kz ru
Ресми ақпараттық ғылыми-әдістемелік сайт

Тағылым

Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал
Басты жаңалық
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
http://edunews.kz/
Баннер 250х225

Соңғы мақалалар

Қазақ тілінің алғыры

 Бибігүл Кучибекова,  Тараз қаласы №42 орта  мектебінің...

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің...

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына...

Үздік педагог

Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Толығырақ

Білім және ғылым жаңалықтары

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген...

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі толық шешіледі
 ОҚО-да алдағы үш жылда апатты...

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы мамандықты тегін меңгереді
Оқуға түсе алмай қалған түлектер...

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Баннер 250х310
» » Хорватия оқушылары 3 кезең бойынша білім алады

Хорватия оқушылары 3 кезең бойынша білім алады

Хорватия оқушылары 3 кезең бойынша білім аладыӘлемдегі барлық бала білім алып, үйренуге құқылы. Дегенмен әр елдің танымына, қоғамдық жағдайына байланысты оқу жүйесі әртүрлі болары анық. Мысалы Хорватияда оқушылар оқу жылы барысында дәстүрлі бағамен бағаланса, жыл соңында өзгеше бағаланады,-деп жазады massaget.kz.
Хорватия елінің білім бері жүйесі үш кезеңнен тұрады. Алғышқысы 8 жылдық мектеп. Бұл мектепте барлық бала білім алу міндетті. Содан соң оқушы орта мектепке ауысады. Мұнда оқушы гимназия немесе арнайы мектеп бағдарламасы бойынша 4 жыл білім алады. Содан соң үшінші сатыға – төрт немесе бес жылға созылатын жоғарғы оқу орнына қадам басады. 
Мектепке дейінгі білім алу
Жеті жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі дайындық сыныбына барады. Бұл міндетті емес. Бұл елде ата-аналардың тең жартысы балаларын әдеттегі мектепке дейінгі мектепке береді екен. Әр топта 20-ға жуық бүлдіршін білім алады. Статистика бойынша бір тәрбиешіге 12 оқушыдан келеді екен. Бүлдіршіндерге арналған бағдарлама 5-10 сағатқа негізделген. 
Бастауыш білім 
Бастапқы саты бойынша оқушылар 8 жыл білім алады. 8 жыл екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлім біздің бастауыш сынып секілді: төрт жыл бойы бір мұғалімнен білім алады. Ал екінші кезеңде әр пәннен әртүрлі мұғалімдер сабақ береді. Хорватия мектептерінің 75%-ы екі ауысымдық, 20%-ы бір ауысымдық. Ал қалғаны үш ауысымдық. Яғни кешкі мектептер де жоқ емес. 
Елдегі мектептердің басым бөлігі мемлекет еншісінде. Соңғы жылдары тек тәжірибе үшін жекеменшік мектеп ашылған екен. Барлық мектепте сабақ ана тілінде өтеді. Тек шетел азаматтары тұратын жергілікті жерлерде венгр, украин, чех мектептері ашылған. Мысалы Хорватия астанасы Загреб қаласында арнаулы еврей оқу ғимараты бар. Осиек қаласында неміс мектебі бар.
Орта білім 
Бастауыш мектепті тәмамдаған соң, оқушы орта мектепті өзі таңдайды. Хорватияда орта мектептің көп түрі кездеседі. Мысалы гимназия мектебі. Мұнда оқушы 4 жыл білім алады. Екінші түрі техникалық мамандандырылыған мектеп. Бұл мектепте де 4 жыл білім алады. Үшінші түрі өнер мен мәдениетке бағытталған мектеп. Сурет, ән-би секілді өнер түрлерін жетілдірем деген оқушы осы бағытта білім алады. Төртінші түрі қолөнер мектебі. Бұл мектеп 3 жылдық білім береді. Мектептің бесінші түрі төменгі сатыдағы техникалық білім береді. Хорватиялық оқушылардың дені гимназия мектептерін таңдайды екен. Себебі, ЖОО-ға түсуге ықпалы зор. Екінші орында техникалық мектеп. Бұл мектепті бітірген оқушылар машина құрастыру, туризм, металлургия саласында білімдерін шыңдайды. 
Бағалау жүйесі 
Хорватия еліндегі бағалау жүйесі біздің елдегідей «4», «5» деген бағалармен негізделген. Ал оқу жылының қорытындысы төмендегідей бағаланады: 
5,00–4,50 Үздік 
4,49–3,50 Өте жақсы 
3,49–2,50 Жақсы 
2,49–2,0 Қанағаттанарлық 
1,49–1,0 Қанағаттанарлықсыз 



Мерзімі:
Просмотров: 1 684
Ұқсас мақалалар:
Сарысулық ұстаздар Астанадан жүлдемен оралды

Сарысулық ұстаздар Астанадан жүлдемен оралды

 «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы педагогикалық мамандықтың мәртебесін көтеру, дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдары мұғалімдерінің инновациялық-практикалық қызметін, кәсіби шеберлігін дамытуға ықпал ету мақсатында...
ТарМУ студенті үздік ғылыми жұмысы үшін марапатталды

ТарМУ студенті үздік ғылыми жұмысы үшін марапатталды

 Ағымдағы жылдың қараша айының 10 күні Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы және жас ғалымдар арасындағы этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісіне арналған I Республикалық ғылыми жұмыстар байқауы...
Еліміздегі оқушылар алдағы уақытта аптасына бес күн ғана оқуы мүмкін

Еліміздегі оқушылар алдағы уақытта аптасына бес күн ғана оқуы мүмкін

Еліміздегі оқушылар алдағы уақытта аптасына бес күн ғана оқуы мүмкін...
«Мисс Казахстан-2015» станцевала на новогоднем балу с Президентом

«Мисс Казахстан-2015» станцевала на новогоднем балу с Президентом

Президент поздравил казахстанцев с наступающим праздником, отметив, что предстоящий год пройдет под знаком 25-летия своей Независимости. - Вся страна будет трудиться как одно целое, чтобы достойно встретить великий праздник. За годы суверенитета...
Пікір: 0
Пікір қосу