Қол, дене, аяққа арналған жаттығулар
Гульмира Жакыпова,
Ж.Жабаев атындағы №234 мектептің түзету сынып мұғалімі,
Қазалы ауданы, Қызылорда облысы
Қол, дене, аяққа арналған жаттығулар
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Сыныпқа саппен кіру,жаттығу жасау, сәлемдесу, 1,2 реттік санмен бөліну.
Бүгін қандай сабақ балалар? - түзету ырғақ сабағы
Бәріміз бірге қайталаймыз – бүгін түзету ырғақ сабағы
Өте жақсы жарайсыңдар!
ІІ. Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішігеде сіз,
Құрметпенен сіздерге
Бас иеміз біз.
Жоғары қарап күн көрдім,
Төмен қарап жер көрдім
Егеменді ел көрдім
-Өте жақсы балалар
ІІІ.Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабағымыз: Қол, дене, аяққа арналған жаттығулар
Сабағымызды қандай жаттығумен бастаймыз?
-дене тұлғасын жақсартуға арналған жаттығумен
ІҮ. Дене тұлғасын жақсартуға арналған жаттығулар.
-Қолымыз белде
-Сап түзеп тұрып, оңға, солға бұрылуды бірнеше рет қайталап жаттықтыру.
-Қолды алға созып қайшылау.
-Қолды, тізені бүкпей екі аяқтың ұшына жеткізу.
–Қолдар белде, бір орында тұрып секіру.
-Басты оңға, солға бұру.
-Қолды жанға созып жұдырық түйілген күйі бір иіп, бір жазу
Ү.Тыныс алу жаттығуы
Қолымызды көтеріп дем аламыз. Тыныс шығара қолымызды бір мезгілде төмен түсіреміз.
ҮІ. Кеңстікті бағдарлауға арналған жаттығулар
- Тізені сәл бүгіңдер
Қолды артқа ұстаңдар
Алға мойын созыңдар
Қазға қәне ұқсаңдар. Га-га-га.
(мойнын созып, қаз сияқты жүреді.)
-Көңілді қоңыз ұшады. Ж-ж-ж.
(қолдарын «қанат» сияқты қағады.)
- Екі қолын белге қойып,
Үйрек шықты шалғынға. Кря-кря-кря. (теңселіп жүреді.)
Суда қамыс шулады, Ш-ш-ш. (қолды төмен жіберіп теңселтеді.)
-Тағы да тыныштық орнады. Ш-ш-ш. (жүрелеп отырады.)
-Мінекей күнде шықты. Жоғары-жоғары-жоғары. (қолды жоғары көтереміз.)
- Қолды белге қойып, аяқ ұшымен жүру.
Тақылдатпа таяқты,
Ақырын бас аяқты,
Жай-жай-жай.
-Өкшемен жүру.
Айтқан кезде өлеңді,
Қатты басқын еденді.
Тарс-тарс-тарс.
-Жыланша жүру
Көк құстың артынан,
Көк құстың артынан,
Көк құстың артынан,
Жүреміз ұзын керуендей.
ҮІІ. Жалаушалар ойыны.
Көгілдір жалауша-шапалақтау.
Жасыл жалауша-тебіну.
Сары жалауша-үндемеу.
Қызыл жалауша-«алақай!»деп айқайлау
ҮІІІ. Эмоциялық тренинг «Қояндар» ойынын ойнаймыз
(музыка ойналады)
Ол үшін біз бір мезгілге қоян болайық.
Қазір сендер күліп жатқан қоянды көрсетіңдер.
-енді секіріп жатқан қояндарды
-ал енді жылап жатқан қояндарды.
-өлең айтып жатқан қояндарды көрсетіңдер
ІХ.Ырғақты гимнастикалық жаттығулар.
( - Шеңбер құрып,шеңбер бойымен жүру.)
Дөңгелегі дөңгелеп,
Біздің поезд келеді.
Балаларды алысқа,
Апарғысы келеді.
Гу-гу, Гу-гу, Гу-гу,
Жүгіреді паравоз.
Балаларды алысқа,
Апарады паравоз.
Гу-гу, Гу-гу, Гу-гу.
Х. «Айдаһар» ойыны
Балалар айдаһардың басы, денесі, құйрығы болады. Бір оқушы айдаһардың басы болады, қалғанымыз денесі, соңғы оқушы құйрығы болады. Бір-біріңнің белдеріңнен ұстап шеңбер бойынша жүреміз. Балалар айдаһардың денесі бөлінбейді. Айдаһардың басы құйрығына жетіп, оған қолын тигізуі тиіс. Басы құйрығын ұстаса ол енді құйрық ролінде болады. Ойын әрбір ойыншы екі рольде болғанша жалғасады.
ХІ. «Толқын» жаттығуы лентамен.
Оң қолмен лентаны кезек-кезек жоғары-төмен тербете қимыл жасау.
Шеңбер болып айналып, музыка әуеніне қосылып, ленталармен әр-түрлі қимылдар жасау.
ХІІ.Релаксация «Толқын үстінде тербелеміз»
Шаршағанмызды басып, балалар жерге жатып теңіздің дыбысын тыңдаймыз. Көзімізді жұмамыз. Теңіз бетінде су толқыны біздерді тербелеп жатыр...
Мейірімді дельфиндер мен балықтар қасымызда жүр...
Аспанда ұшып жүрген ақ шағалалар шаңқылдап жүр...
Дельфиндердің дауыстары да естіледі
ХІІІ. Керемет тілек жорығы.
-Оқушылар шеңбер жасап тұрып, допты кезек-кезек бір-біріне лақтырып, жылы лебіздерін білдіреді.
- Аспанымыз ашық болсын!
- Еліміз тыныш болсын!
- Денміз сау болсын!
- Дұшпанымыз жоқ болсын! т.б.
ХІІ.Қорытындылау
Балалар бүгінгі сабақта - Не ұнады? Не ұнамады?
Балалар бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар.
Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.
Оқушылар сап түзеп, сыныптан саппен шығарылады.