу ауданы Қуат Керибаев атындағы орта мектептің спорт залы қанша уақыт болды ремонт болмаған. Тіпті болмайды да. Өйткені спорт залдың жағдайын аудандық бөлім және мектеп директоры жақсы біледі. Ешқай жақтан шара қолданбаған соң денешынықтыру мұғалімдері өздері өз ақшаларына ремонт жасауда. Ауылдағы мектептердің тыныс-тіршіліктері осылай. Қатты айта алмайды, өйткені басқа жұмыс жоқ. Құрметті көпшілік, мұндайда не істеуге болады?» - деп жазады.
Бұл мәселені жергілікті білім басқармалары немесе Алматы облысының білім департаменті анықтап, тиісті шара қолданады деген ойдамыз.