kz ru
Ресми ақпараттық ғылыми-әдістемелік сайт

Тағылым

Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал
Басты жаңалық
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
http://edunews.kz/
Баннер 250х225

Соңғы мақалалар

Қазақ тілінің алғыры

 Бибігүл Кучибекова,  Тараз қаласы №42 орта  мектебінің...

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің...

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына...

Үздік педагог

Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Толығырақ

Білім және ғылым жаңалықтары

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген...

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі толық шешіледі
 ОҚО-да алдағы үш жылда апатты...

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы мамандықты тегін меңгереді
Оқуға түсе алмай қалған түлектер...

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Баннер 250х310

Мектептегі іс-тәжірибе

Мектептегі іс-тәжірибеЖамбыл облысы,Талас ауданы,
Қаратау қаласы,
М.О. Әуезов атындағы орта мектеп,
физика пәні мұғалімі
Абдираманова Қазипа Тулегеновна .
                                 Мектептегі іс-тәжірибе.
Қазіргі ақпараттық қоғамда табыспен өмір сүру үшін, сындарлы оқытудың тиімді тәсілдеріне тартылулары қажет. Оқуды дербестендіру және даралау қажеттігі күн санап өсуде, ал оқушылардың топтарына инклюзивті және сезімталдықпен білім алуға мүмкіндік береді. (МАН). Осындай түбегейлі өзгерістерді енгізу үшін мұғалімнің рөлі өзгеше болады. (Саймон Синектің 2009- алтын шеңберінде )неге – мектепке өзгеріс енгізу қажеттігін дәйектеп, оны басқару үдерісін білдіреді. Мектеп көшбасшылары өзгерістерді не үшін енгізіп отырғанын жетік біліп, оны өз командасының барлық мүшелеріне жеткізуі тиіс.( Коучинг,тәлімгерлік)Ал неге деген сұраққа жауап беру үшін оқыту және оқушылар туралы жан-жақты, терең білімнің болуын қамтамасыз етеді. Әрбір көшбасшы бұл тәсілдерді енгізу үшін қалай жасау керек екенін түсінеді. Ал бұл сұраққа жауап беріп қана қоймай мектепке нені енгізу қажет, қалай жасаймыз, не істеу керек деген сұрақтар көлемінде ойлансам ,төмендегідей . 
Ең бірінші қазіргі басқарушы әкімшілік мүшелері «Кембридж тәсілінің, теориялық негіздері» курстарынан өтсе. Себебі, иерархиялық басқару жағдайы тамыры тереңге жайылып кеткен. Ал көшбасшы директор немесе әкімшілік мүшелерінен басқа, қарапайым мұғалімдер де бола алады. Яғни зерттеулер, салыстырулар көрсеткендей, мемлекетаралық өзара тәжірибе алмасу дәлелдегендей өз мемлекетімізге өзгертулер аса қажет ол адамның, құзырлылығына және оқушының, мұғалімнің қабілетін дамытып; оқушылардың функционалдық сауаттылығын, есептеу дағдыларын арттыу үшін әдістемелер өте керек. Ал басты тәсілдің негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қана қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне назар аудару болып табылады. (МАН) 
Әлемдік тәжірибеде зерттеулер көрсеткендей – білім беруді жаңарту үнемі алға қарай жүру; ал алға қарай дамып, өзгерту үшін, яғни реформа жүргізу үшін кезең-кезеңімен болатын мектеп құрылымындағы түрлі дамуды зерделеу, зерттеу болып табылады. Мұғалімдер өздері түсініп барып, өзгеріс енгізеді. Өзі түсінбей ештеңеге қол жеткізе алмайды. (Саймон Синек алтын шеңбері). Ағайынды Райттардың қалай жетістікке жеткенін өз теориясында дәлелдеп берді. Сұрақтарды өзіне дұрыс қойып, дұрыс жауап алған адам үлкен жетістікке жетеді. 
Бұл жағынан мұғалім өзі дамымаса өзгеріс әкелуі мүмкін емес. Ал бұған мектептің психологиялық және әлеуметтік жағдайлары бірден-бір кедергі болып табылады. Енді осы өзгерістерді мектепке енгізу үшін алдыма қандай мақсат қойдым дегенге келсек. Ол ең алдымен сыныптағы іс-әрекеттерді дамыту арқылы өзі де өседі. «Өзім үйрете жүріп үйренем» (Сенека) дегендей-мұғалім өзіне қажетті жұмыс көздерінің «ресурсы» ретінде өз бойындағы жақсы дағдыларын жетілдіру керек..  
Ал желілік қоғамдастық ашу ,аясын кеңейту мен зерттеу сабақтарын енгізу мен үшін мектепке енгізілетін өзгерістің ең бірінші тәсілі болып табылады. 
Осы жоспардағы іс-шараны жүргізіп, қолданып, түрлі кедергілерге ұшырасам да нәтижелі болды деп ойлаймын . Негізгі мақсатым мектептегі дамыту жоспарына –өзгеріс енгізу, әріптестермен ынтымақтастықта оқу ортасын құру , жүргізу, жоспарлауға үлес қосу .Өз әріптестерімнің тәжірибесін жетілдіру, зерттеу сабақтарын жоспарлау (Lesson Study), өткізуге ықпал жасау мақсатында оларды оқыту және тәлімгерлік ету .Желілік қоғамдастық ашуға , дамытуға қалыптастыру және ашу.
Өзгеріс дегеніміз – жаңа тәсілдер.Диалогтік оқытуды  топтық жұмыс жасау кезінде  қолдана білу.  Бұл  тәсіл   сабақтың жоғары дәрежеде өтуіне үлкен көмегін тигізді деп ойлаймын.  Оқытуда  диалогтік оқытуды  топтық жұмыста  қолдану оқушы назарын жаңа сабаққа аударуда, қызығушылықтарын арттыруда, ынтымақтастық қалыптастыруда маңызды .Бұл тақырыпта коучингті үшінші деңгейді оқыған орыс тілі пәнінің мұғалімі Әбдіқадірова Ләззат пен ағылшын пәнінің мұғалімі Есіркепова Өрік жүргізді.  Осы коучингтен кейін мұғалімдер диалогтік оқытуды өз сабақтарында пайдаланатындай ақпарат берілді.Мектептегі практиканың алғашқы кезінде сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін алғашқы сабақтарға қатысып, бақылау жүргіздім.Диалогтік әдісі мен топқа бөлу әдісін мұғалімдер бұрын-соңды сабақтарында қолданып жүрген, бірақ тек ашық сабақтар өткізгенде сыныпты топқа бөліп, сабақтарын  сайыс түрінде өткізіп жүрді. Жарыс түрінде болғандықтан, оқушылар арасында бәсекелестік туындайтын еді. Ал, Бағдарламадағы жаңа әдіс – тәсілді пайдаланып топпен жұмыс жүргізгенде  ондай келеңсіздік кездескен жоқ.Диалогтік оқытуда топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырады. Екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Үшіншіден, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды. Төртіншіден зерттеушілік қабілетін арттырады.Бесіншіден  сауатты сөйлеу дағдыларын дамытады.Бұл әдіс сонымен қатар топ болып ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауға,ойын еркін ортаға салуға, бірінен- бірі үйренуге септігін тигізді. 
Сонымен қоса  LESSON STADY зерттеу сабақтарын өткіздім.
Алғашында төрт пән мұғалімі бірігіп, топ құрдық .Өз пәнім бойынша орта мерзімді жоспар мен төрт сабаққа арналған қысқа мерзімді жоспарды сол күндерге сәйкес жоспарладым.Бұл сабақтарда мұғалімдер жеті модульді ықпалдастыруға тырысты.
Үдеріске  8 «а» сынып  оқушылары  қатысты.  Зерттеу сабағында   жаңа тәсілдерді пайдалану кезінде қалай өзгеріске ұшырайтынын байқау үшін ,оқушылардың оқуына көңіл аудардық. Жоспарға сай  зерттеуге қатысатын үш  оқушыны  Нгуен Туань-ань (жақсы)-Мәдібекова Гүлшат  , Шәмшібек Нұрхан (нашар)-Икматова Ләззат , Піралиева Ұлбаланы  ( өте жақсы  оқитын) -Ғалия Сесенбаева.Жоспарланған төрт сабақта  бақылап отырдық. Оқушылар жаңа тақырыпты өз беттерімен оқып үйреніп,үйренгендерін  топ  ішінде талқылады.Топпен  бірлесіп  кесте толтырып ,деңгейлік тапсырмаларды орындап , электронды оқулықтан көрген видеоларын постерге түсіріп , презентация жасау кезінде ынтымақтастықпен жұмыс жүргізді.Бұл тапсырмалардың  сыныпта орындайтын әдеттегі жаттығулардан айырмашылығы оқушылар ынтымақтастықта жұмыс жасайды,негізінен барлық оқушылар бақылауда болғанымен ,негізгі мұқият қадағаланатын үш оқушы.
Зерттеуге қатысқан  төрт әріптестерім өткізген  сабақтарында   интерактивті тақтаны, актив студионы, электронды оқулықтарды ,  оқулықтан тыс мәліметтерді -фотосуреттерді көрсетті. Оқушылар  көптеген  мағлұматтар  алып , пәнге деген қызығушылығы артты. Оқушы  оқу үдерісіне мұғаліммен бірге араласып отырды. Сабақтан кейін үш оқушымен әрдайым сұхбат жүргізілді.. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша  жаттығулар мен тапсырмаларды орындап, тестілер шешіп, семантикалық карталар және сызбалармен жұмыс жасады.Тіпті өзінің және сыныптас достарының білімін бағалауда да өз үлесін қоса алды. Ол үшін бағалау критерийлеріне сүйене отырып, топпен, жұппен немесе жеке жауап берген балалардың еңбегін формативті бағалау оқушының әрі қарай ынталанып оқуы үшін үлкен ықпал етеді. Сабақта  интернеттен  алған  ресурстар , электронды оқулықтар, демонстрациялар пайдаланылды . Әдетте тек ашық сабақ кезінде ғана презентациялар қолданылса ,зерттеуге қатысқан әріптестерім өткізген  сабақтарда электронды оқулықтағы дыбыс ,анимация  арқылы жаңа сабақтың түсіндірілуі, топтық жұмыс жасау кезінде де қолдану оқушылардың қызығушылығын арттырды. Мұғалім берілген сұрақтарға  дайын  жауап беруге ұмтылмай , оларға шәкірттердің жауап беруіне оңтайлы жағдай жасады.
Нәтижесі таңғаларлық!  Оқушылар  мен  күткеннен де артық әсер алды.
Өз  ойларын  жарыса  айтып, қызу пікірталас тудыра алды. Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алды.  Сабақта  «үнсіз»  оқушылар   сөйлеп кетті .
Бағдарламаның негізгі идеясы оқушыларды зерттеу кезінде  ойлаудың жаңа тәсілдерін ұсынып, сыныптағы жұмысқа  жаңа әдістерді енгізу, оқушылардың білік-білім дағдыларын , арттыру, өзара тәжірибе алмасу.
Бұл бағдарламаның басты ерекшелігі – оқушылар ынтымақтаса отырып, жұмыс істейді. Сондай-ақ бұрынғыдай мұғалім түсіндірмейді, тек бағыт береді. Ал оқушы өзі ізденеді және сабақ үстінде тақырыпты бір-біріне түсіндіреді.. Зерттеуге қатысқан  төрт мұғалімнің тоғыз  сабағын  суретке түсірдім. Әсіресе сыныптың топ болып жұмыс істегенін ,бақылауға алынған оқушылардың сабақ барысына қатысуын , АКТ құралдарын қолдану кезін , оқушылардың сұрақтарға жауап беру кезі бейнежазбаға , суретке түсірілді.
Бақылау  жүргізу  кезінде үш оқушының   оқуы туралы  ақпарат алу үшін 
«Сабақта  іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлау» ресурсын басшылыққа ала отырып «Деректер жинауды жоспарлау»ресурс парағын толтырып отырдым. Оқушылардан  cабақты  бағалауды  аяқтау үшін балалардың  өз ойларын ортаға салып ашық айтуын сұрап сұхбат алдым. Олардан сабақтың ұтымды жерлері қандай болды , сабақта қандай әрекеттер атқардыңыз, топ жұмысы қандай деңгейде өткендігі туралы сұхбат  алынды . Нәтижесінде оқушыларға топпен ынтымақтаса отырып  жаңа білімді игерген және АКТ құралдарын пайдаланып өткізілген сабақтар ұнайтыны анықталды. 
Өзін-өзі реттеу әдісі  оқушылардың өздері топтық ереже  құрып, оны бұзбауға әрекет еткендерінен, белсенділіктерінен, «үнсіз» оқушының сөйлегенінен , топтағы өздерінің  рөлдерін  жауапкершілікпен  орындағанынан  көрініп  жатты. Әсіресе сабақта үндемей отыратын  үлгерімі  төмен  Нұрханның  сабаққа белсене араласқаны , бағалау кезінде ойын нақты жеткізе алғаны  барлығын таңқалдырды. Негізінде мінезі тұйық болғанмен  Нұрхан  жаңа сабақты өздігінен  оқып ,түсінгенін суретпен түсіндіруге тырысты. Өз ойын сурет арқылы жақсы жеткізе алмағанымен, тақырыпты түсіндіруге тырысты.
 Ал үлгерімі орташа Нгуен  жаңа  әдіспен өткізілген барлық сабақта  берілген тапсырманы жақсы орындап , тіпті физика сабағында топ жетекшісі болып , беделі артып, өз тобын  ұйымдастыра алды.
 Бүгінгі таңдағы оқыту үдерісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім  өз іс-тәжірибесінде  көптеген  қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Әрбір  сабаққа жоспар құрар алдында алдымен ойланып алуы қажет: « Менің  оқушыларым  не істей алады ?Мен нені жасауым қажет ,қалай жасасам оқушының білімін артырамын және не істеу керек деп »  . 
Бұл  жаңа  зерттеу сабағының    артықшылығы оқушылардың білім деңгейін сатылай көтеру,  мұғалімдер бірлесе  жоспар құрып ,  жұмыс  жасайды .
Жаңа зерттеу сабақтарын пайдаланып,жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып,ақпараттық технологияларды қолданып оқушылардың білім сапасын арттыру заман , уақыт талабы . 
Әрбір мұғалімді педагогикалық  зерттеуге тартуға болады.
Зерттеу сабақтарының   соңында оқушылармен болған сұхбаттан байқағаным балалар өздеріне сенімді , керемет сезімде болғандарын айтып ойларын ашық ортаға салды .
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.МАН  Мұғалімдерге арналған нұсқулық.
2.Саймон Синек «Алтын шеңбер»

Мерзімі:
Просмотров: 5 737
Ұқсас мақалалар:
ОҚЫТУДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ

ОҚЫТУДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ

Қызылорда облысы  Сырдария ауданы,Ақжарма ауылы №130 Абай орта мектебінің география пәнінің мұғалімі  Әлжанова Айнұр Оңғарбайқызы 
       ...
Хорватия оқушылары 3 кезең бойынша білім алады

Хорватия оқушылары 3 кезең бойынша білім алады

Әлемдегі барлық бала білім алып, үйренуге құқылы. Дегенмен әр елдің танымына, қоғамдық жағдайына байланысты оқу жүйесі әртүрлі болары анық. Мысалы Хорватияда оқушылар оқу жылы барысында дәстүрлі бағамен бағаланса, жыл соңында өзгеше бағаланады,-деп...

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Қоғамдағы әлеуметтік — экономикалық өзгерістер білімді, алған білімін практикада...
Жамбылдық ұстаз «Алтын диск» байқауында жүлдегер атанды

Жамбылдық ұстаз «Алтын диск» байқауында жүлдегер атанды

«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің...
Хорватия оқушылары 3 кезең бойынша білім алады

Хорватия оқушылары 3 кезең бойынша білім алады

Әлемдегі барлық бала білім алып, үйренуге құқылы...
Пікір: 0
Пікір қосу