kz ru
Ресми ақпараттық ғылыми-әдістемелік сайт

Тағылым

Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал
Басты жаңалық
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
http://edunews.kz/
Баннер 250х225

Соңғы мақалалар

Қазақ тілінің алғыры

 Бибігүл Кучибекова,  Тараз қаласы №42 орта  мектебінің...

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің...

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына...

Үздік педагог

Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Толығырақ

Білім және ғылым жаңалықтары

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген...

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі толық шешіледі
 ОҚО-да алдағы үш жылда апатты...

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы мамандықты тегін меңгереді
Оқуға түсе алмай қалған түлектер...

Күнтізбе

«    Тамыз 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
Баннер 250х310
» » Үш тілді дамытудың отандық озық тәжірибесі мен тіл білімін дамытудың жалпы әлемдік үлгісі

Үш тілді дамытудың отандық озық тәжірибесі мен тіл білімін дамытудың жалпы әлемдік үлгісі

 Үш тілді дамытудың отандық озық тәжірибесі мен тіл білімін дамытудың жалпы әлемдік үлгісіТарМПИ аға оқытушы Орымбаев Адилхан Абдраимович
Ардак Орынбаева,
 Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатының 
ағылшын тілінің мұғалімі Жамбыл облысы Тараз қаласы 
 
 
 Үш тілді дамытудың отандық озық тәжірибесі мен тіл білімін дамытудың жалпы әлемдік үлгісі
 
 
«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек».
Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
 
Біз білім беру саласының өзекті мәселелерін қайта қарастыруды талап ететін, адам қызметінің барлық салалары жаһандану үдерісін кешіп жатқан дәуірде өмір сүріп жұмыс істейміз. Сондықтан, бүгінгі таңда ақпараттық және коммуникативтік құзыретілікпен қатар көпмәдениеттілік те жаһандық білім беру қауымдастығының тануынша білім беру саласының негізгі құзыреттілігі және жаһандық білім кеңістігін қалыптастырудағы басты бағыттардың бірі болып саналады.  
Жеті  түрлі білім біл,
Жеті жұрттың тілін біл. 
Мақа
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.Тілдің адам өміріндегі ең шешуші рөль атқаратыны әркімге де түсінікті. Ол танудың, түсінудің, дамудың құралы.Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады.Қазақстан Республикасының шетелдермен халық-аралық байланыстары күннен-күнге арта түсуде. Сол байланыстарды дамыту үшін шет тілін білетін мамандар қажет-ақ.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш тілдің  – мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсеткенін білеміз. Бұл дегеніміз оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді. Негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген  полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру. Тек қана жоғары оқу орындарында ғана емес, сонымен  бірге, мектептерде де көптілді білім беру үшін тілді терең меңгерген мұғалімдер дайындау жұмысы да дұрыс шешілуі тиіс. Бір жағынан мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту бізде шешімін таппай жатқан мәселе. Ол ұлттық келісім  мен қазақстандық  патриотизмді нығайтудағы рөлін арттыру ең басты мәселелердің бірі. Орыс тілінің лингвистикалық белсенділігін сақтау және ағылшын тілін жаhандану экономикасындағы ғылыми – ақпарат алудағы желісін кеңейту  негізгі тақырыбына айналды
Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің казіргі кездегі міндетіміз.Қазіргі кездегі жаңа білім саласына қойылатын талап, жас маманның кәсіби білімділігін, біліктілігі мен дағдысын қойып отыр.Мектептегі білім беру міндеттерінің негізгілерінің бірі – оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге дайындау.Қазіргі кезде оқушыларға ағылшын тілін оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған. Шетел тілін оқытуда лингафондық құрал-жабдықтар, аудио, видео кешені – оқушылардың ауызша және жазбаша  аударудағы білім жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту, толықтыру, ой-өрісін дамыту мақсатында қолданылады.  Қазақстанның болашағы көптілді білім берумен қатар 12 жылдық білім беру саласында осы мақсатты жүзеге асыру  мәселесі болып саналады. Сондай-ақ  12 жылдық білім беру үлгісіне ауысу мұғалімнен инновациялық, шығармашылық тұрғыдан ойлауды талап етеді. Кәсіби педагогикалық шеберлікті, шынайылықты талап ететін қазіргі заманда ұстаздың әрбір ісін, жоспарын мұқият зерделеуін қажетсінеді. Яғни жаңаша білім беруде  оқытушыларға қойылатын талаптар.

 
Сондықтан көптілді білім берудің басты мақсаты  әлем бірлестігінің жағдайында бәсекеге түсе алатын көптілді тұлғаны дамыту.
Көптілді білім берудің басты мақсаты     әр оқушының жеке қабілеттерін көптілді дамытуды қамтамасыздандыратын жағдай жасау.  Әртүрлі деңгейдегі мәселелерді шешуге бағытталған оқушылардың жобалары.  Көптілді меңгерген, өзін-өзі әлеуметтік  және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлға. Бүгінде елімізде ағылшын тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде. Алайда, бізде қазақ және орыс тілдерін игеру сияқты ағылшын тілін үйрену, сондай-ақ осы тілде сабақ беруде көптеген кемшіліктер бар. Оның салдарын барлығымыз сезініп отырмыз. Көптілді білім беру жүйесі аясында білім саласындағы оқу-әдістемелік құралдар қайта қарастырылады. Себебі осы саладағы ағылшын тілін оқыту жұмысы әлемдік талапқа сай емес. Осыған байланысты келешекте осы мәселені шешу үшін нақты іс-шаралар өткізілу керек. Сондықтан жоғары білім беруді жаңартудың негізгі құжаттарында ең негізгі мақсат  білікті маман даярлау деп көрсетілген болатын. Ол жауапкершілігі мол, өз мамандығы бойынша халықаралық стандарт деңгейінде тиімді іс-әрекетке қабілетті болуы, кәсіби деңгейінің өсуіне ынталы болуы, әлеуметтік және кәсіби бейімділігі жоғары, үш тілді: мемлекеттік тілді-қазақ тілін, ұлтаралық қатынас құралы ретінде орыс тілін, дүниежүзілік экономикалық кеңістікке кірігу тілі ретінде ағылшын тілін еркін меңгерген тұлға болуы тиіс. Бұл міндетті шешудің маңыздылығы Қазақстанның жаhандану жағдайында ұлттық білім жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ұмтылысымен анықталады. Оның жүзеге асырылуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасы септігін тигізді деп айтар едім. Қазақстандықтардың үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру бүгінде отандық мектептен маманның шығармашылық өзін-өзі жетілдіру саласын дамытуға, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет етуін қамтамасыз етуге, оның ұлтаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығыйту факторы ретіндегі рөлін арттыруға, орыс тілінің лингвистік белсенділігін сақтауға және ағылшын тілін ғылыми ақпарат пен жаhандану экономикасына сәтті кірігу тілі ретінде енгізу бағытталған көптілді білім беруді енгізуді талап етеді. Бұл мәселенің бүгінде мемлекеттік деңгейде талқыланып, білім реформалары аясында қарастырылып отырғандығы қуантады.Қазіргі таңда оқушыларға компьютермен, интернетпен,,интербелсенді тақтамен сабақ өткізу толығымен жолға қойылып отыр. Көптеген мұғалімдер осы уақытқа дейін техникалық құралдармен сабақ өтіп, оның қаншалықты тиімді екенін дәлелдеді.Компьютермен сабақ өткізу арқылы оның қолданылуын үйрене отырып телесабақтарды тың, жаңа деңгейде өткізуге, оқытушы  мен оқушының қарым-қатынасының педагогикалық және методикалық тұрғыдан сараланып алынған алуан түрлі қызмет түрлерінің қолданылуы жүзеге асады. Компьютерді қолдану барысында өздерін қызықтыратын әр түрлі мәселелерді шешуге болады және талқылайды. Компьютермен бала жазады,оқиды,түрлі тестер орындайды. Техникалық құралдарды пайдаланудың ең тиімді жағы уақытты ұтасың, дәл, тиянақты оқу-материалдарын алдын-ала дайындап, оқушыға беріп отырсаң өзінен-өзі жасауға тырысады, қызығады, жасамай,үлгермей отырған оқушы болмайды, себебі оның алдында бәрі дайын тұр. Соңғы кезде уақыт көрсетіп отырғандай, мұғаліммен салыстырғанда оқушыда көп ақпарат болатыны кейінгі көрсетілген тәжірибелер дәлелдеп отыр. Сондықтан әрбір мұғалім өз қызметіне ақпараттық  технологияны пайдалана білуі кажет. Бұл мәселе білім беруді ақпаратттындырудың қажетті шартына айналып отыр. Қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне өмірдің өзі биік талаптар қойып отыр.
 Халқымыз ежелден тіл абыройын биік көтеріп, әдетте тіл жөнінде, тіл ــ адамдар ара қарым-қатынас жасау құралы деп, оған жай-жадағай анықтама берілгенімен, іс жүзінде тіл тек адамдар ара қарым-қатынас жасау құралы ғана болып қалмастан, қайта онан да маңыздысы, ол белгілі бір ұлттың ұлттық сана-сезімі, халықтың халықтық қасиеті, оның жалпы тарихы, әдет-ғұрпы, мәдениеті қатарлыларды тұтастай өз бойына қамтып жататын күрделі ұғым. Сондықтан тіл мейлі қайсы ұлттың болмасын тарихы мен тағдырының, тәрбиесі мен тағылымының, бүкіл халықтық болмысының баға жетпес асылы, сарқылмас құнды қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы болып келген. 
Бүгінгі таңда елімізде «Көптілділік» мәселесі көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр. 
    Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді. 
 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында:   «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерулері қажет»-деп, Еуропадағы мектеп түлектері мен студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты жағдайға айналғандығын атап өтті. Кем дегенде үш тілді меңгеру-заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі. 
 Қазіргі таңда Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық, рухани қалыптасуының жаңа міндеттерін іс жүзінде асыруға дайын жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі факторларының бірі- мектепте көптілді білім беруді жолға қою болып табылады. 
Бұл халықаралық тұрғыда бағытталған тұлғаны тәрбиелеуде тікелей құрал болып есептеледі, яғни өзін өркениетті және тарихи субъект ретінде тани алатын, даму кезінде өз елінің және адамзат тарихын қабылдай алатын, өзі үшін, халқы үшін, мемелекеті үшін, адамзат болашағы үшін жауапкершілік жүгін сезінетін, өзара тәуелділік пен әлем бүтіндігіне, адамзат өркениетінің ғаламдық мәселелерін шешуде мәдениаралық қатынастың қажеттілігін жете түсінетін, адамның азаматтық құқықтарын (мәдениет және тілдік құқықтарын қоса) мойындайтын және саяси бостандыққа ұмтылатын, қоғамдағы гуманизм идеалын жасау үшін басқа адамдармен, қозғалыстармен, қоғамдық институттармен қызмет атқаруға дайындығы мен қабілеттілігін көрсете білетін және де қоғам, адам және табиғат арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыратын ұқыпты да тиянақты, білікті маман мен адамды дайындау осы заман оқытушылары мен ұстаздардың алдында қойылатын үлкен заман талабы деп білуіміз керек. 
Көптілді білім - көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой - өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толлеранттілігін және планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Маманға шет тілін меңгеру кез - келген шетелдік ортада өзін еркін ұстап, жаңа кәсіптік ақпараттар легіне немесе жалпы ақпараттық ғаламшарға бейімделу мүмкіндігіне ие болады. Әр адамның түрлі әлеуметтік қызметтерінде жеткен жетістіктерінің нәтижелері түрлі болмақ, сол себептен шетел тілін оқытудың мақсаты тек нақты білім іскерліктерін біліп қана қоймай, сондай тілдік тұлғаны қалыптастыру болып табылады, оған шет тілі «өмір заңдылықтарында» және «нақты жағдаяттарда қарым-қатынас жасай алу үшін» қажет болмақ. 
    Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің жылдағы дәстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мән береді. Сонымен қатар бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Сондықтан қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою- бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық үрдістің негізгі бағыттарының бірі. Әлемдік білім беру іс- тәжірибесінде көптілді және билингвалды білім беру жаңалық емес. Қазақстандық білім беру жүйесінде көптілді және билингвалды білім берудің халықаралық іс-тәжірибесінде қолданыс тапқан моделдерін енгізу- жаңа педагогикалық проблема, өйткені ол жаңа жағдайларда шығармашылық тұрғыдан іске асырылуы тиіс. 
Өзекті мәселелерді жүзеге асыру үшін басты мақсатымызды анықтап алдық. Ол — Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттары талаптары деңгейінде үш тілде білім меңгерген, көптілді коммуникативтік құзырлылықтары қалыптасқан, көп мәдениетті, рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған тұлғаны тәрбиелеу. 
«Тілі бірдің-тілегі бір», «Тіл тағдыры-ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі- тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету парыз. Ендеше жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббаттарын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу- басты міндетіміз.                                 
Қорыта айтатын болсақ,  көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру  тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.
Қай кезеңде болмасын, көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы елдің қатарына кіріп, өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырғаны тарихтан белгілі. Мәселен, ежелгі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған көрінеді.
Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті тұлғаға айналатыны сөзсіз. Осы ретте, президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек», – деген болатын 2012 жылы 14 желтоқсандағы Жолдауында.
Үш тұғырлы тіл саясатын дұрыс түсінбей, тек қана қазақ тілін қолданайық деп даурыға берудің қажеті жоқ. Одан да біз мемлекеттік тілді дамытып, орыс тілі мен ағылшын тілін қажетіне қарай үйренеміз керек. Бүгінде ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Бұл, өте дұрыс нәрсе. Себебі, бала жастайынан тілді базалық деңгейде білсе, болашақта кәсіби деңгейде үйреніп алуына мүмкіндік туады. Қазақ мектебінде оқыған жас қалада тұрғаннан кейін орыс тілін де білетіні айдан анық. Сонымен қатар, ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылғаны құптарлық дүние. Қазіргі кезде мектеп бағдарламасынан ағылшын тілін еркін меңгерген көптеген бітірушілер шет елдерде білімін дамытып, тәжірибесін молайтуда.

 «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек»,– деген болатын. Мейлінше, көп тілді меңгеру қажет, дегенмен өз ана тілімізді ешқашан ұмытпағанымыз жөн.
 Бүгінде егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып әлемге жар салып жатқан дүбірлі кезеңде қазақ ұлтының жанына сүйеу, рухына тіреу болатын басты мәселенің бірі осы – тіл. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілі – ұлттық руханиятымыздың өзегі. Қазіргі кезде қазақ тілін дамыту, оқытудың деңгейін арттыру мәселесі көтеріліп, осы орайда түрлі шара атқарылып жатқаны баршамызға аян. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның мүмкіншіліктерін барынша пайдалану – еліміздің әрбір азаматының абыройлы міндеті. Адамзат мәдениетінің негізі – тілде. Кез келген ұлттың басты ерекшелігі – оның ана тілінде. Ұлттың жаны мен жүрегі ары мен ұяты, қазына-байлығы мен атақ абыройы тілге байланысты. Жер бетіндегі сан мыңдаған ұлттардың ішінде тек қазақ халқы өз тілін ана тілі деп ардақ тұтып, қастерлейді. Қазақ үшін тілден құдіретті ештеңе болмаған.
 Тіл – қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгі. Ана тілі – әр адамға ананың ақ сүтімен бойға жетіп, ананың әлдиімен, бесік жырымен құлаққа сіңіп, атадан-балаға жетіп отыратын ұлы күш. Ана тілі – ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлықтың баға жетпес байлығы, қуатты қайнар бұлағы. Ана тілі – халықтың өткен ұрпағы, қазірге және келешек ұрпағы арасындағы тарихи жалғастықты жүзеге асыратын бірден-бір сенімді құрал. Тіліміз арқылы халқымыздың жан дүниесін танып білеміз, себебі, халықтың рухани байлығының сарқылмас бұлағы сонда жатыр. Туған жеріміз бен ел-жұртымызды да сол арқылы айтып жеткіземіз.
Тіл адам баласының басты қазынасы болғандықтан – тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылымы мен әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғам-құрылыстары мен салт-санасынынң, жауынгерлік дәстүрінің – мұрасының қай дәрежеде екенін танытатын дәлелді көрсеткіші. Әр халықтың ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін «Ұлы» деп қырғыздың атақты жазушысы Шыңғыс Айтматов айтқандай, тіл – ұлттың тірегі. Ол жан-дүниеңді ашып көрсететін мөлдір айнаң. Тіл жоғалса, ұлт та жоғалатыны белгілі. Барлық қазақстандықты біріктіретін – қазақ тілі сондықтан, егемен елімізді сақтап қалу үшін ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік тілге ерекше ықылас қажет.
P.S. Қазақ тілі Қазақстан халқының ортақ тіліне айналып қоғамдық қатынаста мемлекеттік тіл мәртебесімен өз тұғырында нық орныққан тіл болып қалыптасуы үшін атсалысу әрбір қазақстандықтың мемлекет алдындағы жауапкершілігінің басты шарты деп айтсақ, артық айтқандық емес. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, Елбасымыз атап көрсеткендей: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез кезген орайында әрі қарау, әрі қалқан, әрі байырғы, мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тіліміз» мәңгі жасасын демекпін.
«Ұлым тіліңді жаман сөзден, көзіңді жамандық бағудан сақта. Ұлым, сөзіңді жүрегіңмен тербеп, содан соң айт, бұлай етсең баршаға сүйкімді боларсың. Ұлым, біреуден жаман сөз естісең, оны жүрегіңнің жеті қарыс түкпіріне тұт, оған жаман болар, саған жақсылыққа қайтар», - деп дана Хикар ұрпағына осы бір даналық сөзді жадымызда мәңгі ұстап өзге тілдерді еркін меңгере отырып, өз ана тілімізді сақтап, айтар сөзімізді өз орнымен пайдалана білейік, ағайын!
                                                                                            
 

Мерзімі:
Просмотров: 3 192
Ұқсас мақалалар:
Қысқаша көбейту формулаларын өрнектерді түрлендіруде қолдану

Қысқаша көбейту формулаларын өрнектерді түрлендіруде қолдану

ШҚО, Семей қаласы
«№11 Жалпы  орта білімберетінмектеп» КММ
Математика пәні мұғалімі 
10 тілде еркін сөйлейтін полиглот жастарды тіл үйренуге шақырады

10 тілде еркін сөйлейтін полиглот жастарды тіл үйренуге шақырады

Бір тілді толық меңгерген адам екінші тілді де үйрене алады, деп жазады 24.kz...
2016 жылдың наурызына дейін елімізде білім мен ғылымды дамытудың жаңа бағдарламасы қабылданады

2016 жылдың наурызына дейін елімізде білім мен ғылымды дамытудың жаңа бағдарламасы қабылданады

2016 жылдың наурызына дейін елімізде білім жәнеғылымды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы қабылданатын болады,-деп жазады ҚазАқпарат. ...
Білімді жас - ел ертеңі

Білімді жас - ел ертеңі

2016 жылғы қаңтар айының 5-і мен 6-ы аралығында Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде 15 пән бойынша жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында облыстық пән олимпиадасы өткізілді, деп хабарлайды Білім және ғылым...
Министр Аслан Сәрінжіпов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа отандық білім берудің дамуы туралы баяндады

Министр Аслан Сәрінжіпов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа отандық білім берудің дамуы туралы баяндады

Кездесу барысында А.Сәрінжіпов Мемлекет басшысына білім беру жүйесінің дамуы және жаңа оқу жылына орай жүргізілген дайындық жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі....
Пікір: 0
Пікір қосу

© 2016. «Тағылым» журналы. Барлық құқықтар қорғалған. Кез-келген ақпаратты пайдалану барысында www.tagilim.kz сайтына сілтеме жасалыну қажет. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік: №11349-Ж.

Сайт жобасын дайындаған «Key-Studio.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру

Яндекс.Метрика