Әлемдегі ең көне 8 жоғары оқу орыны
Болонья университеті
Әлемдегі алғашқы университет – Болонья университеті(1088 жылы құрылған). Ол «Университет анасы» деп аталады. Италияның Болонья қаласында орналасқан Еуропадағы танымал, әлемдегі ең көне университет болып табылады. Ортағасырлық заманда бұл оқу орыны көптеген зиялыны тартқан және Еуропадағы маңызды академиялық білім беретін орталық мекеме болған. Бүгінгі күнде Италиядағы ең ірі университеттердің бірінде 100 мыңнан астам студент білім алады.
Оксфорд университеті
Ұлыбританиядағы ең бірінші университет − Оксфорд университеті(1168). Оксфорд қаласында орналасқан. Ол Мертон колледжі, Жаңа колледж, Патша колледжі және басқа да колледждерден құралады. Әлемдегі жоғары оқу орындарының ішіндегі үздігі, беделдісі, танымалы осы университет. Әр колледждің өз тарихы мен тамаша сәулет ескерткіштері бар.
Коимбра университеті
Португалияның көне университеті (1290) Португалияның ежелгі астанасында орналасқан. 18 ғасырда Бразилиялықтар жергілікті үкіметтен Коимбра университетінің режиміне сәйкес оқу орынын құруды сұрады. Олардың бұл ұсыныстары португалдардың қарсылығына ұшырағандықтан, аяқсыз қалған. Алайда Бразилияда Коимбра университеті әлі де білімнің ертедегі ең үлкен үлгісі болып табылады.
Саламанка университеті
Испанияның бірінші университеті. Саламанка университетінің негізі 1218 жылы қаланған. Испан жеріндегі Саламанка қаласында орналасқан. Еуропаның Оксфордтан кейінгі екінші білім ордасы осы Саламанка университеті болып табылады. Осы тарихи қала әлемнің түрлі бөліктеріндегі пәнаралық ғылыми-зерттеу саласының таланттары мен элитасы жиналды. 16-шы ғасырдың аяғында аталған ЖОО Еуропаның ірі оқу орталықтарының бірі болып қалыптасты. Ол Париж университеті, Оксфорд университеті және Болон университеттерімен тең иық теңестірді.
Париж университеті
Франциядағы ең алғашқы ірі жоғары оқу орны – Париж университеті (1180). Ол халықаралық танымал университет болып табылады. 1180 император Луи VII ресми түрде «Университет» атағын береді. Бастапқыда Нотр-Дам академиясына тәуелді болған. Негізі 9-шы ғасырда қаланған және Итальялық Болон университеті секілді әлемнің ең көне университеті деген атағы бар. Оны әлем халқы «Еуропалық университеттердің анасы» деп атайды.
Гейдельберг университеті
Германиядағы ең көне университет – Гейдельберг университеті(1386). Прага және Венадан кейінгі ашылған үшінші университет. ЖОО Германияның Гейдельберг қаласында орналасқан. 16-шы ғасырдың екінші жартысында Гейдельберг университеті Еуропалық ғылым және мәдениеттің орталығы болды.
Гарвард университеті
Америка Құрама Штаттарындағы алғашқы университет – Гарвард университеті (1636). Университет аспиранттар мен ғылыми-зерттеу негізінде жан-жақты оқытуға көшкен ерте американдық жеке жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Орталығы Бостонның Кембриджінде орналасқан. Медициналық және бизнес мектеп Кембридж қаласында.
Токио университеті
Жапонияның бірінші ұлттық университеті – Токио университеті (1877). Жапония ең жоғары институт ретінде танылған Азиядағы ең көне университеттің бірі. Бүкіл әлем бойынша Азиядағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Оның негізі Мэйдзи кезеңде қаланып, алғашқыда Токино ашық мектептер мен медициналық мектебі құрылған.