ТарМУ студенті үздік ғылыми жұмысы үшін марапатталды
Ағымдағы жылдың қараша айының 10 күні Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы және жас ғалымдар арасындағы этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісіне арналған I Республикалық ғылыми жұмыстар байқауы өтті.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Тарих» мамандығының магистранты Дидара Серкебаева «Қазақстан халқы бірлігінің шығу тарихы (Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағат деректері бойынша) тақырыбында ғылыми жоба жасап, тақырыптың өзектілігін ашып көрсетті. Өз жұмысында Дидара өңірдегі этностардың тарихы туралы тың деректер келтіре отырып, жан-жақты зерделеді. Өңір тұрғындарының бірлігі мен келісіміне негіз болып отырған тарихи факторларды айқындап, бұған дейін қолданылмаған тарихи деректерді ғылыми айналымға енгізді.
Байқау нәтижесінде Дидара Серкебаева үздік ғылыми жұмысы үшін III дәрежелі дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Жас ғалымдардың зерттеулері сараланған сайыста Қарағанды қаласы облыстық өлкетану мұражайының қызметкері I орынды иеленсе, Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің аға-оқытушысы II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Дидара Серкебаеваның ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., доцент Жанна Сейітқұлова.