Сарысулық ұстаздар Астанадан жүлдемен оралды

Республикалық байқауға ауданнан, облыстан бірінші дәрежелі дипломды жеңіп алған Ж.Отарбаев атындағы орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Кенжекүл Абдуллаева, бастауыш сынып мұғалімі Лаззат Сатмахановалар қатысып, білімдерін сынға салды.
Байқау қорытындысында екеуі де ұлағатты ұстаз екендігін танытып, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің ІІІ дәрежелі дипломымен және «Дарын» республикалық Ғылыми-практикалық орталығының сертификатымен марапатталды.