Бейімбет Майлин. «Күлпаш»
Гүлнұр Турпанова,
Ораз Жандосов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Шу ауданы, Жам
был облысы
Бейімбет Майлин. «Күлпаш»
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Бейімбет Майлин
жайлы айта келіп, қазақ халқының аштық, кедейлік өмірімен таныстыру, түсініп
оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;
2. Сөйлемді дұрыс құруға, ойлау,
ойын тиянақтап жеткізе білуге
дағдыландыру;
3. Елінің тарихын, өткенін
сыйлауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі:
сұрақ-жауап, түсіндіріп, баяндау.
Көрнекілігі:
суреттер топтамасы, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық.
Алақан» жаттығуы.
- Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің
жылуын беріңдер.
Үй тапсырмасын пысықтау: .1. «Азаттық жолында » мәтінін саханалау.
1. Сұрақ жауап арқылы пысықтау.
1. Тоқаш Бокин не үшін күрескен адам?
2.Түрмеде оған қандай айып тағылды?
3.Айыптау қорытындысы не болды деп ойлайсың?
4. Тоқашқа жолығуға кім келді?
5.Ол анасына не айтты?
Үй тапсырмасын пысықтау: 1.Тоқаштың қолына кісен салып, көшеге алып шыққанда, халық не деп аяныш білдірді. 2.Топ ішінен
кім жылады? 3.Ол кім еді?
ІІ.Мақсат қою кезеңі:1.Сабақтың мақсатын,тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа
сабаққа даярлық.
Суреттер
топтамасын пайдаланып Бейімбет Майлин өмірімен танысу.Әңгіме құру.
ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Түсініп оқы.(балалардың есіне.)
-Балалар
мына суреттегі кім?Бұл жайлы не
білесіңдер?
ақын Уфадағы «Ғалия медресі»
Бейімбет
Майлин
Әңгіме
жаңырының
шығармалар жинағы
шебері
«Садақ» қолжазба журналы.
1915ж. жарық көрген
Мұғалім сөзі.
1930-1932 жылдары Қазақстан халқының алты миллионнан
асқан болса, соның екі миллионнан астамы
аштықтан қырылды.
Б.Майлин мынандай өлеңі шумағын оқып берейін.
Жырлағаным- кедейдің жыры,
Сырлағаным - кедейдің сыры.
Сырым да бір, жырымда бір
Мен дағы сол кедейдің бірі.
-Осы өлеңде не туралы айтылған?
-Кедейлік ,мен де сол
кедейдің бірімін делінген.
-Дұрыс айтасыңдар,
алаш болса Бейімбет Майлиннің «Күлпаш»
атты мәтінімен танысамыз.
Мәтінді үш бөлікке
бөлеміз.
І-топ бірінші бөлімді
оқып танысамыз.
ІІ- топ екінші
бөлімді оқимыз.
ІІІ- топ үшінші
бөлімді оқып танысамыз.
Әр топтан бір
оқушыдан шығып оқыған
бөлімімізді әңгімелейміз.
Дәптермен жұмыс.
Өрім- өрім - тозған,
жыртылған.
Бөкебай- басқа жамылатын
шәлі.
Ызғырық- суық жел
Өлмелі кедей- өте
кедей.
Топтық жұмыс.
-Ел басынан өткен бұл
әңгімедегі оқиға қай кезеңде болған?
-Қали мен Күлпаш Мақтымның
келгенін неге асыға күтеді?
Мақтым мен Күлпаш неге жылады?
І .Топтың жауабын , келесі топтар
бағалап отырады (бас бармақ
арқылы)
ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: «Бәрі де шықпа, жаным, шықпа» дегенді қалай түсінесің? Олардың тұрмыс
жағдайы саған қалай әсер етті?
Ү. Қорытындылау: Суретпен жұмыс: (топтық жұмыс)
Тақтадағы ілулі тұрған суретке қарай отырып, мәтіндегі қою
қарамен жазылған сөздерді пайдаланып , әңгіме құрастыр.
Теріп оқу: Қарамен неге жазылды деп ойлайсың?
ҮІ Бекіту.
«Алма
ағашына » бүгінгі өтілген сабақтан алған
пікірін жазып іледі.
ҮІІ. Бағалау.
Бағдаршамның
үш көзін пайдалана отырып
оқушылардың білімін бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма : Б.Майлиннің «Күлпаш»
әңгімесін оқыпкелу.Қазақ халқының
аштықта болуының себебі неде?Үлкендерден
сұрап біліп келу.