Сиқырлы әріптер
Павлодар облысы Ақсу қаласы
Толеуова Анаргуль Қанагатовна
2 санатты тәрбиеші
Бөлімі : Сауат ашу
Тақырыбы : «Сиқырлы әріптер»
Мақсаты :
Білімділік : Өткен әріптерді қайталау ерекшілігіне қарай дыбыстың дауысты дыбыс екенін айту.
Дамытушылық: Түрлі тапсырмаларды орындату арқылы логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, өтілген әріптерді қосып оқуға үйрету.
Тәрбиелік : Ой-өрістерін дамыта отырып қызығушылыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктер : Әр баланың алдындағы қорапта көк, қызыл дөңгелектер
Сөздік жұмыс : Үкі ,доп,мысық
Іс -әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс -әрекеті |
Балалрдың іс-әрекеті |
Мотиватциялық қозғаушылық |
Жылулық шеңбері Қуанамыз күлеміз, Бар әлемді сүйеміз. Қол ұстасып қуанып, Достармен бірге жүреміз !
|
Балалар қайталайды Қимылдар арқылы қолдарын ұстайды |
Ұйымдастыру Іздестіру
Рефлексивтік түзетушілік |
- Қазір қандай жыл мезгілі ? - Бір жылда неше мезгіл бар? -Олар қандай ? - Бір аптада неше күн бар ? - Оларды атап беріңдерші ? - Бірінші күн апта қалай аталады?
Балалар қазір өткен әріптерді еске түсірейік? - Өте тамаша дұрыс айтыңдар Қазір сендерге әріп пен дыбыстар туралы әнгіме айтамын. Әріптер бір-бірімен ренжісіп қалыпты бірақ біз оларды достартыруымыз керек Ол үшін,берілген тапсырманы орындау керек. Веен диограммасы бойынша тапсырмаларды орындаймыз
Келесі тапсырма : Дыбыстық талдау Тәрбиеші көмегімен «доп» «үкі» «гүл» сөзіне бір бала тақтада,қалған балалар өз орындарында отырып дыбыстық талдау жасайды
Сергіту сәті : Қарлығашқа ұқсайық , Қане қанат жасайық. Қарлығаш болып ұшайық Ұшып-ұшып алайық
Ойын : «Кім жылдам сөйлем құрайды? Модуль бойынша балалар сөйлем құрайтырады
Тіл ұстарту жаттығуы. Ыз-ыз-ыз Анар сүйкімді қыз Та-та-та Ата берші бата Үз-үз-үз Суда еркін жүз
Қорытынды Дыбыстарға талдау жасадық па ? сұраққа жауап беру Жақсы қатысқан балаларды мадақтап сыйлықтар беру |
күз мезгілі төрт жыл мезгілі бар күз,қыс, көктем,жаз жеті күн бар дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі, бейсенбі ,жума ,сенбі жексенбі
дүйсенбі
А,Ә,Б,Г,Ғ,Ж,О,Ө,Е.
Балалар мұқият тыңдайды
Балалар орындарында отырып мұқият тапсырманы орындайды
Балалар берілген талдау сөздерін орындарында отырып орындайды «доп» «үкі» «гүл» сөздеріне дыбыстық талдау жасайды
Балалар өлең жолдарын қайталап қимыл –қозғалыстар жасайды
Сөйлемді тез жылдам айтады
Тәрбиешімен бірге қайталап тілдерін жаттықтырады
Балалар сұрақтарға жауап береді.
|
Күтілетін нәтіже :
Нені білу керек : Дыбысты анық айтып сөзге дыбыстық талдау жасауды
Нені игереді: Әріп пен дыбыстардың айырмашылығын
Нені меңгерді : Дыбыстарды айту кезеңдегі тілдің қалапын анықтап айтуды.