Шет тілін үйренуге бейімділік ми бөліктерінің ерекшелігіне байланысты
Кей адамдарға бір немесе бірнеше тілді үйрену қиындық тудырмаса, кейбіреуі үшін мүлдем қиынға соғатыны жасырын емес,-деп жазадыҚазАқпарат.
Ғалымдар мұның сырын ашуға тырысты. Тіл үйрену қабілеті мидың түрлі бөліктерінің байланысына тікелей байланысты екен.
McGill University мамандары он бес ағылшын тілді адамға 12 апта ішінде француз тілін үйренуді ұсынды.
Ғалымдар сынаққа қатысушылардың миын эксперименттің басынан аяғына дейін МРТ арқылы бақылады.
Сол жарты шарымен (AI / FO) байланысы күштілер француз тілін жылдам үйренген. Ал сөз құрастыруға жауап беретін ми бөлігімен (VWFA) байланысы күштілер оқу жылдамдығы жағынан үздік көрінген.
Мамандар бұл мәселе аяғына дейін зерделенбегенін, алайда эксперимент шет тілін үйренушілерге бағдарлама жасаған кезде септігі тиетінін мәлімдеді.