kz ru
Ресми ақпараттық ғылыми-әдістемелік сайт

Тағылым

Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал
Басты жаңалық
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
«QAZAQ BILIMI» республикалық педагогикалық журналы мақалалар қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал педагогтардың мақалаларын қабылдайды
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
Асхат Тарғын қырғыздың бетін қайтарған қазақ қызына қайран қалды
http://edunews.kz/
Баннер 250х225

Соңғы мақалалар

Қазақ тілінің алғыры

 Бибігүл Кучибекова,  Тараз қаласы №42 орта  мектебінің...

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті -білім берудің...

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына...

Үздік педагог

Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Кочкарова Жулдыз Туртаевна, география пәні мұғалімі
Толығырақ

Білім және ғылым жаңалықтары

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай

Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген еденді жамай береді?
Мұғалім қашанғы өз ақшасына шіріген...

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі

ОҚО-да алдағы үш жылда апатты мектеп мәселесі толық шешіледі
 ОҚО-да алдағы үш жылда апатты...

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы

Оқуға түсе алмай қалған түлектер алғашқы мамандықты тегін меңгереді
Оқуға түсе алмай қалған түлектер...

Күнтізбе

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Баннер 250х310
» » «Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа жетелеу.

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа жетелеу.

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы баланы шығармашылыққа жетелеу.ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке
Көтерер білімді, білікті, адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет. "Біз тұрғызатын қоғам барды бағалайтын, белсенді, жоғары моральді, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек” – деді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев.  Қазіргі кезде өскелең ұрпаққа тәрбие беруде алға қойған негізгі мақсаттарының бірі – қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашағы – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
             Баланы әдептілікке, сыпайылыққа, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, мәдениеттілікке үйрету – ата-ананың, қоғамның, мектептің ең басты міндеттерінің бірі. Бала қоғамдық ортада өзін әдепті, сыпайы ұстай білуі керек. Балаға кіші күнінен бастап отансүйгіштікке, әдептілікке, мейірімділікке, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа үйрету – адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады. Өскелең ұрпақтың бойына кішіпейілділік, сыпайылық, мейірімділік, жанашырлық, тілектестік, сыйластық сияқты қасиеттерді дарыту, өзін де өзгелерді де қадірлеп, сыйлауға, кешірімді болуға, адамдарға қолынан келгенше көмек көрсетуге үйрету өзін-өзі тану пәнінің міндеттерінің бірі.
Осындай міндет жүктелген ұстаздар мен балалардың арақатынасында ешқандай шектеу болмауы керек. Олардың қарым-қатынасы достық негізде қалануы           керек.
Рухани-адамгершілік тәрбие – дұрыс дағдылар мен әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым – қатынас мәдениетінің тұрақтылығы. Рухани–адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз оқушы өміріндегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіріп, айнала қоршаған адамдар мен кез-келген затқа, жан-жануарларға және экологияға жақсылық тілеп, қайырымдылық жасауға тәрбиелеу. Сондықтан рухани-адамгершілік білімі жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болып табылады.
Жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы – руханилық. Өзін-өзі жетілдіретін тұлға үнемі ізгілік ұстанымдарын өз бойында шыңдап, жетілдіруге ұмтылады.
      «Өзін-өзі тану» пәні сабақтарының ерекшелігі – оқушылардың үнемі қарым-қатынаста болатындығы. Оқушылар өзі туралы, өзінің ішкі ойлары, көзқарасы, кез-келген іс-әрекетке қарсы ойын немесе пікірін білдіре алады.
Өзін-өзі тану бұл тек өзі туралы біліп қана қою емес, қоғамдық-қатынастар жүйесіндегі, адамдар арасындағы өз орнын таба білу, өзін тұлға ретінде сезіну.
Өзін және қоршаған ортаны тану арқылы оқушының жан дүниесін байытып, рухани-адамгершілік білімді халықтық дәстүр арқылы жеткізу. Адамзат өз елінің, халқының мәдениетін сәби шағынан біліп өсуі маңызды. Сондықтан адамның бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеу ең басты міндетіміз.
Оқушыларды қанаттандырып шығармашылыққа жетелеуде өзін-өзі тану пәнінің ықпалы зор. Өйткені бала осы пән арқылы өз қабілеті мен мүмкіншілігін сынап өзіне баға бере алады. Алдына мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында еңбектенеді. Балалардың барлығы қабілетті, тек соның көзін аша білу қажет. Ол үшін ұстаз оқушы үшін сенімді серік, дос бола білуі керек. Талабы бар балаға бағыт-бағдар беріп өз жетістігін көрсетуіне мүмкіндік беруіміз қажет. Ұстаз-екінші анаң, демек оқушы үшін білім ұясындағы ең жақын жан. Оқушының бойындағы шығармашылық қабілетті дұрыс байқап, оны жігерлендіріп, алға ұмтылдыру арқылы оның бойындағы сенімділікті дамытуға болады. Оқушыларды сабақ үстінде ақ шығармашылыққа бағыттауға болады. Мысалы, тақырыпқа байланысты өлең жазу, суреттер салу, шағын әңгімелер құрау,ән айту, билеу, мәнерлеп оқу және актерлық шеберлік. Бұл аталғандардың барлығы да «өзін-өзі тану» пәнінде көрініс тауып келеді. Осы жұмыстарды сабақ үстінде ұйымдастыру арқылы баланың шығармашылық қабілетін оңай анықтауға болады.
 
 Ана
Ана деген ақ жүректі жан асыл
Ананы біз бағалайық 100жыл ғасыр
Бәрібірде ана асыл ана асыл!
 
Эй адамдар ана керек әр адамға,
Анасыз жан болмайды бұл ғаламда
3 әріптен құралған ана сөзі
Жүрегінен әр адамның орын алған
 
Ана деген кең пейілді жүрегі кең
Ана деген шырылдайды жүрегімен
Анамызды ұмытпайық ешқашанда
Анадан асқан ешкім жоқ бұл ғаламда.
Райымбердиев Абылай, 9-сынып оқушысы
 
 
Мамандық
Ақын болсам деймін мен
Бар өлеңді топтаған
Ғалым болсам деймін мен
Жоқ нәрседен бар қылған
Дәрігер болсам деймін мен
Денсаулықты ойлаған
Ұшқыш болсам деймін мен
Бар әлемді шарлаған
Аспаз болсам деймін мен
Бас бармақтан бал тамған
Батыр болсам деймін мен
Өз елімді қорғаған
Әнші болсам деймін мен
Концерт қойып тойлаған.
Тоқтарова Әсем, 4-сынып оқушысы
 
 
«Өзін-өзі тану» пәніне арнау
Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең
Әрқашанда үлкендерге жол берем
Осы пәннен жанашырлық үйреніп
Сүрінгенге сүйеніш боп қол берем.
 
Тілін алып жастың да кәрінің
Ойлап жүрем жақсылығын бәрінің
Өзіңді тану –өмірді тану жас достар
Пән арқылы өзімді өзім таныдым.
Әріпбек Жұлдыз, 5-сынып оқушысы
 
Балнұр Джапарова,
Тараз қаласы Ғани Мұратбаев атындағы № 17 орта мектебінің «өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі


Мерзімі:
Просмотров: 6 223
Ұқсас мақалалар:
Қарағандылық студенттер баламалы энергия көзіне қол жеткізді

Қарағандылық студенттер баламалы энергия көзіне қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінің студенттері мен оқытушылары күн электр станциясы арқылы баламалы энергия көзіне қол жеткізді, деп жазады 24.kz....
Павлодар облысында техникалық және кәсіптік ұйымдарында студенттер тегін оқытуға ауыстырылды

Павлодар облысында техникалық және кәсіптік ұйымдарында студенттер тегін оқытуға ауыстырылды

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев мәлім етті....
Жамбыл облысында жекеменшік балабақшаларда 3513 бүлдіршін тәрбиеленуде

Жамбыл облысында жекеменшік балабақшаларда 3513 бүлдіршін тәрбиеленуде

Бүгінгі күні Жамбыл облысында 425 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде (258 балабақша, 167 шағын орталық) 45399 бала тәрбиеленіп, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесі 1-6 жас аралығында 53,3%-ды, 3-6 жас аралығында 75,0%-ды...
Жамбылдық ұстаз «Алтын диск» байқауында жүлдегер атанды

Жамбылдық ұстаз «Алтын диск» байқауында жүлдегер атанды

«Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің...
Хорватия оқушылары 3 кезең бойынша білім алады

Хорватия оқушылары 3 кезең бойынша білім алады

Әлемдегі барлық бала білім алып, үйренуге құқылы...
Пікір: 0
Пікір қосу