Оксфорд университетінің профессоры қазақстандықтарға халықаралық білім беру мәселелері туралы айтып береді

Ғылым докторы Марк Цумбуль Оксфорд университетінің қазіргі тілдер факультетінде дәріс оқиды. Кембридж университетін бітірген. Глазго университетінде магистр және ғылым докторы атағына ие болған. Манчестер университетінде және Дублиндегі Тринити-колледжде жұмыс жасады, онда оқытушылық қызмет атқарып, зерттеу жұмыстарымен айналысты. Қазір Оксфордта EF Academy-де мектептегі кәсіптік бағдарлау комиссиясының жетекшісі.
Ғалымның дәрістері 17 ақпанда Алматыда, 18 ақпанда Астанада өтеді.