kz ru
Ресми ақпараттық ғылыми-әдістемелік сайт

Тағылым

Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал
Басты жаңалық
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
http://edunews.kz/
Баннер 250х225

Соңғы мақалалар

Қазақ тілінің алғыры

 Бибігүл Кучибекова,  Тараз қаласы №42 орта  мектебінің...

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің...

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына...

Үздік педагог

Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Толығырақ

Білім және ғылым жаңалықтары

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген...

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі толық шешіледі
 ОҚО-да алдағы үш жылда апатты...

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы мамандықты тегін меңгереді
Оқуға түсе алмай қалған түлектер...

Күнтізбе

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Баннер 250х310
» » «Кім білгір, кім алғыр?» сайысы

«Кім білгір, кім алғыр?» сайысы


Зауреш Сатылганова,

Ю.Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі,

Байзақ ауданы, Жамбыл облысы

 

 

                            «Кім білгір, кім алғыр?» сайысы


Сабақтың мақсаты:    

Білімділік: Оқушылардың әр пәндер бойынша білім қабілеттерін тексеру,

ойларын тез, сауатты айта білуге дағдыландыру.

Дамытушылық:  Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін, қолдың ұсақ

маторикасын дамыту.

Тәрбиелік:   Оқушыларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  слайд

Сабақтың түрі:  Сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі:  Сұрақ – жауап

Пән аралық байланысы: математика, ана тілі.

Сабақтың барысы:

               І.Ұйымдастыру кезеңі.

     Балаларды сайысқа дайындау.

              ІІ. Негізгі  бөлім

Мұғалім:

Құрметті ұстаздар, оқушылар «Кім білгір,кім алғыр?» сайысына қош келіпсіз-дер!  Сайыста 4 «Ә» сынып оқушылары екі топқа бөлініп өз білімдерін көрсе-теді. Сайысты бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

Сайыста бақсыналар, бапсыналар,

Бас жүлдені білімді, тапқыралар.

Кім білімді, кім тапқыр шешу қиын,

Қазылар алқасы болма санық сыналар, — дегендей, кезкелген сайыс бағалануы тиіс. Осының ара жігін ажырататын – қазылар алқасы. Ендеше әділ қазылары-мызды сайлап алайық.

Жүргізуші:

Бірінші сайысымызды бастамас бұрын, сайысымыздың шартымен таныстырып өтейін. Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.

Сайыстың шарты:

1. «Сәлем сөздің анасы» (таныстыру төрт жол өлеңмен)

2. «Бәйге» (ауызша сұрақтарға жауап  беру)

3. «Өлең сөздің  патшасы» (мәнерлеп өлеңді жатқа айту)

4. «Ертегі есеп» (ертегі бойынша есептер шығару)

5.  «Кім білгір?» (топ басшыларына сұрақтар)

Жүргізуші:

Әрқашан білімнен қашпаймыз,

Білімсіз шуақ нұр шашпаймыз.

"Кішкентай зияткер” атанып,

Ал енді  сайысты  бастаймыз.

Жүргізуші:

«Сәлем  сөздің  анасы» таныстыру бөліміне кезек  береміз.

Ұрпақсыз  мына  өмірде  кім түледі?

Жақсы ұрпақ – еліміздің шын  тірегі.

Ортаға  шығып  таныстырсын  өздерін,

Білімді  ұрпақ  елімнің жас  түлегі, — деп  оқушылар өздерін  таныстырсын.

1- топ «Ойшылдар» тобының   таныстыруын  тыңдайық.

2- топ «Алғырлар» тобының таныстыруын  тыңдайық.

Жүргізуші:

 Екінші кезеңіміз «Бәйге» бөлімін бастаймыз. «Ұшқыр ой – жылдам жауап» деп балалар 10сұраққа жауап береді, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

1- топ «Ойшылдар» тобына

1. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсан)

2.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (42 әріп)

3. Білім күні қай айда? (қыркүйек)

4. Тұңғыш мектеп ашқан кім? (Ыбырай Алтынсарин)

5. Абай Құнанбаев кім? (қазақтың ұлы ақыны)

6. Тіл мерекесі қашан тойланады? (22 қыркүйек)

7. Қазақстан Республикасының астанасы қайқала ? (Астана)

8. Рәміздерді ата (ту,әнұран, елтаңба)

9. Бес дұшпанды ата (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

10. Қазіргі «Ана тілі» оқулығы қайбаспадан шыққан ? (Алматыкітап)

2- топ «Алғырлар» тобына

1. Біз қай мемілекетте тұрамыз? (Қазақстан Республикасы)

2. «Кел, балалар, оқылық» кімнің өлеңі? (Ы.Алтынсарин)

3. Тұңғыш әліппе оқулығын жазғанк ім? (А. Байтұрсынов)

4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі? (қазақ тілі)

5. Өлең жазатын адам кім? (ақын)

6. Бес асыл істі ата (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым)

7. Төрт түлікті ата (қой,түйе, сиыр, жылқы)

8. Ең асылжан кім? (ана)

9. Наурыз айында қандай мереке тойланады? (аналар мерекесі, қазақтың жаңа жылы)

10. Әнұран авторлары ната: ( Сөзі: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев Әні: Ш.Қалдаяқов)

Жүргізуші:

Келесі бөліміміз «Өлең сөздіңпатшасы» деп аталады. Бұл бөлімде балалар

 өздерінің жаттаған өлеңдерін  мәнерлеп айтып береді. Өлеңнің мәнерлі, жатқа жақсы айтуына қараймыз.

Ана тілім- бәрін айтар шежірем.

Тілсіз нені білдіреалам, не білем?

Ана  тілден  оқып  ақын өлеңін,

Мәнеріне  келтіріп  бір  сөйлер ем. – деп мәнерлеп өлең айту кезегіне береміз.

Ендеше сәттілік тілейік  бүлдіршіндерге!

1- топ «Ойшылдар» тобының өлеңдерін тыңдайық

2- топ «Алғырлар» тобының өлеңдерін тыңдайық

Әділ қазылардан осы бөлімнің бағасын беруін сұраймыз.

Жүргізуші:

«Ертегі есеп»бөліміне де келіп жеттік. Бұл бөлімде ертегі оқылады.

Сол ертегінің ішінде кездесетін сандарды санап отырып жауабын табамыз.

 (ертегі бойынша есептер шығару)

1-топ «Ойшылдар» тобының ертегісі

<!-- [if !supportLists] --> 1)                <!-- [endif] --> Балалар ,біз қасқыр мен түлкі туралы көптеген ертегілер білеміз.

Енді мына ертегіні тыңдаңдар.Бір күні қасқыр мен түлкі бір себет балықты бөліп жемекші болыпты. Сонда қасқыр:   «Түлкі, сен маған қарағанда есепті жақсы шығарасың  ғой, балықтарды сен бөлші», — депті. Сонда қу түлкі қасқырдың аңқаулығын,  есеп шығара алмайтындығын пайдаланып, былай бөліпті. - Біреуі саған, екеуі маған, екеуі саған, екеуі маған, екеуі саған, үшеуі маған, біреуі саған, екеуі маған, біреуі саған, біреуі маған. Қасқырға – 7 балық , өзіне (Түлкі) – 10 балық

2- топ «Алғырлар» тобының ертегісі

Бір күні қасқыр мен түлкі Төле би ауданының Жаңажол ауылында кездесіп

қалыпты. Сонда түлкі айласын асыру үшін:  «Қасқыр, екеуміз бірігіп алма

терейік те, үйге алып қайтайық»,- дейді. Сонда аңқау қасқыр демалмай 10 кг

алма тереді. Ал, қу түлкі әр бұтаның түбінде демалып, ұйықтап, одан 7 кг

алма кем тереді. Қу түлкі мен қасқыр барлығы неше кг алма тереді.

Шешуі: 10-7= 3 кг

10 + 3= 13

Жауабы: барлығы 13 кг алма

Әділ қазылардан осы бөлімнің бағасын беруін сұраймыз.

Жүргізуші:

Әділ қазылардан осы бөлімнің бағасын беруді сұраймыз.

Жүргізуші: Соңғы бөліміміз  «Кім білгір?» (топ басшыларына сұрақтар)

 10 сұрақ беріледі, әрбір сұраққа бір ұпайдан.

Бағындырып ең биік асқарды,

Тылсымына тарататын жастарды.

Ендеше кәнекей назар салайық

Топ басшылар кезеңі басталды.

1- топ «Ойшылдар» тобының топ басшысына

1.Бірлік болмай, (тірлік болмас)

2.1 сағаттанеше минут бар? (60 минут)

3.Төрт түліктің пірін ата? (Түйе пірі – Ойсылқара, жылқы пірі – Қамбарата, сиыр пірі – Зеңгі баба, қой пірі – Шопаната, ешкі пірі – Шекшеката)

4. Жұрнақтың қызметі қандай? (Сөздің мағынасын өзгертеді)

5. Әліппеде ең бірінші тұрған әріп ? (А)

6. Түнде аспанда ұсақ  не көрінеді ? (жұлдыз)

7. Дәптерге немен жазамыз? (қалам)

8. Сенің атаң әкеңе кім? (әке)

9. Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)

10.Жіңішке дауысты дыбыстарды ата (ә,е,ө,ү,і)

2- топ «Алғырлар» тобының топ басшысына

1. Бір жылда неше мезгіл бар? (төрт)

2. Оқусыз білім жоқ, (білімсізкүніңжоқ)

3. Сабақ арасындағы бос уақыт? (үзіліс)

4. Аптаның бірінші күні ? (дүйсенбі)

5.Тақтаға немен жазамыз? (бор)

6. 7 саны неше таңбалы сан ? (бір таңбалы)

7. Кесіндіні немен өлшейміз ? (сызғышпен)

8.5 сағатта неше минут бар? (300)

9.Етістік сөйлем мүшесінде қандай қызмет атқарады? (баяндауыш)

10. Жуан дауысты дыбысты ата (а,о,ы,ұ)

Қорытынды.Жүргізуші:

Білімнің қырларын жүйелеп,

Ғылымның сырын біз ұғайық,

"білгірлер, алғырлар” атанып,

Жеңістің шыңына шығайық.

Әділқазылардан соңғы қорытынды бағаны сұраймыз.

Жүргізуші:

Бүгінгі «Кім білгір, кім алғыр?» атты сайысымыз да өз мәресіне жетті.

Білім – толқын, жатқандай асып – тасып,

Біреу — мығым ,біреулер шалыс басып.

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, — деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

 

 

 

Мерзімі:
Просмотров: 14 861
Ұқсас мақалалар:
Дыбыс сипаттамалары

Дыбыс сипаттамалары

Марат Муртазаев, Ғабиден Мүстафин атындағы №5 қазақ орта мектебінің бірінші санатты физика пәні мұғалімі                                 Дыбыс сипаттамалары  ...
Хорватия оқушылары 3 кезең бойынша білім алады

Хорватия оқушылары 3 кезең бойынша білім алады

Әлемдегі барлық бала білім алып, үйренуге құқылы. Дегенмен әр елдің танымына, қоғамдық жағдайына байланысты оқу жүйесі әртүрлі болары анық. Мысалы Хорватияда оқушылар оқу жылы барысында дәстүрлі бағамен бағаланса, жыл соңында өзгеше бағаланады,-деп...
Қарағандылық студенттер баламалы энергия көзіне қол жеткізді

Қарағандылық студенттер баламалы энергия көзіне қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінің студенттері мен оқытушылары күн электр станциясы арқылы баламалы энергия көзіне қол жеткізді, деп жазады 24.kz....
Жамбыл облысында жекеменшік балабақшаларда 3513 бүлдіршін тәрбиеленуде

Жамбыл облысында жекеменшік балабақшаларда 3513 бүлдіршін тәрбиеленуде

Бүгінгі күні Жамбыл облысында 425 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде (258 балабақша, 167 шағын орталық) 45399 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесі 1-6 жас аралығында 53,3%-ды, 3-6 жас аралығында 75,0%-ды...
Хорватия оқушылары 3 кезең бойынша білім алады

Хорватия оқушылары 3 кезең бойынша білім алады

Әлемдегі барлық бала білім алып, үйренуге құқылы...
Пікір: 0
Пікір қосу